Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Жақын арадағы даму аймағы



Pdf көрінісі
бет26/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Жақын арадағы даму аймағы
Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – 
жақын арадағы даму аймағы

Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (жаДа) – оқушының өз 
бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің 
басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы 
анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз 
бетінше игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық 
білімдер мен дағдыларды қамтиды. 
Выготскийдің пікірінше, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін 
жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. 
Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интербелсенді вербалды алмасу нәтижесінде 
біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы 
әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетінше ойлануына қатысты ішкі жеке 
қоры ретінде қалыптасады. Басында мұғалім міндеттерді өз бетінше және сәтті орындау үшін 
қажетті тілдік және танымдық құралдарды береді. Тәртіп пен тілді модельдеу, оқушыны өздері 
қатысатын үдерістер және рәсімдермен таныстыру арқылы мұғалім оқушының біліктілігі, 
сенімділігі және өз бетінше әрекет ету қабілетін дамытады. Төменде 11
-суретте 
шыңға 
өрмелеушінің жартасқа шығу көрінісі ұсынылған, онда күрделі қимыл жасауға ұмтылған 
шыңға өрмелеушінің міндетті шешуде қолдау алғаны көрсетілген. Шыңға өрмелеуші өзінің 
оқу қызметінде жақын арадағы даму аймағына кіруде. 
11-сурет.
 Жақын арадағы даму аймағы
Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, 
қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін 
адамның көмегі мен басшылығынсыз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал 
деген қарапайым атауға ие бола алады. Осы мағынада жаДа оқушылардың оқуын және 
қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда оқу жағдайында құнды 
тұжырымдамалық құрылым болып табылады. 


28
жаДа бала тапсырмаларды білікті және өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін 
әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. жаДа-да ересек адам өзара қарым-қатынас 
барысында баланың тапсырманы алдыңғы білімдер және тәжірибесімен байланыстыра арқылы 
оны орындауға мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет