Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ) – мектептерде оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі. Бұл үдеріс барысында мұғалімдер
жекелеп те, бірлесіп те өз тәжірибесін, сондай-ақ өздері жұмыс істейтін мектеп
тәжірибесін жақсарту мақсатында зерттеу қажет болатын мәселелер мен
проблемаларды анықтайды. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысын зерттеумен
шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім зерттеуші ретінде»
деген ұстанымға емес, «мұғалім оқыту және оқу іс-тәжірибесін жетілдірудегі
көшбасшы ретінде» деген ұстанымға негізделеді.