Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Метатану стратегиялары – білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару түріндегі
әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу
үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу – 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу. 2. Шын
мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін құру
және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-ақ зерттеушіні
қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модельдеу адамның объектілер
туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін
қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.