Кәсіби оқу мәселелері Кәсіби оқыту негізінен мұғалім жұмыс істейтін мәнмәтінде қалыптасады: сыныптағы
жағдайға мемлекет мәдениеті елеулі ықпал етеді, ал ол, өз кезегінде, мектеп орналасқан қоғам
мәдениетімен анықталады. Сондықтан мұғалімнің нақты сыныптағы жұмысын шынайы
бағалау үшін олар жұмыс істейтін мәдени мәнмәтінмен қатар, уақыттың белгілі бір саяси
мәнмәтінін де ескеру маңызды.
Мұғалімдердің практикасы тұрғысынан алынған олардың күнделікті тәжірибесі олардың
түсінігін қалыптастырады, ал олардың түсінігі тәжірибелерін қалыптастырады, сондықтан
егер тәжірибе туралы оқыту дамуда көрінеді десек, бұл тамырын терең тартқан идеяларды
естен шығаруға болмайды.
Мұғалімдер мектеп зерттеуімен айналысу арқылы өз сыныптары туралы білім түзеді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін оқу үдерісіне ықпалдастыру
оның жетілуіне ықпал етіп, мұғалімнің оқуын дамытып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартады
(28-сурет).