Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет168/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

87
23-сурет. Топтағы бірлескен жұмысты жүзеге асыру мақсаты
ЖҰМЫС әДІСТЕРІ
Коучинг және тәлімгерлік
Білімінің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін 
өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бағдарлама мұғалімдерге әріптестерімен бірге 
жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік 
беретін  дағдыларды  ұсынады.  Тәлімгер  ретінде  тренерді  қалыптастыру  үдерісі  білім  беру 
тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастықтағы мектеп ортасында жүзеге асырылатын 
болады.
«Тәлімгерлік»  пен  «коучинг»  ұғымдары  ұқсас  қызмет  түрлерін  сипаттау  үшін  әдетте 
синоним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы санаттардың мағыналары араласып 
кетуі ықтимал. Олардың әрқайсысына тән айырмашылықтар:
Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру
Бұл  –  әріптестердің  (коуч  пен  әріптесі)  құпия,  белсенді  және  жасампаз  өзара  әрекеттестік 
үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен 
алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының 
жекелеген  салаларын  жетілдіру,  оларды  тереңірек  дамытып,  анағұрлым  жоғары  сапалық 
деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген 
дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Тәлімгерлік  -  (mentoring)  ұзақ  уақытқа  созылатын,  тәлімгер  (тәжірибелі,  озық  педагог) 
мен тәліп (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас 
құру  үдерісі.  Ол  тәліптің  педагог  ретінде  қалыптасуы  мақсатында  өзінің  білімін,  ойлауын, 
тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. 
Тәлімгерлік  ету  барысында  тәлімгер  өзінің  білімімен,  тәжірибесімен  бөліседі,  ал  тәліп 
еңбек  жолында  айтулы  жетістіктерге  жету  мақсатында  өзінің  кәсіби  дағдыларын  дамытып, 
проблемаларды шешу жолдарын іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет