Сонымен, көшбасшы-мұғалімдердің функциялары мынадай: • өзінің мұғалімдік қызметін үздіксіз жетілдіру;
• мектеп тәжірибесіне шолу жасауды ұйымдастыру және жүргізу;
• оқу бағдарламасын әзірлеу/дамыту жөніндегі біліммен қамтамасыз ету;
• мектепті басқаруға қатысты шешім қабылдауға қатысу;
• мектеп ішінде әріптестерінің біліктілігін арттыру;
• басқа мұғалімдердің тиімділігін бағалауға қатысу.
Мұғалім көшбасшылығының айқын көрініс тапқан және оқшауланған төрт сипаттамасы орныққан: 1. Бірінші сипаттама мұғалімдер мектепті жақсарту қағидаттарын жекелеген сыныптардағы
тәжірибеге көшіру тәсіліне қатысты. Бұл –
орындаушы функциясы, ол көшбасшы-
мұғалімнің негізгі міндеті. Ол мектеп ішіндегі байланыстардың беріктігіне және
мұғалімдерді саналы дамыту үшін барынша мол мүмкіндіктердің ұсынылуына кепілдік
береді.
2. Мұғалімнің көшбасшылығының екінші бағыты
қатысушы көшбасшылық түрінде
көрінеді, бұл ретте барлық ұстаздар өздерінің осы үдеріске қатыстылығын сезініп,
өзгеріс пен дамудың бір бөлігі болып табылады.
3. Үшіншісі – бұл
делдалдық функция. Көшбасшы-мұғалімдер – тәжірибе мен ақпараттың
маңызды көзі. Қажетті білімді олар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын пайдаланып,
басқа көздер мен материалдардан ала алады немесе ұйымнан тыс көмек іздей алады.
110 4. Төртінші сипаттама жекелеген мұғалімдермен тығыз
қарым-қатынас құруға
негізделеді, бұл арқылы олар бір-бірін оқытып, өзара білім алады.