Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


оқу қоғамдастығының бір бөлігі



Pdf көрінісі
бет15/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

оқу қоғамдастығының бір бөлігі 
болып табылатын, кәсібилікке 
бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл 
тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновациялардың негізінде 
мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсіл қолданылған 
жағдайда кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жа-
сайды. Адамгершілікті пір тұтатын мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға 
әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көкейлерінде үнемі талапқа сай 
оқыту тұрады (Frost, 2011).
Заманауи түсінік
Англия мектептерінде жүргізілген Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжінің зерттеуі 
(2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқыту мен оқу сапа-
сын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті. 
Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер 
өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Элмор (2006) жауапкершілік 
саясаты мықты мектеп жүйесінде 
көшбасшылық – тәжірибені жетілдіру құралы болып та-
былады 
деп есептейді. Ал оқуға бағытталған көшбасшылық дәл осындай болып табылады.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында 
оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне 
бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдала-
ну, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары 
мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың 
және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Мұндай көшбасшылық барлық 
деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен 
шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты таратып дамытуға басымдық беру қажет.
Макбеттің (2004) зерттеуінде бөлінген көшбасшылық дамып жатқан үдеріс ретінде 
қарастырылып, ғалым оның алты түрін атап көрсетеді:
Жай бөлініс: 
қызметкерлердің өздері үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар 
шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық 
қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. 
Мұндай ортадағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу 
үшін қажетті талап болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет