Бағдарламасы (міндетті компонет үшін), ОҚу бағдарламасы


Кафедра: «Гуманиитарлык пәндер»



бет5/14
Дата04.07.2022
өлшемі150,32 Kb.
#37490
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дизайн 2 курс Каз яз

Кафедра: «Гуманиитарлык пәндер».
Мамандығы: «5В042100-«Дизайн»
Пән: Қазақ тілі

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы





Аталымы

Құрастырушылар

Жылы

1.

Қазақ тілі

Қарабаева Х.Ә.
Омарова Б.А.
Нұртазина А.Ө.

Алматы, 2016

2. Пәннің оқу жұмыс жоспары





Название

Автор (ы)

Жылы

1.

Қазақ тілі

п.ғ.к., Үрістенбекова Г.Қ.



2016

3. Пәннің оқу жоспары (Sillabus)





Аталымы

Автор(лар)ы

Жылы

Кітапхана мен кафедрадағы саны

1.

Қазақ тілі

Уристенбекова Г.К.



2018

2

4. Негізгі әдебиет





Аталымы

Автор(лар)ы

Баспа, басылған жылы

Басылым түрі

Кітапханадағы саны

1.

Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған

Картаева А., Мұратбекова А.

Алматы, 2013.

Оқу құралы

5

2.

  1. Іскери қазақ тілі




Бағиева Ш.М.

Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.

Оқу құралы.

10

3

Қазақ тілі.



Орынбаев А.

Алматы, 2008.

Оқу құралы

10

4

Қазақ тілі

Тұрсынова Г.Т.

Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012

Оқу құралы

100

5

Қазақ тілі. Жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарға арналған.

Шүленбаева Ұ.

Алматы, 2014

оқулық

50

6

Қазақ тілі.



Оралбай Н., Құрманалиев К.

Алматы, 2007

оқулық

60

7

Қазақ тілі. Ақпараттық технологиялар және энергетика мамандығына арналған оқу құралы.

Құрманбаева Ш., Мұратбекова А.

Алматы, 2013

Оқу құралы

5

8

Қазақ тілі.



Жақыбаева Қ.А., Акимбекова Г.Ш.

Алматы, 2012

Оқу құралы

65

9

  1. Грамматика казахского языка.




Аймуханова А.А.

Алматы, 2014.

Оқу құралы.

10

10

Қазақ тілі(Қашықтықтан білім беру институтының сырттай оқитын студенттері үшін).

Тұрсынова Г.Т.

Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012.

Оқу құралы.

90

11

Қазақ тілі. Жоғары деңгей.


Жақыбаева К.А., Акимбекова Г.Ш.

Экономика, Алматы: 2012.

Оқу құралы.

25

5. Қосымша әдебиет





Аталымы

Автор(лар)ы

Баспа, басылған жылы

Басылым түрі

Кітапханадағы саны

1.

Қазақ тілі



Құрманбаева Ш., Мұратбекова А

Алматы, 2013

Оқу құралы

5

2.

Қазақ тілі



Әлметова Ә.С., Дәркенбаева Ж.Қ., Хамимульдинова Л.Ж

2015.

оқулық

5

3

Тіл-құрал. В2 деңгей.



Мамаева М.Қ. т.б.

Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.

Оқу-әдістемелік құрал

35

4

Қазақ тілі. (жаластырушы деңгейге арналған)

Әлімбек Г.

«1С -Сервис», 2009.

оқулық

30

5

Қазақ тілі. В1 деңгейге арналған.



Сарсенова С.Е., Үрістенбекова Г.Қ.

  1. Ақтау, 2015

көмекші оқу құралы

6

6

Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы



Досмамбетова Г.Қ. т.б.

Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.

Оқу құралы

5



















6.ПОҚ-ы шығарған оқу құралдары





Автор(лар)ы

Аталымы

Баспа, басылған жылы

Басылым түрі

Кітапханадағы саны

1.

Әбішева Ш.С.

Қазақ тілі (Мұнай-газ мамандығының жалғастырушы топ студенттеріне арналған оқулық)

«Ш.Есенов атындағы КМТИУ», 2011.




6, электронды ресурс

7. Әдістемелік нұсқаулықтар





Аталымы

Автор(лар)ы

Баспа, басылған жылы

Кітапхана мен кафедрадағы саны

1.

Тәжірибе түрлеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар










2.

Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар










3.

Студенттерді мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар










8.Әдістемелік нұсқаулар (қолда бар)





Аталымы

Автор(лар)ы

Баспа, басылған жылы

Кітапхана мен кафедрадағы саны

1.

Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар










1

Практикалық қазақ тілінен аралық бақылауғ аарналған тест сұрақтары. (Оқу-әдістемелік нұсқау)

Аймуханова А.А., Үрістенбекова Г.К

Ш.Есенов ат. КМТИУ баспасы, 2010.

10, электрондық ресурс

2

Қазақ тілін дамыта оқыту (әдістемелік құрал)

Үрістенбекова Г.К

Ш.Есенов ат.КМТИУ баспасы, 2012.

3, электронды ресурс

9. ПЭОӘК




Сабақ түрі

Бағдарламалық өнімнің аталымы

Белгілеу

1.

Контенттер










Байгабулова, К.Т.



Казахский язык быстро и легко [Электронный ресурс]: новый курс изучения казахского языка / К.Т. Байгабулова.- Audio CD(E)(44байт).- Алматы: Аруна, 2010.- 10диск




2

Аймуханова А.А. ,
Жеткізгенова Ә.Т.

Қазақтілі. Электронды оқулық / А- 395Мб.- Актау: КГУТиИ, 2013.- 1 компакт-диск.




3

  1. Мамаева М.Қ. т.б.

Тіл-құрал. В2 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.






10. Дәріс кешені





Аталымы

Автор (лар)ы

Дәріскер мен кафедрада бар, жоқтығы

1.

Дәріс тезистері







2.

Иллюстративтік материал




бар

3.

Таратылатын материал




бар

11. СӨЖ-ге арналған материал





Аталымы

Автор (лар)ы

Кафедрада бар, жоқтығы

1.

СӨЖ-ге арналған тапсырмалар (рефераттар, баяндамалар және т.б.)










Практикалық қазақ тілінен студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар жинағы [электрондық ресурс]: экономика мамандықтарына арналған әдістемелік нұсқау.Ақтау: КМТИУ, 2010.- 32 б.

Аймуханова А.А., Үрістенбекова Г.К

бар

2.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі (бар болса, 4,5п. көрсету)




бар

12. Пәннің материалдық-техникалық қамтылуы


Мамандандырылған оқу зертханалары (аудиториялар, кабинеттер)





Жайдың аталымы және құралдары

Отырғызу орындарының саны

1.

























Кафедра меңгерушісі:

Кітапхананың топтама (комплектеу) бөлімі меңгерушісімен келісілген:


(4,5-пункттер)

5.ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР;


1 СЕМЕСТР

№ 1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы: Қазақстанның әлеуметтік-географиялық орны, әлеуметтік-әкімшілік бөлінісі. Елорда. Ірі және көне қалалар.
Грамматика: Жай сөйлем. Интонация. Екпін.
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы орны туралы білім қалыптастыру. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа кіру жолдары мен себептері. Халықаралық экономикалық байланыс жасайтын елдері туралы қысқаша мағлұмат беру. Астана қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыру. Көне қалалар туралы алған білімдерін саралай отырып бекіту. Астана тарихын насихаттау арқылы студенттердің тіл байлығын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.  Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Әдістемелік нұсқау:


Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы орны. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа кіру жолдары мен себептері. Халықаралық экономикалық байланыс. Астана қаласының тарихи-мәдени орындары.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, «Үш таяқша» әдісі бойынша 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея жазу.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3.АКТ-мен жұмыс. «Кім шапшаң» әдісі бойынша тапсырмаларды орындау.
4.Сәйкестендіру тапсырмасы

Әдебиеттер:


Н.Ә.:№1, 26, №7, 194-197 бб, №8,88-89, 103-104 бб
Қ.Ә.:№5, 62-66 бб, №6, 98-103 бб

№ 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы: Ел басқару жүйесі. Президент. Үкімет. Сот.
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары.

Сабақтың мақсаты:Ел басқару жүйесі туралы мағлұматтарын кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті. Үкімет. Сот жүйесі туралы түсініктер беру.


Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары
Әдістемелік нұсқау:
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға екендігі.

Тапсырмалар:


1.Бос орындарға қажетті сөз тіркестерін қойып, сөйлемді  толықтыру. 
Мәтіндегі негізгі ойды беріп тұрған сөздерді теріп  жазу.  
2.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданаотырып, сөйлем құрау.
3.Мәтінді 5 бөлікке бөліп оқып, әңгіменің негізгі идеясын айту. 
Әдебиеттер:
Н.Ә.: №7,187-191 бб, №8, 90-91бб
Қ.Ә.:№4 , 162-163 бб
№ 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырыбы: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары.
Грамматика:Бөгде сөз.

Сабақтың мақсаты:Ұлттық қауіпсіздік туралы түсініктерін молайту. Құқық қорғау органдарыБейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріп, Отан қорғау ісі ең басты міндеттері екенін ұғындыру. Бөде сөз, оның түрлерін сөйлемдерде ажырата білу.


Әдістемелік нұсқау:
Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми және тәжірибелі мәселе екендігі. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұратындығы: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. 

Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқып, мәтінге ат қою.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3.Мәтінге семантикалық карта немесе Т кестесін құрау.
4. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.

Әдебиеттер:


Н.Ә.:№1, 255-230 бб
Қ.Ә.:№10, 279-285 бб

№ 4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы:Экономикалық жүйе. Ішкі және сыртқы сауда.

Сабақтың мақсаты: Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары, ТМД елдерімен екі жақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу, ішкі және сыртқы сауданың негiзгi принциптерi туралы түсінік беру.


Әдістемелік нұсқау:Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болғаны немесе белгіленгені.Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы.


Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, «Үш таяқша» әдісі бойынша 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея жазу.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3.АКТ-мен жұмыс. «Кім шапшаң» әдісі бойынша тапсырмаларды орындау.
4.Т-кестесі. «Сәйкесін тап» әдісі бойынша сұрақтар.

Әдебиеттер:


Н.Ә.:№2, 107-108 бб, №3, 4-6 бб,№9, 159-164, 185-189, 213-231 бб.
Қ.Ә.:№3, 44-60 бб, №4, 20-22 бб.

№5 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы:Ақша кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта.
Грамматика: Сұрау мәнді сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Ақша туралы түсінік бере отырып,ақшаның пайда болуы,ақша қызметтерін айтып түсіндіру,ақшаны үнемді жұмсауға, экономиканың дамуына өз пайдасын тигізуге үйрету, Ұлттық валютаны айналымға енгізуілі, несие формалары туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқау:Ұлттық валюта – теңгені енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылуы, оның қорғалуы, несиенің экономикалық категория ретінде формаларға ие болуы.


Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқып, диалог құрастыру.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
4. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.
5.АКТ-мен жұмыс. «Кім шапшаң» әдісі
6.Шығармашылықпен жұмыс. (ой-бөлісу).

Әдебиеттер:


Н.Ә.:№1, 169-171 бб, №3, 11-31 бб, №7, 140-142 бб, №8, 96, 105б, №9, 22-23 бб.
Қ.Ә.:№6, 48-51 бб.

№6 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы: Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар.
Грамматика: Болымсыздық категориясы.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының қалыптасуы, оның әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болуы үшін түрлі халықаралық ұйымдармен байланысын, өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін түсіндіру.Қосымша материалдарды пайдалана отырып, ізденіске баулу, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, саяси сауаттылықтарын дамыту.
Әдістемелік нұсқау: Елдің қауіпсіздігі мен халықаралық беделін көтеру маңыздылығын білу, саяси және халықаралық ұйымдардың қызметі, адамзатқа бейбіт өмір сыйлай алатын, саяси сауатты қоғам тұлғаларын тәрбиелеудің маңызын ұғыну.

Тапсырмалар:


1.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
2. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.
3. Мәтінге жоспар құру.
4.Мәтінге диалог құрастыру.

Әдебиеттер:


Н.Ә.: №1, 120, 123 б, №4, 175 б, №9, 61-67бб.
Қ.Ә.: №1, 263-265 бб, №3, 72-95, 217-228 бб.

№7 тәжірибелік сабақ:


Тақырыбы: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары.
Грамматика: Сан - мөлшер категориясы

Сабақтың мақсаты: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы туралы жүйелі білім беру. Сабақ барысында тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.


Әдістемелік нұсқау:Қазақстан Республикасында адам құқыктары мен бостандықтарын айқындайтын құқықтық нормалар мен ережелерінің маңызын ұғыну.

Тапсырмалар:


1.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
2. Мәтінге жоспар құру.
4. Жағдаяттық тапсырмаларды орындау.
5.Сұхбатты жалғастыру.

Әдебиеттер:


Н.Ә.: №1, 101-105 бб, №6, 26-50 бб, №9, 6-8, 35-41 бб.
Қ.Ә.: №1, 296-299 бб, №3, 6-19, 32-44 бб, №7, 89-99 бб.
№8 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырыбы: Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі
Сабақтың мақсаты: Отбасындағы ұлттық дәстүрмен таныстыру, туыстық қарым-қатынасты сақтау, үзбеу сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын әдет-ғұрыптарды білгізуге жағдай жасау, имандылыққа, адами қасиеттерді сыйлауға тәрбиелеу туралы мағлұматтар беру.

Әдістемелік нұсқау:Отбасындағы бала тәрбиесі, неке, баспана ұғымдарының маңызын түсіну.


Тапсырмалар:


1.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
2. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.
3. Мәтінді оқып, мазмұндау.
4.Мәтінге диалог құрастыру.

Әдебиеттер:


Н.Ә.: №1, 179, 189 б, №4, 39-40 бб, №6, 252-255 бб.
Қ.Ә.: №4, 125-128 бб, №5, 75-78 бб, №6, 18-21 бб.
№9 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырыбы: Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық. Кітапхана.
Грамматика: Анықтауыштық қатынас.

Сабақтың мақсаты: Сабақ барысында жалпы, мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жасалып жатқан шаралар туралы, Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет екенін ұғындыру. Жаңа сөздерді байланыстыра отырып, грамматикалық жаттығулар орындау арқылы олардың мағыналарын терең меңгеру. Білім беретін мекемелермен таныстыру. Студенттердің әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ойын дамыту. Студенттерді білім ордасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мамандықтың түрлері, соның ішінде өз мамандығының маңыздылығы, білімордасы туралы толық ақпарат беру.


Әдістемелік нұсқау:Білім, кәсіп дегеніміздің - кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде алынатын белгілі бір білімдер мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі екендігін түсіндіру. Ал көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылатындығы, мамандықтың алуан түрлілігі, атаулары, маңыздылығы туралы және өз мамандықтары мен білімордасы жайлы мол мағлұматтар алу.


Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқып, диалог құрастыру.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
4. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.
5.АКТ-мен жұмыс. «Кім шапшаң» әдісі
6. Шығармашылықпен жұмыс. (ой-бөлісу).

Әдебиеттер:


Н.Ә.: №1, 175-176 бб, №3, 31-38 бб, №8, 93 б.
Қ.Ә.: №4, 150-152 бб, 168-170 бб, №5, 30-35, 58-62, 72-76бб, №6, 78-84 бб.
№10 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырыбы: Ғылым мен инновациялық технология. Танымал ғалымдар.
Грамматика: Меншік мәнді сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Сабақ барысында жалпы,инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл- өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдасырушылық, қаржылық, ғылыми – зерттеу және басқа да салаларда жаңалықтар енгізу, инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу екендігітуралы толық ақпарат беру.


Әдістемелік нұсқау: Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерін одан әрі жақсартуды қажет етіп отырғанын ұғындыру.


Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқып, мәтінге ат қою.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3.Мәтінге семантикалық карта немесе Т кестесін құрау.
4. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.
5. Мәтінді орыс тілінде мазмұндау.

Әдебиеттер:


Н.Ә.:.№3, 8-11 бб.
Қ.Ә.: №10, 36-39 бб, №11, 18-19 бб.

№11 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы:Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы.
Грамматика:Көмекші есімдер қызметі.

Сабақтың мақсаты: Сабақ барысында жалпы, еңбек нарығы мен еңбек тәртібі, демалысы туралы толық ақпарат беру.


Әдістемелік нұсқау: еңбексүйгіштік, табандылық, еңбекқорлық, қамқорлық.


«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
студенттердің еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ұғындыру.

Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқу, мазмұндау.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
4. Шығармашылық тапсырмаларды орындау.

№12 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы:Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы.
Грамматика:Қимыл есімдер қызметі.

Сабақтың мақсаты: Денсаулық, медициналық қызмет, халық медицинасы туралы толық ақпарат беру.


Әдістемелік нұсқау:«Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден-ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендгін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтына қалыптастыру.


Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқу, мазмұндау.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
4. Шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Әдебиеттер:


Н.Ә.:№7, 156-160 бб, №8, 106 б
Қ.Ә.:№4, 148-150 бб, №5, 111-115 бб

№13 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы:Салауатты–өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.
Грамматика: Міндет жауапкершілік мәнді сөйлем

Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту,кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.Студенттерді зиянды әдеттерден сақтандыру, олардан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге,салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.


Студенттерді ұлттық спортымыз бен еліміздің атақты спортшыларымен таныстыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу, мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Әдістемелік нұсқау: Салауатты өмір салтын нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлық тәрбиесі екенін ұғындыру.


Тапсырмалар:


1.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
2. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.
3. Мәтінді оқып, мазмұндау.
4.Әртүрлі ақпараттар дайындау.

Н.Ә.: №4,59-61 бб.


Қ.Ә.: №1, 277-283 бб, №5, 47-50 бб.


2 СЕМЕСТР
№1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырыбы: Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі.

Сабақтың мақсаты: Тағамтану. Ұлттық тағамдар туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдар түрлерімен таныстыру. Мейрамханалық бизнес туралы білімдерін кеңейту.


Әдістемелік нұсқау:Бүгінде мейрамхана бизнесі елімізде қарқынды түрде дамуы. Оның әрі табысты, әрі пайдалы кәсіп түрі саналуы. Бұрынғы кеңестік кезеңдегі қоғамдық тамақтандыру орталықтары деңгейінен әлдеқайда өскендігі. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша дамыған салалардың бірінші сатысында тұруы. Мейрамханалардың қоғамда маңызды роль атқаратындығы. Мейрамханаларға «бару» маңызды әлеуметтік функция болып табылатындығы.

Тапсырмалар:


1.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
2. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.
3. Мәтінді оқып, мазмұндау.
4.Әртүрлі ақпараттар дайындау.
5.Кесте бойынша жұмыс істеу
Әдебиеттер:
Н.Ә.:№7, 101-112бб
Н.Ә.:№4, 132-134 бб, №5, 84-95бб, №6, 61-68 бб
№2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырыбы:Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес.
Грамматика:Тиым мәнді сөйлем.
Сабақтың мақсаты:Бизнес пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі, жеке кәсіпкердің немесе фирманың іскерлік қызметітуралы толық ақпарат беру.

Әдістемелік нұсқау:Бизнесті ұйымдастырудың түрлерімен (жеке басты иелік, серіктестік, корпорация) танысу, бизнес, кәсіпкер, бизнес жоспар т.б. ұғымдармен танысу.


Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқу, мазмұндау.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.

Әдебиеттер:


Н.Ә.:.№3, 73-104 бб, №4, 64-66, 78-80, 203-204бб.
Қ.Ә.:№5, 30-32 бб.

№3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы: Ар - ождан бостандығы. Дін және діни таным. Діни мерекелер.
Грамматика:Етістік категориясы.

Сабақтың мақсаты: Ар - ождан бостандығы, дін және діни таным, діни мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, сөздік қорын молайту, жазылым, оқылым тілдесім, тыңдалым әдістерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ойын жеткізе білуге дағдыландыру; Студенттердің қатысымдық және лингвомәдени құзыреттілігін дамыту.


Әдістемелік нұсқау:
Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланыстылығы, исламдағы діни мейрамдар
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқу, мазмұндау.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, мәтінді басқаша өз ойларымен құрастыру.

Әдебиеттер:


Н.Ә.:№1, 118-123 бб
Қ.Ә.:№10, 120-122 бб
№4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырыбы:Ұлттық салт дәстүрлер.
Грамматика:Есімше категориясы.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу,өз ұлтына, әдет - ғұрып, салт - дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтан алған ақпаратты күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету.


Әдістемелік нұсқау: Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру, ұлттық құндылықтардың өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру


Тапсырмалар:


1.Мәтінді оқу, мазмұндау.
2.Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
3. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
4. Шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Әдебиеттер:


Н.Ә.:№1, 133-136 бб, №7, 231-235 бб, №8, 95 б
Қ.Ә.: №4, 32 б, №10, 194-200 бб

№5-6-7 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырыбы:Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері. Театр. Мұражай.
Грамматика:Етіс категориясы

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі, халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарағандығы, өркендеген мәдениеттің тілі, ғылым мен публицистиканың, ресми іс қағаздарының тілі болып, стиль жағынан жан-жақты саралануы.


Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің түрлерінің бірнеше салаға жіктелуі: қолөнері, саз өнері, мүсін өнері, сөз өнері.
Әр саладағы белгілі өнер шеберлері Ә.Қашаубаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Б.Төлегенованың, Ш.Аймановтың, А.Әшімовтің т.б. еңбектері.
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс екендігі. Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызып, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отыруы.
Қазақ тілінде етістің түрлері: негіз етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, өзгелік етіс және ортақ етіс.

Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында мәтін тезистерін мұқият қайталап оқумен атар, көрсетілген әдебиеттермен танысып шығу пайдалы. Оқытушының нұсқаған материалдарын мұқият оқып шығып, тапсырмаларды орындау керек. Сабақтың тапсырмаларын толық орындап, өзіндік сөздік дайындағаны жөн


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Қазақ тілінде қандай құндылықтар сақталған?
2.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы айтқан сөзін қалай ұғынасыз?
3.Мемлекеттік тіл мемлекеттік рәмізге жата ма?
4.Дүние жүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі, мемлекетіміздің басты тілі қай тіл?
5.Қазақтың әрбір оюының ізінде қандай мән-мағына жатыр?
6.Қазақ халқы өзге ұлттан несімен ерекшеленеді?
7.Көркем шығармашылықтың ең көне түрі қандай?
8.Зергерлік өнерді қандай адамдар меңгереді?
9.Қазақстан аумағында алғашқы театрлар қай ғасырдан бастап құрыла бастады?
10.ҚР тұңғыш президенті мұражайы туралы не білесіз?
11. Түбір етістіктің де, басқа сөз табынан жасалган туынды етістіктің де алғашқы тура қалпында айтылған түрін қандай етіс деп аталады?
12. Істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі қалай аталады?
13. Істі істеуші нақты айтылмай, біреу емес, бірнеше адам істегенін көрсететін етістік қалай аталады?

Тапсырмалар:


1.Тіл туралы мақал-мәтелдермен танысу, жатқа айту.
2.«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңнан (4-бап) үзінділерді оқып, мазмұндау.
3. Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
4. «Семантикалық карта», «Графикалық диктант» әдістері бойынша тапсырмаларды орындау.
5. Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра отырып, сұхбат құрастыру.
6.Сөйлесім әрекеті тыңдалым бойынша диалогты тыңдап, тест сұрақтарына жауап беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Орынбаев А. Қазақ тілі. Алматы, 2008.

  2. Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы, 2007.

  3. Жақыбаева Қ.А., Акимбекова Г.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2012.

  4. Досмамбетова Г.Қ. т.б. Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.

№8-9 тәжірибелік сабақ


Өнегі ғұмыр: тарихи тұлғалар. Көмекші етістік

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының ақын, аудармашы, ағартушы, жазба қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламғасүйене отырып, орыс және Еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор екендігі. Абайдың ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткендігі.


Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік біліп, бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болғандығы. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды екендігі.
Ыбырай Алтынсариннің саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға екендігі. Ол өзінің ағартушылық, педагогиялық, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнағандығы. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналғандығы.
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты- Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі болғандығы. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай беретіндігі. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал еткендігі.
Бауыржан Момышұлының жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болғандығы, әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға екендігі. Оның қазіргі кезеңде мақал-мәтелге айналған қанатты сөздері мен оның ерекшеліктері маңыздылығы.
Қаныш Сәтбаевтың ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқаны. Ғалымның геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол екендігі. Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналғандығы.
Шаһмардан Есенов - қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Қазақ КСР ғылым академиясының академигі. Шаһмардан Есенов - академик Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті болғандығы. Оның шыншыл, әділетшіл жан екендігі.
Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде көмекші етістіктің түрлері. Кейбір етістіктер әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде жұмсалуы.
Әдістемелік ұсыныстар: Студенттер атақты тұлғалардың өнегелі ғұмырлары туралы түсінік алып, олардың әрқайсысы туралы толық мәлімет алуы үшін көрсетілген әдебиеттермен танысып шығуы пайдалы болмақ. Танымал тұлғалардың өмір жолы, шығармаларының тақырыбы, ашқан жаңалықтары, істеген ерлік істері жайында ақпарат алғаны дұрыс. Жұмыс арнайы дәптерге толтырылады. Аудиторияда топтың арасында талқыланады
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Абай кім болған?


2.Абайдың қандай тақырыптарға өлеңдер жазған?
3. Абайдың бір өлеңін жатқа оқи аласыз ба?
4. Ыбырай халқы үшін, халқының болашағы үшін не істеді?
5. Ыбырайдың балаларды оқу-білімге шақыратын қандай әңгімелері бар?
6. Қандай еңбектер жазған?
7.Шоқан кім болған?
8.Ол орыстың қандай атақты адамдарымен дос болған?
9.Ғалым қай салада еңбектер жазған?
10.Оған қандай баға берген?
11.Бауыржанның ерлік істері туралы не білесіңдер?
12.Ол туралы қандай шығармалар жазылған?
13.Қ.Сәтбаев қазақ ғылымына қандай үлес қосқан?
14.Ш.Есеновтің геология саласында жасаған еңбектер жайында не білесіздер?
15. Көмекші етістік дегеніміз не?

Тапсырмалар:


1.Көмекші етістіктерді қатыстыра отырып, суретке қарап мәтін құрау
2. Берілген етістіктерді пайдаланып, бір шумақ өлең құрау.
3.Сөйлесім әрекеттері айтылым, оқылым бойынша Абайдың қарасөздерін оқып, мағынасын мазмұндау.
4. Абайдың «Қыс» өлеңінің мағынасын қағаз бетіне түсіру, постер қорғау. Өлең жолдарынан кездескен есімшелерді теріп жазу.
5. Венн диаграммасы бойынша көмекші есім мен көмекші етістікті салыстыру
6. Ы.Алтынсариннің өміріне байланысты хронологиялық таблицаны толтыру
7. Мәтінді қазақ тіліне аудару.
8.Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру
9. Диaгрaммaны тoлтыру.
10. Берілген материалдар бойынша Шоқан туралы кестені толтыру.
11. Тест сұрақтарына жауап беру.
12.Берілген ақпараттарды сәйкестендіру.

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Картаева А., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Алматы, 2013.

  2. Орынбаев А. Қазақ тілі. Алматы, 2008.

  3. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.

  4. Шүленбаева Ұ. Қазақ тілі. Жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарға арналған. Алматы, 2014

  5. Мамаева М.Қ. т.б. Тіл-құрал. В2 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.

  6. Досмамбетова Г.Қ. т.б. Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.

№10-11 тәжірибелік сабақ


Табиғи ресурстар. Су ресурсы. Қазба байлық ресурстары.
Көсемше категориясы

Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі (минералдық, биологиялық, энергетикалық) табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы, табиғат ресурстарының қорлары мен таралуы, табиғи ресурстар сарқылуына байланысты 2-ге бөлінуі: сарқылатын және сарқылмайтын.


Гидросферадағы барлық сулардың өзен, көл, канал, су қойма, теңіз және мұхиттар, жер асты сулары, мұздықтар және атмосферадағы су буларының су ресурстарына жатқызылуы. 
Пайдалы қазбалар – химиялық өнеркәсіп шикізаты. Пайдалы қазбалардың техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар екендігі, және өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінуі.
Негізгі амалды білдіретін немесе оны айқындай түсіп, қосымша қимыл, амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің түрі көсемше, сөйлемде атқаратын қызметі,жасалу жолдары.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында Қазақстанның пайдалы қазбалар бойынша әлемде нешінші орынды иеленетінін ақпараттармен толықтыру мақсатында көрсетілген әдебиеттерден бөлек материалдармен танысып шығу пайдалы және силлабуста көрсетілген тапсырмаларды орындау керек.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1.Табиғи ресурстар нешеге бөлінеді?
2. Сарқылатын ресурстарға қандай ресурстар жатады?
3. Сарқылмайтын ресурстар нешеге бөлінеді және оған қандай ресурстар жатады? 
4. Өсімдіктер мен жануарлар қай ресурс түрлеріне жатады? 
5.Қазақстандағы мұнай және газ орындары қай облыстарда өндіріледі?
6.Пайдаланылуына байланысты пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді?
7.Пайдалы қазбалар физикалық құрылымына қарай неше типке бөлінеді?
8. Өзі қарасты етістік істің амалын, кейде мезгілін не шартын көрсететін етістіктің түрі қалай аталады?
9. Өткен шақтық көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
10. Етістіктің түбіріне -ғалы/-гелі, -қалы/-келі жұрнақтары қосылу арқылы асалған көсемшенің түрі қалай аталады?

Тапсырмалар:


1.«Сұрақ бізден – жауап сізден» әдісі бойынша тапсырмаларды орындау.
2. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
3.«Кім шапшаң» әдісі бойынша шағын мәтінді орыс тіліне аудару.
4. Мәтін мазмұнын пайдалана отырып, сұхбат құрастыру.
5. Сөйлесім әрекеттері оқылым және айтылым, жазылым бойынша мәтіндерді оқып, мазмұндау.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Орынбаев А. Қазақ тілі. Алматы, 2008.

  2. Мамаева М.Қ. т.б. Тіл-құрал. А1 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.

  3. Мамаева М.Қ. т.б. Тіл-құрал. А2 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.

  4. Досмамбетова Г.Қ. т.б. Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.

  5. Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы, 2007

№12-13 тәжірибелік сабақ


Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.
Бұйрық мәнді сөйлем
Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіруі. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеуі. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болуы. Мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударуы. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өсуі.
Біреуге бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрық мәнді сөйлем деп аталуы. Бұйрық рай жасайтын арнайы қосымша жоқтығы, бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілуі. Бұйрық мағынаның кімге бағытталғанын білдіру үшін етістіктің түбіріне тікелей жіктік жалғауы жалғануы. Бұйрықты сөйлемдегі интонация ерекшелігі.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында көне және заманауи ескерткіштердің ерекшеліктеріне мән бере отырып, тапсырмаларды орындау керек. Жалпы «Архитектура» өнерінің шығу тарихы туралы қосымша әдебиеттермен толығырақ ақпарат алғаны дұрыс.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қазіргі Қазақстанның жануарлар дүниесі туралы не білесіңдер?
2. Мaңғыcтay өлкeci жaнyaрлaр дүниeci қандай?
3.Қызыл кітап деген не?
4.Жойылып кеткен қандай аң, құстар, өсімдіктер бар?
5.Аққу туралы қандай аңыз-әңгімелер бар?
6. Ақбөкендердің тіршілігінің ерекшелігі қандай?
7.Бұйрық мәнді сөйлемнің жасалу жолдары қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет