Англия тәжірибесі англияның білім беру және дағдылар департаменті (DfES) мектептерде барынша жоғары
стандарттарға қол жеткізу тәсілі ретінде білім алушылар қоғамдастықтарын дамытуды
қолдайды (2004). Білім алушылар қоғамдастықтарына тартылған мектептердің жақын арадағы
тәжірибесінің негізінде жасалған DfES есептері (2004 және 2006) бірлесіп жұмыс істейтін
мектептер мұғалімдердің кәсіптік деңгейін едәуір көтере алатындығын және балаларды
барынша табысты оқытуға ықпал ететінін дәлелдеді. Осылайша білім беру стандарттары
жаңа деңгейге көтеріледі. Осы есептерде айтылғандай, білім алушылар қоғамдастықтарына
біріктірілген мектептерде ынтымақтастық:
• мұғалімдердің құзыретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі;
• оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз ететіндігі;
• жеке алынған бір мектеп ұсына алмайтын көптеген мүмкіндіктер ұсынып, олардың
икемділігін қамтамасыз ететіндігі;
• шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту
мақсатында пайдаланылатын инновациялық әдістерді дамытатындығы;
• оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкелетіндігі байқалды.
DfES-тің 2004 жылғы есебінде мынадай қорытынды жасалған:
«Білім беру реформасын жүзеге асырудың келесі кезеңінде жүйеге жоғары стандарттарды
және теңдікті енгізудің жаңа әдістері қажет болады, ол жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне
сәйкес келіп, мектептерге мектеп деңгейінде шешімдерді дербес қабылдауға мүмкіндік
береді. Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби
қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық нысан болып табылады. Оқытуға бағытталған
мектепаралық кәсіби қоғамдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибесіне енгізілген
нақты өзгерістердің негізі болып табылады».