Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет236/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Конвергентті/ 
репродуктивтік 
ойлау 
–  (лат.  cоnvergere  –  қосылу)  белгілі  бір  тапсырманы  орындаудың  алдын 
ала  игерілген  алгоритмдерін  нақты  пайдалануға  негізделген  ойлаудың 
түрі.  «репродуктивті»  сөзімен  бірге  қолданылады,  себебі  осындай  ойлау 
проблеманы шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның нәтижесінде 
сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі дивергентті ойлауға қарама-
қайшы.
Коучинг
-  сөзбе-сөз  дайындау,  жаттықтыру;  әріптестердің  құпия,  белсенді  және 
жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту 
тәжірибелерін  бірлесіп  ойластыру,  идеялармен  алмасу,  коуч  тарапынан 
рефлексиялық диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жекелеген 
салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық 
деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби 
білімін,  игерген  дағдылары  мен  тәжірибесін  жетілдіреді.  Коучинг  үдерісі 
тәлімгерлік  үдерісімен  байланысты:  коучинг  нақты  тақырып  бойынша 
әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, 
жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Креативтілік
–  (ағыл.  create  –  жасау,  creative  –  жасампаз,  шығармашыл)  индивидтің 
дәстүрлі  немесе  көпшілік  қабылдаған  идеялардан  ауытқитын,  түбегейлі 
жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін және 
тәуелсіз  фактор  ретінде  дарындылық  құрылымына  кіретін  шығармашылық 
қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше тәсілдермен 
шешу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет