109 ЖҰМЫС әДІСТЕРІ Мұғалімнің көшбасшылығы: зерттеулерге шолу (Мақаланың толық нұсқасын білім беру порталынан (www.cpm.kz) табуға болады) Альма Харрис пен Дэниел Муйжс Уорик университеті 1. Кіріспе Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады
деген пікір кеңінен тараған. Шетел әдебиетінен алынған деректер табысты көшбасшылар
мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты
ықпал ететіндігін дәлелдейді. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен оқу үлгеріміне қатты
әсер етеді десек те, көшбасшылық сапасының мұғалімдердің ынтасы мен балаларды оқыту
деңгейіне ықпалы бар ма деген мәселе төңірегінде үнемі пікірталас туындап жатады.