25
9-сурет.
«Мен» тұжырымдамасының компоненттері
Бiздің өзімізді бақылап, бағалауымыз, соның нәтижесінде
өзіміз жөнінде қорытынды
шығаруымызға байланысты «мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын екi маңызды
мотив бар, олар өзін-өзі сыйлау және өзін-өзі бақылау
.
Өзін-өзі сыйлау
«мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлерiне
жатады. Ол екi компоненттен тұрады – жеке тұлғаның
пікірінше оның қаншалықты
қабылданғанын және бағаланғанын анықтайтын
құндылық компоненті
және жеке тұлға
өзін нақты рөлде қабiлеттi және құзырлымын деп
санайтындығын анықтайтын
тиiмдiлiк
компоненті
(Bandura, 2001).
Бандура өзіндік тиiмдiлiктi қалыптастыруға ықпал ететiн 4 факторды атап көрсетеді
(10-сурет):
1. Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже
«игеру тәжiрибесі» – жеке тұлғаның өзіндік тиiмдiлiгін анықтайтын ең маңызды фактор.
Қол жеткізілген жетiстiк
өзіндік тиiмдiлiкті арттырады, ал сәтсiздiк оны төмендетедi.
«Балаларды бос мақтаумен және жалған мадақтаумен алдауға болмайды. Олар өзін
сыйлаудың шынайы көріністерінің орнына, жасанды түрде көрсетілген қолдауды қабылдай
беретіні – шындық. Бірақ мен адамның өзіне деген құрметінің өсуі деп атайтын құбылыс шын
мәнінде орындалған жұмыс, яғни қоғам үшін маңызы бар жетістік мойындалған жағдайда
ғана өз күшіне енетінін ескеру керек».
Достарыңызбен бөлісу: