Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет171/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   508
Тәлімгерлік үдерісі
Тәлімгерліктің  өзіне  тән  негізгі  сипаттамасы  екі  адам  арасында  оқу  қарым-қатынасын 
құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін 
бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәліпке күрделі 
тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, 
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey, 2005).
Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәліптің арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі 
төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше 
табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген 
(Oxley, 2003).
Коучинг үдерісі
Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен 
мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. 
Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен 
және  тәсілдермен  қамтамасыз  етіледі.  Коучтер  мұғалімдерге  өздерінің  оқыту  тәжірибесін 
жақсартуға көмектеседі.
Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын 
дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік 
алу  мақсатында  коуч  мұғалімге  көмек  көрсетеді.  Бұл  ретте  мұғалімдерге  мақсат  етілген 
нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және 
жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін 
дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет