Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу



Pdf көрінісі
бет132/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   299
122
Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу
Сыпайы жұмыс істеу және «сыпайы болып» көріну – екі түрлі нәрсе. Бағдарламаның кез 
келген тапсырмасында Сіз олардың көмегімен этикалық нормаларға сәйкестікті қарастыратын 
және бұл үдерістің осы нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы үшін шара қабылдайтын әдістерді 
нақты анықтап алуыңыз керек. Сіз ережеге сәйкестігіңізді және өзіңіз ұстанатын нормалар 
қажет екендігін анықтау керек. Кез келген жазбаша ұсыныстарда не жасағандығыңыз туралы 
түсінік беріп қана қоймай, қолданған құралдардың үлгілерін де қосуға тиіссіз, мысалы: ата-
анаға баласының сіздің жобаңызға қатысуына рұқсат беруін сұрап жазған хатыңыз. 
Плагиат
Плагиат басқа біреудің жұмысының мақсаты мен қолданыс көлеміне қарамастан, 
дереккөзге сілтеме жасамай, өз жұмысы ретінде ұсыну дегенді білдіреді. Бұл білімсіздікті 
және академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді. 
Плагиат үлгілері:
• көшіріп алу (басқа адамның тілін немесе идеясын өз меншігі ретінде қолдану арқылы);
• дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысынан сөзбе-сөз үзінді алу;
 
• дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін неме-
се сөздердің орналасу тәртібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу; 
• құраушысына сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған
 
идеяларды қолдану;
 
• онлайн дереккөздерді стильдеу мақсатында
 
интернеттен ақпараттарды кесіп алу және 
қою;
• авторын көрсетпей, өз жұмысының бөлігі ретінде
 
басқа біреудің жұмысын ұсыну. 
Мысалы, «эссе банкі» немесе «қағаз фабрикасы» сияқты кәсіби агенттіктер арқылы 
жұмысты сатып алу немесе тапсырыс беру; бірлескен жобада басқа біреулер орындаған 
зерттеулерді көрсетпеу.
Бірлескен жобаны қоспағанда, басқа тұлғамен 
келісімде
жасалған жұмыс плагиат болып 
танылады (яғни, бірлесіп істеу жасырылған немесе оған тыйым салынған). Кандидат, мысалы, 
тіл стилінде және жазбаша жұмыс бөлімінде көмекті қайдан алғандығы жөнінде жалпы 
сілтемеде көрсетуге тиіс. 
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты туындауы 
мүмкін: мәтінде, суретте, музыкалық үзінділерде, математикалық туындыда, компьютер 
ережелерінде және т.б.; веб-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және 
басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәріс және басқа студент жұмыстарының үлестіру 
материалдарын қоса алғанда, жарияланған және жарияланбаған материалдар. 
жоғарыда жазылғанның негізінде Сіздің зерттеулеріңізде қолданатын сілтемелерден, 
құжаттардан, мәтіннен және журналдардан, сондай-ақ веб-сайттардан үзінді келтірудің барлық 
нормаларын сақтау, сонымен қатар тапсырманы орындау кезінде сізге ауызша немесе жазбаша 
түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды. Басқа біреудің жұмысынан алынған көлемді 
тура үзінділерден аулақ болыңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет