114 Заманауи түсінік Тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептер оқушыны оқыту мен
оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленеді.
Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер
өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында
оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне
бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану,
мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары
мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың
және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады.
Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын
іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және
дамытуға басымдық беру қажет.
Бөлінген көшбасшылық дамып келе жатқан құбылыс, оның алты түрін атап көрсетуге
болады:
Жай бөлініс: персоналдың олар үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулықтар
шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. жай бөлініс үдерісінің барлық
қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол.
Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін
қажетті талап болуы мүмкін.