4. Мұғалім көшбасшылығы жолындағы кедергілер Ұйымдастырушылық кедергілер Көшбасшылық жекелеген мұғалімдер үшін және тұтастай алғанда мектеп үшін пайдалы.
Бірақ мектептерде мұғалімнің нағыз көшбасшылығын орнату үшін еңсеруге тура келетін
көптеген кедергілер кездеседі. Мұғалімнің көшбасшылығы жолындағы негізгі тосқауылдардың
бірі көптеген мектептерде әлі күнге дейін басым болып отырған басқарудың иерархиялық
моделіне қатысты құрылымдық тосқауыл болып отыр.
Мұғалімнің көшбасшылығы басқаруда барынша автономиялық тәсілдің қолданылуын
талап ете отырып, әрі жалпы шешім қабылдау үдерісін қажет етеді.