Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет173/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   508
Жүйелі  тәлімгерлік.  Тәлімгер  күнде  қолдау  көрсетіп  отыруы  керек:  мұғалімдерге 
жақында  алған  дағдыларын  бейімдеуде  қолдау  көрсетіп,  олардың  табысқа  ұмтылуын 
қамтамасыз етуі қажет.
Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді:
1.  Коучинг  пен  тәлімгерлік  мұғалімдердің  дамуы  мен  жетілуіне  көмек  көрсетудің 
айтарлықтай тиімді тәсілі болып табылады.
2. Коучинг пен тәлімгерлік ойдағыдай іске асырылған жағдайда оқыту мен оқудың сапасы 
артады.
3. Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет.
4. Коучті жаттықтырып жетілдіру – тренерлердің басты міндеті.
5. Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды 
айтарлықтай өзгерте алады.
6.  Оқыту  мен  оқу  тәжірибесі  үшін  ұсынылатын  жекелеген  тәсілдер  мен  әдістер,  бір 
қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал 
ететін қуатты қозғаушы күш бола алады.
7. Коучингіні іске асырудың бір ғана дұрыс жолы жоқ.
инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыру
Табысты тәлімгер тәліпке ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның 
жеке  тәсіліне,  нақты  мәнмәтінге,  жұмыс  тәсілінің  ыңғайына  сәйкес  келетін  іс-әрекеттің 
оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.
Тәжірибелі  көмекшінің  моделі  (Egan,  1998)  1975  жылдан  бері  үнемі  дамып  келеді. 
Шынтуайтқа келгенде, ол – көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым. Бұл құрылымның 
бірінші кезеңі үдерістің басында тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не 
істегісі келетінін анықтауға бағытталған; екінші кезең – тиісті тиімді шешім таңдауды; үшінші 
кезең – өзгерістерді енгізуді мақсат етеді (25-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет