СӨЖ тапсырмалары:
1.Автомобиль, темiр жол, су және әуе көлiгiнің негiзгi артықшылықтар мен кемшiлiктерді сипаттаңыз
2.Маңғыстау облысындағы көліктік компанияның мысалындағы логистикалық қызмет көрсетудің даму деңгейі (ақпарат дайындау)
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, жоспар құрау
2. Мәтінді оқып, диалог құру.
3. Таблицаны толтыру. Әр көліктің ерекшеліктерін жазу.
4. Сөйлемдерді оқып, келісетін, келіспейтіндігіңізді белгілеу.
5. Тест тапсырмаларын орындау.
6.Сергіту сәтінде жұмбақты шешу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Бағиева Ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.
2.Шүленбаева Ұ. Қазақ тілі. Жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарға арналған. Алматы, 2014.
3. Досмамбетова Г.Қ. т.б. Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.
№9-10 тәжірибелік сабақ
Туризм индустриясы. Қонақ үй бизнесі.
Болжау мәнді сөйлем
Қазіргі таңда туризм саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің экономикасында басыңқы рөлдерін бірін атқарады. Қазақстан Республикасы туризм саласын дамыту да өзінің қолайлы климаттық жағдайына, қайталанбас мәдени ескерткештіріне және т.б. факторларына байланысты ерекше мүмкіндіктерге ие.
Қазақстандағы туристік ресурстардың – табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары болып бөлінетіндігі, Қазақстандағы туризмнің қарқынды дамуы, республикамыздағы туристік фирмалардың жұмысы.
Қонақ үй индустриясы әлемдік экономиканың маңызды саласы. Қонақ үй қызметтерінің ерекшеліктері.
Болжау мәнді сөйлемнің ерекшеліктері, тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтау және оларды мәтінмен жұмыста ұтымды пайдалана білу.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында Қазақстанның туризм индустриясының дамуы, қонақ үй бизнесінің дамуы туралы газет-журнал, теледидардан көрсететін танымды бағдарламаларды қарап, көріп толықтай, тереңірек мәлімет алғаны дұрыс.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қазақстандағы туристік ресурстар неше топқа бөлінеді?
Табиғи-рекреациялық нысандарға қандай табиғи нысандар жатады?
Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық секілді тарихи орындар қандай нысандарға жатады?
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республиканың қай аумағында көптеп кездеседі?
Қонақ үй индустриясының әлемдік экономикада алатын орны қандай?
Болжау мәнді сөйлем жасауда -ар, -ер, -р, -с қосымшаларының қызметі қандай?
Тапсырмалар:
1.«Қарлы кесек» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
2.«Үш таяқша» әдісі бойыншатапсырмаларды орындау.
3. Сөйлеу әрекетінің түрі тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беру.
4. Блум таксономиясы бойынша (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) ойларын жинақтау, топтастыру мақсатында кластер толтыру.
5. Диаграмманы толтыру.
6. Сергіту сәтінде сөзжұмбақтарды шешу.
7. Болжау мәнді сөйлемге мысалдар келтіру арқылы тапсырмаларды орындау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Орынбаев А. Қазақ тілі. Алматы, 2008.
2.Құрманбаева Ш., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Ақпараттық технологиялар және энергетика мамандығына арналған оқу құралы. Алматы, 2013
3.Мамаева М.Қ. т.б. Тіл-құрал. В2 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.
4.Әлімбек Г. Қазақ тілі. (орта деңгейге арналған). Астана, «1С -Сервис», 2009.
5.Күзекова З. С., Аяпова Т. Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, А1 - Астана, 2011.
№11 тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |