121
ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз.
ата-аналарға
жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз
етіңіз және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. ата-аналардың келісімін жаз-
баша растауын өтініңіз.
• Өз ниеттеріңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, атап
айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз.
• Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да,
Сіз жұмыстың мақсаты мен
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз.
• Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың,
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында
айқын хаттамалар белгіленеді.
• жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын таны-
ту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін.
• Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала
алатындығын қадағалаңыз.
• Зерттеуіңіз оқушылардың қызығушылықтарына мейлінше сай өткізілуін қадағалаңыз.
Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын
анағұрлым кең мағынада
қарастыра аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында,
Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта жұмыс
істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де Сіздің
жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін мектеп пайдалы
дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен оқушыларға пайда
бола ма.