Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Тәжірибенің өзгеруі, білімнің жинақталуы



Pdf көрінісі
бет126/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   299
116
Тәжірибенің өзгеруі, білімнің жинақталуы
Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші 
кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына 
жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың 
барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, 
олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi. 
Олар сонымен бiрге кәсіби өсуде маңызды бола алады, бұл осы Бағдарламаның басында 
келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсу.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер 
жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте 
кеңінен қолдау тауып отырады. Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. 
Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.
Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар
Мектеп мұғалімді ынталандыру объектісі де бола алады. Мектепте ұйымдастырылатын 
ғылыми-зерттеу семинарларының көздеген бірнеше мақсаттары бар: мұғалімдер мен 
мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды; оларды шешудің 
ұсынымдары мен стратегияларын әзірлейді; мұғалімнің де, мектептің де әлеуетін дамыту 
мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруына септігін тигізеді.
Зерттеуші мектеп
Мектепті 
зерттеуші мектепке
айналдыру оны қызметтің төмендегідей аспектілері 
бойынша дамытуға жол ашады:
• оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру;
• мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне көмек көрсету;
• оқушылардың білімдегі жеке қажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды алға 
жылжыту;
• жастардан олардың білім алу мәселелері бойынша кеңес алу және оларды ғылыми 
зерттеулерге тарту;
• рөлі мен мәртебесіне қарамастан мектептің барлық қызметкерлері тартылған мектеп 
реформаларына атсалысу;
• мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту.
Мектепті 
зерттеуші мектеп
етіп түрлендіру мектепке ғылыми дәлелдемелерді енгізу 
және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді білдіреді. Джеймс (2005) оқушы 
табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп 
атап көрсетеді, осыған байланысты мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде 
дамыту аса маңызды.
Қорыта келе айтарымыз, Бағдарлама мектеп көшбасшылары мұғалімдерге жақсы оқытуға 
қалай көмектесе алады, сондай-ақ желілік қоғамдастықта басқа мектептермен бірлесіп жұмыс 
істеу арқылы тәжірибеге енгізілген өзгерістерді қалай сақтап қала алады деген мәселелерге 
назар аударатын зерттеу материалдарына негізделетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет