Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Кәсіби қоғамдастықтан тыс серіктестік



Pdf көрінісі
бет200/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   508
Кәсіби қоғамдастықтан тыс серіктестік
Білім алушылар қоғамдастығына қатысушы-мектептерден тыс серіктестік іздестіру не үшін 
керек? Бұның көптеген себептері бар. атап айтқанда, білім алушылар қоғамдастықтары өздері 
білім  алып,  сонымен  бірге  алған  білімдерімен  басқа  жергілікті  кәсіби  қоғамдастықтармен 
бөлісуге  тиіс.  Білім  беру  жүйесінің  жергілікті  басқару  органдары  бұлардың  арасындағы 
қарым-қатынасты ұйымдастыруға көмектесе алады. Сондай-ақ кәсіби қоғамдастық жергілікті 
қажеттіліктерді  және  басымдықтарды  біріктіруі  мүмкін.  жақсы  қарым-қатынас  орнатылған 
жағдайда  жергілікті  билік  органдары  мамандандырылған  кәсіптік  тәжірибеге  қол  жеткізуді 
қамтамасыз  етіп,  басқа  да  жергілікті  органдармен  ынтымақтастық  орнату  арқылы  кәсіби 
қоғамдастық қызметіне қолдау көрсете алады.
Қосымша пайдалы білімді жоғары оқу орындарынан алуға болады, олар зерттеулер мен 
ғылыми  жобаларға  қолдау  көрсетіп,  бағалау  мәселелерін  шешуге  көмектесіп,  жеке  кәсіби 
дамуды  қамтамасыз  етуде  қол  ұшын  созып,  тәлімгер/тәуелсіз  сарапшы  ретінде  көмектесе 
алады.
Кәсіби  қоғамдастықтан  тыс  «тәуелсіз  сарапшының»  болуы  кәсіби  қоғамдастықтың 
дамуына:
•  кәсіби қоғамдастық көшбасшыларына кеңес беру және қолдау көрсету;
•  міндеттер қою және «топтық ойлаудан» арылуға жәрдемдесу;
•  кәсіби  қоғамдастық  ішінде  жүргізілетін  зерттеулердің  және  ғылыми  жобалардың 
бірізділігін (әсіресе жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық) қамтамасыз ету;
•  кәсіби қоғамдастық шеңберінен тыс жаңа идеялар мен білімге қол жеткізуді қамтамасыз 
ету арқылы қолдау көрсете алады.
Білім алушылар қоғамдастықтары ұзақ уақыт бойы бірлесіп жұмыс істеу және ғылыми 
қызмет  арқылы  ересек  адамдарға  толыққанды  білім  алуға  мүмкіндік  жасайды  және  оқуға 
ынталандырады.  Олар  практикалық  тәжірибеге  жекелеген  мектептердің  аумағынан  тыс 
таралуға  мүмкіндік  беріп,  мұғалімдер  мен  мектептің  өзге  қызметкерлеріне  оқуға  және 
ынтымақтасуға, инновациялар енгізуге және зерттеу нәтижелерін жұмыс барысында қолдануға 
септігін тигізеді. Бірлесіп атқарылатын мықты, пәрменді іс-қимылдар:
•  бірлескен зерттеу топтарын;
•  кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шараларды (мысалы, әртүрлі мектеп қызметкерлерінің 
кездесулері);


105
•  жоспар бойынша басқа мектептерге жұмыспен баруды (мысалы, кәсіби қоғамдастық 
ішіндегі «оқыту мақсатындағы сапарлар»);
•  бірлескен тренингтер мен тәлімгерлікті (мысалы, Сабақты зерттеу топтары);
•  бірлескен жұмыс топтарын (мысалы, жобалау топтарын, жоспарлау топтарын) қамтиды.
Кәсіби қоғамдастық ішінде жүзеге асырылатын барлық оқыту бүкіл қатысушы-мектептердің 
«атынан» өткізілуге тиіс. Осылайша ересек адамдардың бір тобы жаңа дағдыларды немесе 
білімді меңгерген жағдайда, аталған топтар алған нәтижелерімен басқа мектептермен бөлісуге 
тиіс, сол арқылы екіншілер де осы дағдылар мен білімнен пайда алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет