Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Тәжірибенің өзгеруі, білімнің жинақталуы



Pdf көрінісі
бет221/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

116
Тәжірибенің өзгеруі, білімнің жинақталуы
Мұғалiмнің  өз  бастамасына  негізделген  кәсіби  даму  үдерісінің  нәтижесі,  ең  бірінші 
кезекте,  жоба  аяқталған  соң  емес,  оның  барысында  сезiлуі  керек.  Сапалы  даму  жұмысына 
жаңа  технологияларды  сынақтан  өткізу,  бағалау,  талқылау  және  шолу  жатады.  Олардың 
барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, 
олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi. 
Олар  сонымен  бiрге  кәсіби  өсуде  маңызды  бола  алады,  бұл  осы  Бағдарламаның  басында 
келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсу.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер 
жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте 
кеңінен қолдау тауып отырады. Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. 
Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет