Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сәтті серіктестік мынадай факторларға байланысты



Pdf көрінісі
бет197/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Сәтті серіктестік мынадай факторларға байланысты:
•  серіктестік пікірлес адамдардың бірлестігі ретінде қаралуға тиіс;
•  сәтті серіктестіктер директорлардың толық қолдау көрсетіп, ілтипатты болуын талап 
етеді;
•  серіктестіктің қызметін қадағалайтын жетекші адамның болғаны абзал;
•  басқа әріптестер серіктестіктің тиімділігіне сеніп, жоспарлау үдерісіне қатысуға тиіс;
•  бастапқы кезеңде серіктестік өлшемдерін айқындап, кез келген қызметті нәтижелі жо-
спарлау маңызды;
•  серіктестік қағидаттары барлық қатысушыларға түсінікті болуға тиіс;
•  өткен тәжірибеге қарағанда, құндылықтар аса маңызды орын алады;
•  серіктестік өзара тиімді болған кезде анағұрлым сәтті болады;
•  серіктестік мәдениеттің өзгеруіне алып келуі мүмкін, сондықтан әріптестер серіктестік 
дамуы барысында болатын кез келген өзгеріс туралы жан-жақты хабардар болуға тиіс;
•  мәлімделген мақсаттарға және өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге кепіл беру үшін 
тұрақты бақылау жүзеге асырылуға тиіс;
•  атқарушы  билік  тарапынан  мектептер  арасындағы  ынтымақтастық  идеясын  қолдау 
және оны ескеру аса пайдалы.
Қарым-қатынас  орнату  мен  білімді  тарату  көшбасшылықтың  басты  міндеті  болып 
келеді.  Көшбасшылық  жоғары  тұрған  лауазымды  тұлғалардың  ықпалынан  тыс  барлық 
деңгейлерде дами алады және кәсіби қоғамдастықтың қызметіне қатыстыру арқылы болашақ 
көшбасшыларды тәрбиелеуге болады деген пікір бар. Көшбасшылықты дамыту үшін бірлесіп 
басқару  және  өкілеттіктерді  беру  арқылы  жаңа  мүмкіндіктер  қамтамасыз  етіледі,  сөйтіп 
көшбасшылардың жаңа типтері пайда болады. Табысты кәсіби қоғамдастықтар топтың өзге 
мүшелеріне өкілеттік беру үдерісін дамудың бастапқы кезеңдерінде-ақ жоспарлайды.
Табысты кәсіби қоғамдастықтар реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру 
арқылы жұмыс істейді. Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжінде жүргізілген зерттеу (2006) 
нәтижесінде  анықталғандай,  кәсіби  қоғамдастықта  әдетте  жоспарлау  және  оң  өзгерістерді 
жүзеге асыру функцияларын іске асыратын жұмыс топтарының үш түрі құрылатын болған. 
Осы  командалардың  әрқайсысы  әртүрлі  мүддені  көздейтін  адамдарды  бір  топқа  біріктіріп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет