Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Педагогикалық қызмет праксис ретінде



Pdf көрінісі
бет182/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Педагогикалық қызмет праксис ретінде
егер  біз  білім  бағалаушы  пікірлерден  ерікті  емес  және  шындығында  білім  берудің 
мақсаттары мен үдерісі қатаң түрде дауға түседі деген тоқтамды қабылдайтын болсақ, бұдан 
шығатыны, педагогикалық қызмет те бейтарап бола алмайды. Карр және Кэммис педагогикалық 
қызметті  нақтырақ  айтқанда,  аристотель  философиясынан  шығатын  praxis  терминімен 
анықталатын адамдық тәжірибенің нысаны деп түсіндіреді. Нақтырақ айтатын болсақ, праксис 
«этикалық ақпаратқа негізделген қоғамдық тәжірибелер, осы тәжірибелердің өн бойынан және 
тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жекелеген тұлға және мінсіз қоғам үшін игілік ұғымы өзінің 
тәжірибелік  бейне-сипатын  табады»  деп  анықталады  (Carr  and  Kemmis,  2009).  Осылайша, 
білімді адам ретінде әрекет ету – бұл имандылық және қоғамдық рөл нормалары негізіне сай 
жұмыс бағыттарын орындау немесе мұғалімге қатысты – мінсіз қоғам және табысты оқыту 
туралы түсіндіруді қажет етпейтін тұжырымға сәйкес әрекет ету. Тәжірибелік даналық ретінде 
белгілі болған, моральдық аспектілерді жетік меңгерген мұғалімдер іске асыратын осындай 
қоғамдық тәжірибе фронезис (phronesis) терминімен белгіленеді. Бұл тәжірибелік даналықты 
теорияда жаттап алып, кейіннен тәжірибелік мәнмәтінде қолдану мүмкін емес, себебі бұндай 
мәнмәтін  тарихи  қалыптасқан  салт-дәстүрлерге,  педагогикалық  ойға  және  қызметке  толы. 
Сондықтан тәжірибелік даналық бағалау позициясын қабылдауына қарай біржақты болатыны 
сөзсіз. Карр «тәжірибелік даналыққа тек тәжірибеде жүрген, өз тәжірибесіне негізделген, асқан 
шеберлік  стандарттарына  қол  жеткізуге  талпына  отырып,  жекелеген  жағдайларда  игіліктің 
тиісті қалпын бере алатын дана және орынды ойлар білдіру қабілетін дамытатын адамдар ғана 
ие бола алады» деп атап өтті (Carr, 2006).
Осылайша, педагогикалық қызмет – бұл праксис нысаны, яғни білім беру саласындағы 
практик-маман үнсіз қабылдайтын, мінсіз қоғамның бейнесін іске асыруға бағытталған саяси 
әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет