100
неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтін тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары
оқытудың іргетасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған. Осы қағидаттарға негізделген
оқыту тәсілдері бүгінгі күнгі танымдық және метатанымдық ғылымға сәйкес әзірленген
оқыту үдерісінің және білім мен түсінік алудың қазіргі негіздемелерінің нәтижелері мен рөлін
неғұрлым нақты көрсетеді».
Білім алушылар қоғамдастықтары біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін
бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады.
Сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтардың маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар
да бар. ЭЫДҰ-ның «Тұрақты икемділік» («Sustainable flexibility») атты зерттеуінде (1997:
34) ақпарат пен білімге негізделген, технологиялар мен өнім нарығының тез ауысуымен
сипатталатын ХХІ ғасырдың жаңа экономикалық жағдайында жұмыс сипаты да өзгеретіні
айтылған. Бұл өз кезегінде қызметкерден күтілетін тиімділікке әсер етеді. Осы өзгерістер
икемділіктің дамуымен және кәсіби қоғамдастықтардың пайда болуымен ілесіп жүреді. Олар
жаңа міндеттерді орындап,
функцияларын ауыстыру үшін аса жедел оқуға дайын жоғары білікті
қызметкерлер мен озық компаниялар арасында өзара іс-қимылмен сипатталады. аталған озық
компаниялар жалпы оқыту, көптеген
функциялары бар жұмыс орындарының санын ұлғайту,
департаменттер мен ұйымдар арасында оқыту жүйесін орнату және қызметкерлерге шешім
қабылдауға мүмкіндік беру арқылы икемділіктің дамуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: