98
2-қадам. Сабақ үстінде
Сыныпқа белгіленген уақытта келіңіз. Сабақ кезінде оқушылардың оқытуға реакциясын
және мұғалім оқыту үдерісінде қандай әдістерді пайдаланатынын бақылаңыз және жазып
алып отырыңыз.
Мысалы, сізге сабақтың кіріспе бөлігінде мұғалім оқушыларға жауап беру кезінде оқығысы
келетін мәтіннің маңызды бөліктерін белгілеу үшін жабыстырғышты қалай пайдалануға
болатынын көрсететінін жазып алуға болады. Сіз топтық талқылау кезінде сыныпты аралап
жүрген уақытта оқушылардың кітаптарды парақтай отырып, өздері белгілеген абзацтарын
табу үшін жабыстырғышты қалай пайдаланғанын, кейіннен өзінің тұжырымдарын бекіту үшін
ол үзіндіні топқа дауыстап оқитындығын байқайсыз. Бір оқушы өзі оқып жатқан романының
басты кейіпкері ашыла бастағандығын айтады, өз тұжырымын дәлелдеу үшін кітаптан таңдап
алған үзінділерін оқып береді. Басқа оқушы бас кейіпкер туралы айтылған осы тұжырыммен
келіспегенде, топ оның идеясын мәтінмен дәлелдеуін сұрайды. Ол өзінің белгілерінің біреуін
ашып, үзіндіні оқиды.
Сіз естігендеріңізді жазып аласыз. Бұл ақпарат «Бақылаудан кейін» кезеңінде кездесу
барысында пайдаланылады. Сіз бұл мұғалімнің оқытуы туралы пікіріңізді осы тұрғыдан жаза
аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: