Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет130/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   299
119
Ұсыныстар:
• қоғамдастықтың көмегімен бұрыннан келе жатқан мәселелер мен проблемаларды ше-
шуге, сондай-ақ жаңа идеялармен алмасуға тырысыңыз;
• автоматты түрде қосымша ресурс іздей бастаудың орнына, қолда бар ресурстарды 
қайта бөліңіз;
• мектеп атынан белгілі бір мәселе төңірегіне шоғырландыру үшін қоғамдастық ішінде 
зерттеу топтарын құрыңыз;
• қатысушылардың кәсіптік даму мен оқу туралы пікір білдіруін қолдап, марапаттаңыз – 
коучинг пен бірлескен зерттеулерді ынталандырыңыз;
• қоғамдастықтың қызметін жоғары оқу орнында аккредиттеу жөнінде келісіңіз. 
Есте сақтаңыз: 
Тәуелділіктің туындауынан алшақ болыңыз. Қоғамдастық ішінде көшбасшылық рөлін 
бөліңіз.
Іс-шараның немесе кездесудің алдында өзіңізге «осының бәрі болуы ықтимал – егер мен 
бармай қалсам, бұл өрескел болмай ма?» деп сұрақ қойыңыз. егер Сіздің жауабыңыз «жоқ» 
болса, мүмкін Сіздің бірлескен іске қосып жүрген үлесіңіз жеткіліксіз шығар.
Конференцияларда тұсаукесер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау 
арқылы көпшілік қауымды жетістік туралы хабардар ету керек. Бұл басқа адамдардың қатысуға 
ниет білдіруіне түрткі болады.
Әрбір іс-шара, кездесу мен есеп оқу үдерісіне шоғырлануы тиіс. Өткен материалды 
қайталау мақсатында «Біз білім алдық па? Біз не үйрендік?» деген сұрақтар ұдайы қойылуға 
тиіс. егер іс-шара оқуға бағытталмаса, оған уақыт жұмсаудың не қажеті бар?
Бүкіл адамдар бәріне қызығушылық таныта бермейді, бірақ көптеген адамдардың бір 
нәрсені білгілері келеді. Әріптестеріңізге бірқатар мүмкіндік берсеңіз, неге қатысу керек 
екендігін олар өздері таңдап алады.
Қандай да болмасын жобаны ешқашанда бір ғана мұғаліммен бастамаңыз. Қоғамдастық 
ресурсының қаражатын бірлескен жобаларға ғана жұмсаңыз. 
Қоғамдастыққа тартылған мектептер арасында бірлескен тағайындаулар жасаңыз. Оларды 
қолдаусыз қалдырмау үшін, екі немесе үш жылға шарт жасаңыз. Қаржы мәселесі түбегейлі 
шешілген ағымдағы кезеңдердің шегінен тыс шығатын жобаларға қаражат бөліңіз.
БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ
Портфолиоға қойылатын талаптар төменде келтірілген. екінші «Бетпе-бет» кезеңі 
барысында мұғалімдер бағалауға арналған портфолиосын пысықтап, таныстырылым 
көрсетеді. Тренерлер мұғалімдердің дамуына қолдау көрсету мақсатында портфолионың 
мазмұны бойынша да, құрылымы бойынша да тәжірибелік кеңестер береді.
1.
Тізбектелген сабақтар топтамасы туралы рефлексиялық есеп. есепте қамтылатын 
мәселелер (1500 сөз):
• Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның жеті модулі қалай және неге 
енгізілгенін негіздеу;
• Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын 
тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгенін және оның тиімділігін талдау. 
• Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай енгізілгені 
көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасының (кем дегенде төрт сабақ) орта 
мерзімді жоспары (250 сөзден тұратын түсініктемесімен қоса).
• Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулі қалай енгізілгенін көрсететін 
тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақтың жоспары (250 сөзден 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет