113
• Тиісті құрылымдық бөлімнің, бүкіл мектептің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіруге
үлес қосады;
• Педагогикалық шеберлік орталығының порталы арқылы виртуалды оқу ортасы
жағдайында Бағдарламаның құрылымдалған қосымша материалдарын белсенді пай-
даланады;
• Мектептің педагогикалық (желілік) қоғамдастығы жағдайында жұмыс істей алады;
• Өз тәжірибесі туралы
ойланады және оны талдай алады;
• Ұсынымдарға қатысты лайықты әрекет етеді;
• Жеке кәсіби
даму аспектілері туралы біледі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады;
• Өз тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін сыныптағы зерттеу жұмысын жүргізеді;
• Мектептегі басқа мұғалімдермен жағымды
кәсіби қарым-қатынас орнатады;
• Мектептегі мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін басқарады және қолдау көрсетеді;
• Әріптестердің оқыту сапасын және қызметтің тиімділігін арттыруға қатысты
мәселелерді
талқыға ұсынады;
• Зерттеулердің нәтижелері мен басқа да сыртқы дәлелді дереккөздерге сүйене отырып,
өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесін жетілдіру үшін инновациялық мектеп
тәжірибесін зерттейді және баға береді;
• Мектеп мұғалімдерінің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында оқыту мен оқу
тәжірибесіне өзгеріс енгізеді.