Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Ынтымақтастық және алқаластық



Pdf көрінісі
бет209/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   508
Ынтымақтастық және алқаластық
Мұғалімнің  көшбасшылығы  жеке  дамуға  ғана  бағытталмаған.  Оның  негізгі  міндеті 
әріптестеріне  жаңа  идеяларды  сынақтан  өткізуге  және  өздеріне  басшы  рөлдерін  алуға 
ынталандыруға  көмектесуге  негізделеді.  Ынтымақтастық  мұғалім  көшбасшылығының 
«жүрегі»  болып  табылады,  өйткені  көшбасшылық  ұжым  болып  енгізілетін  өзгерістерге 
негізделеді.  Мұғалімнің  көшбасшылығы  иерархиялық  бақылаудан  өзара  бақылауға  көшіп, 
мектеп  ішіндегі  билікті  қайта  бөлуге  негізделеді.  Мұғалімнің  көшбасшылығы  анағұрлым 
тиімді болу үшін оның барысында өзара сенімділік пен қолдау көрсету орын алуға тиіс. 
Көшбасшылыққа  деген  осы  көзқарас  иерархиялық  емес,  федералдық  болып  отыр.  Бұл 
көзқарас әрі кең, әрі шектеулі: ол құндылықтар тұрғысынан шектелгенімен, эксперимент жасау 
және тарихи болжамдарға күмәндану құқығы тұрғысынан кең болып келеді.
Мектеп  көшбасшылары  төмендегідей  қызмет  түрлері  арқылы  мұғалімдерге  шешім 
қабылдауға қатысып, мектептің дамуын басқаруға мүмкіндік береді:
•  мектеп аясында жауапкершілік алу мен басқару құқығын кеңінен бөлу;
•  мұғалімдер арасында шешім қабылдау құқығын бөлу;
•  мұғалімдерге шешім қабылдау үшін өз комитеттерін құруға рұқсат беру;
•  мұғалімдер ұжымының пікірін назарға алу;
•  топ болып кеңесу арқылы проблемалардың тиімді шешімін қабылдауды қамтамасыз 
ету;
•  мұғалімдерге өзін-өзі басқару құқығын беру;
•  мұғалімдерде бірлесіп жоспарлауға уақыт болуы үшін жұмыс жағдайын өзгерту;
•  мектептегі  жаңа  бастамаларға  қатысты  шешім  қабылдауға  толыққанды  тартуды 
қамтамасыз ету;
•  мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін мүмкіндік тудыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет