Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Коучинг өткізу кезеңінде әріптестердің оқуын талдау



Pdf көрінісі
бет122/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

Коучинг өткізу кезеңінде әріптестердің оқуын талдау
, осындай оқу түрінің 
дәлелдемесін қосу: коучинг сабақтарының қысқаша сипаттамасы; әріптестерінің не үйренгенін 
түсіндіру және өз тұжырымдарын растау үшін дәлел ұсыну. Бұл дәлелдер мыналар болуы 
мүмкін: сабақ барысында жасалған топтың фотосуреті, плакаттар, әріптестерінің сабаққа 
берген бағамдауы, сабақта қаралған тақырыптың іске асырылғанын көрсетуге арналған, осы 
сабақтан кейін жазылған әріптестердің оқу жоспарлары және т.с.с.
• 
Әріптестерінің біріне жүргізілген тәлімгерліктің тиімділігі
, соның ішінде тәліптің 
нені оқып-үйренгені мен қарастырылған шаралар мен тәсілдер тұрғысынан тәлім алушы 
тәжірибесінің өзгергендігі туралы дәлелдер (мұғалім тәлім алушы әріптесінің не үйренгендігін 
айғақтау үшін фотосуреттерді, бейнежазбалар мен артефактілерді, сабақ жоспарларын, 
оқушылардың жұмыстары мен мұғалімнің қойған бағаларын пайдалана алады).


111
Портфолио мен таныстырылымды бағалау критерийлері
Портфолио мен оның таныстырылымы үш негізгі критерий бойынша бағаланады:
1. Мұғалімдер 
Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша қажетті білім алып, түсінік
 
қалыптастырғанын;
2. Бағдарлама идеяларын өз тәжірибесінде табысты қолданатынын;
3. Жаңа тәжірибелерді/тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап
, одан әрі даму 
мақсатында ол тәжірибелерді пайдаланатынын көрсетулері керек.
Портфолионы бағалау кезінде топ тренерлері мен тәуелсіз тренерлер төменде берілген оқу 
критерийлеріне мұғалімдердің сәйкестігінің дәлелдерін анықтайтын болады. 
1. Кәсіби білім және түсінік
Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша білім мен түсінік қалыптастырды.
• Жекелеген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім алу қажеттілігінің 
мәселелері бойынша терең білімдерді игерді (талантты, дарынды және т.б.) және осы 
мәселелер бойынша 
басқа мұғалімдерге қалай кеңес беруді
біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет