Дамытушы топтар кәсіби қоғамдастықтың даму жоспарларында басым сала ретінде
белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады.
Дамытушы топтар оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының
қабылдануына қолдау көрсету арқылы кәсіби қоғамдастықты дамытуға өз үлестерін қосады.
Тиімді кәсіби қоғамдастықтар жоспардың болуын және адал көшбасшылық пен басқаруды
талап етеді. Осы зерттеу (NCSL, 2006) кәсіби қоғамдастықтың сәттілігі (әсіресе жаңа құрылған
кезде) жетекші рөл атқаратын адамдардың ұстанымдарына, қажырлығы мен күш-жігеріне
байланысты болатынын көрсетті.