Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖәНЕ КәСІБИ



Pdf көрінісі
бет190/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖәНЕ КәСІБИ 
ҚОҒАМДАСТЫҚ ОйЛАУ ЖОЛДАРЫ 
Мақалалардың толық нұсқасын www.cpm.kz сайтынан алуға болады
Кәсіби қоғамдастық дегеніміз не және оның маңызы
Колин Коннор,
Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі
Заманауи  қоғамның  тіршілігінде  қоғамдастықтың  маңызы  күннен  күнге  артып  отыр. 
Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде 
маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға 
кедергі  келтіретінін  мойындап  отыр.  Сондықтан  мектептер  арасындағы  ынтымақтастық, 
мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің 
«Білім алушылар қоғамдастығына» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. 
Ұлттық  мектеп  көшбасшылығы  колледжі  (англия)  үшін  2004  жылы  жасалған  құжатта 
«білім  алушылар  қоғамдастығына»  мынадай  анықтама  берілген:  «Оқушылар  жоғары 
нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу 
үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және 
мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер».
Үздіксіз  оқытуды  дамытуда  «қоғамдастық»  ұғымы  аса  маңызды  болып  отырғаны 
байқалады.  ХІХ  ғасырдың  соңындағы  ХХ  ғасырдың  басындағы  білім  беру  саласы  оқыту 
линиялық, бірізді, жалпылама, механикалық үдеріс болып табылады деген идеяға негізделген. 
Бұл қандай оқыту тәсілдері қолданылатынына ықпал етті. Нәтижесінде білім беру мекемелері 
иерархиялық, ұйымдық құрылымдарға айналды. Оқыту құрылымдар мен бөлімшелер аясында 
ұйымдастырылды.  Білім  басқарылатын  бөліктер  мен  тәртіптерге  бөлінді.  Бағалау  санмен 
өлшенетін болды.
Оқытудың  әдіс-тәсілдері  құны  тұрарлық  жалғыз  білім  деп  есептелетін  фактілер  мен 
ақпаратты қабылдауға ықпал етті. Чапман және аспиннің (2004) пайымдауынша:
«Олардың ертеде оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандырғанына қарамастан, адамның 
ойлау қабілетіне қатысты осындай болжамдар, оқытудағы бұндай тәсілдер мен білім беруді 
ұйымдастырудың осындай модельдері экономикалық және әлеуметтік ортаның өзгеріп отырған 
жағдайларына,  танымдық  саланың  ахуалына  және  ХХІ  ғасырдың  зияткерлік  талаптарына 
дайындалып жатқан оқушылар үшін жеткіліксіз деп саналады. 
Бүгінгі  күні  оқыту  сипатына  жаңаша  қарап,  оқушылар  өздерінің  тану  ерекшеліктеріне 


100
неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтін тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары 
оқытудың іргетасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған. Осы қағидаттарға негізделген 
оқыту  тәсілдері  бүгінгі  күнгі  танымдық  және  метатанымдық  ғылымға  сәйкес  әзірленген 
оқыту үдерісінің және білім мен түсінік алудың қазіргі негіздемелерінің нәтижелері мен рөлін 
неғұрлым нақты көрсетеді».
Білім  алушылар  қоғамдастықтары  біздің  санамызда  өзгеріс  енгізуді  үйрету  үдерісін 
бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады.
Сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтардың маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар 
да  бар.  ЭЫДҰ-ның  «Тұрақты  икемділік»  («Sustainable  flexibility»)  атты  зерттеуінде  (1997: 
34)  ақпарат  пен  білімге  негізделген,  технологиялар  мен  өнім  нарығының  тез  ауысуымен 
сипатталатын  ХХІ  ғасырдың  жаңа  экономикалық  жағдайында  жұмыс  сипаты  да  өзгеретіні 
айтылған.  Бұл  өз  кезегінде  қызметкерден  күтілетін  тиімділікке  әсер  етеді.  Осы  өзгерістер 
икемділіктің дамуымен және кәсіби қоғамдастықтардың пайда болуымен ілесіп жүреді. Олар 
жаңа міндеттерді орындап, функцияларын ауыстыру үшін аса жедел оқуға дайын жоғары білікті 
қызметкерлер мен озық компаниялар арасында өзара іс-қимылмен сипатталады. аталған озық 
компаниялар жалпы оқыту, көптеген функциялары бар жұмыс орындарының санын ұлғайту, 
департаменттер мен ұйымдар арасында оқыту жүйесін орнату және қызметкерлерге шешім 
қабылдауға мүмкіндік беру арқылы икемділіктің дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет