Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру барысы



Pdf көрінісі
бет186/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   508
Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру барысы
Сабақты  зерттеу  тәсілі  бастапқы  кезеңде  оны  бірлесіп  егжей-тегжейлі  жоспарлауды 
көздейді.  Содан  соң  топтың  бір  мүшесі  зерттеу  сабағын  өткізеді,  ал  қалған  мүшелері  - 
қадағалайды.  Зерттеу  сабағы  аяқталғаннан  кейін  бүкіл  топ  мүшелері  бірден  оқушылардың 
оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Сабақты 
зерттеудің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді 
есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.
Сабақты зерттеу үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай 
бірқатар қадамдар бар:
•  Сабақты зерттеу тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз 
ететін  ережелер  жүйесін  жасайды,  үдеріс  барысында  барлық  мүшелер  бір-бірімен 
сыйластық қарым-қатынаста болады.
•  Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, 
кімді  оқытуды  анықтайды,  мәселен,  «Өздерінің  оқуын  жақсарту  үшін  Х-ті  Y-тің 
мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты.
•  Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зер-
делеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
•  Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай-
ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналаты-
нын шешеді.
•  Топ  зерттеу  сабағын  жоспарлайды,  жоспарда  «бақылаудағы  оқушылардың»  сабақта 
өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
•  Бір  мұғалім  зерттеу  сабағын  жүргізеді,  осы  уақытта  басқалары  –  «зерттелетін  үш 
оқушыны»  басты  назарға  алып,  сабақты  қадағалайды  және  қажет  деген  жерлерін 
белгілеп, түртіп алып отырады.
•  Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен 
сұхбат жүргізеді.
•  Топ  зерттеу  сабағы  аяқталысымен  бірден  талқылау  жүргізеді.  Талқылау  белгіленген 
құрылым бойынша жүреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет