Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,78 Mb.
#5522
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары 
басшыларының біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 
Педагогикалық шеберлік орталығының жобасы
Бағалау нұсқаулығы
 Қазақстан Республикасы жалпы білім беру 
ұйымдары басшыларының біліктілігін 
арттыру курстары

2
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2013
Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, 
фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нысанды  қоса  алғанда,  авторлық  құқық  берушінің 
жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.

3
Мазмұны
 
A Бөлімі Директорларды бағалау
              

Кіріспе 
4
         

Таныстырылымдарды формативті бағалау 
5
 
  2.1  Портфолионы бағалау қағидалары 
5
 
  2.2  Таныстырылымдарды формативті бағалау үдерісі 
5
 

Портфолионы бағалау 
6
 
  3.1  Портфолио мазмұны 
6
 
  3.2  Портфолионы бағалау үдерісі 
10
            
4          Сертификаттауға, қайта тапсыру және апелляцияға ұсынылғандар 
            тізімін ресми бекіту рәсімдері  
                                                                               12
B Бөлімі Тренерлерді бағалау 
            

Кіріспе 
13
            

Портфолионы бағалау 
14
 
  6.1  Портфолионы бағалау қағидалары 
14
 
  6.2  Портфолио мазмұны 
14
 
  6.3  Портфолионы бағалау үдерісі 
15
            
7          Сертификаттауға, қайта тапсыру және апелляцияға ұсынылғандар 
                        тізімін ресми бекіту рәсімдері 
                                                                               20
            

Бағалау сапасын қамтамасыз ету 
20
           
 9 
Ресертификаттау 
21
 
9.1 
Тренерлердің үздіксіз дамуының дәлелдемелері   
21
 
9.2 
Ресертификаттау үшін тренер портфолиосының мазмұны 
21
C Бөлімі Эксперттерді бағалау 
Қосымшалар 
22
            1 
Директор стандарттары 
23
            2 
№1 таныстырылымды бағалау проформасы 
26
            3 
№2 таныстырылымды бағалау проформасы 
27
            4 
Директор портфолиосын бағалау рубрикасы 
28
            5 
Тренер стандарттары 
35

4
A Бөлімі   Директорларды бағалау
Қазастан  Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшыларының 
біліктіліктін арттыру курстарында директорларды бағалау 
1 Кіріспе
Бұл  бағдарлама  директорларды  оқытуға  және  олардың  директорлар  стандарттарын  меңгеруіне 
арналған (1 Қосымша). Бағдарлама 21 ғасыр мектебінің көшбасшы жетекшісіне қажетті түсінік пен 
дағдыларды қалыптастыруда директорларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл бағдарламадағы 
қолданыстағы түсінік пен дағдылар директорлар стандарттарында белгіленген. Оларға келесілер 
кіреді:
•  адамгершілік  мақсаттарға  негізделген  мектеп  қоғамы  үшін  түсінікті  қағидалар  мен 
құндылықтар;
•  қағидалар мен құндылықтарға қатысты «тиімді» оқыту мен сабақ беруді түсіну;
•  мектеп жағдайы туралы дәлелдерді жинау және жинақтау қабілеті;
•  мұқият әзірленген құндылықтар мен қағидаларға, сонымен қатар мектептің жағдайы туралы 
дәлелдерге негізделген стратегиялық жоспарлауды түсіну;
•  мектепті басқару және дамуын қолдау үшін мектептегі әріптестермен, ата-аналармен және 
кеңірек қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс жасау қабілеті.
Бағдарлама екі «бетпе-бет» аудиторлық кезеңнен және мектептегі тәжірибедегі екі қашықтықтағы 
кезеңнен  тұрады.  Курс  алдында  директорлар  бірінші  «бетпе-бет»  кезеңі  барысында  мектептің 
жағдайы туралы талдауды жүргізуге көмектесетін өз мектептері туралы мәліметтерді жинақтаумен, 
сауалнама  жүргізумен  және  т.б.  айналысады.  Бұл  талдау  мектептің  даму  жоспарын  құру  және 
стратегиялық дамудың басымдықтарын сәйкестендіру үшін тірек нүкте болып табылады. Бірінші 
«бетпе-бет»  кезінде  директорлар  «әзірлеушілер  тобымен»  бірлесіп  оны  одан  ары  енгізу  және 
сапаны бағалау (эвалюация) мақсатында мектептің даму жоспарын жасайды. Олар «әзірлеушілер 
тобы» жиналыстарының жазбалары, коучинг жоспарлары, сабақтарды бақылау және эвалюацияны 
қолдау үшін оқушылардың арасында сауалнама жүргізу сияқты дәлелдер жинайды.    
Директорлар эвалюация дәлелдемелері талдау жұмысы бойынша негізгі қолдауды екінші “бетпе-
бет“ аудиторлық кезеңде алады. Соңында бұл талдау тәжірибенің анағұрлым ұзақ екінші кезеңінде 
мектептің даму стратегиясын енгізу бойынша жұмысты жоспарлау үшін көмектеседі. Бұл кезең 
алты  айға  созылады,  бұл  директор  мен  оның  тобына  мектептің  ұзақ  мерзімді  даму  жоспарын 
әзірлеу, енгізу және бағалауына мүмкіндік береді. Мұндай жоспар мектептегі барлық мұғалімдерді 
олардың қызметін бағалау арқылы кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.   
Бағдарламаның  әрбір  кезеңінде  директорлар  таныстырылымдар  мен  жазба  есептер  арқылы 
дамыған  түсінік  пен  дағдыларды  көрсетеді.  Мысалы,  Бағдарламаның  аудиторлық  кезеңдерінде 
директорлар  таныстырылымдарын  көрсетеді.  Тренерлер  мен  әріптестер  таныстырылымдар 
мазмұнына формативті пікір береді, ол портфолио есептерін жазуға көмектеседі. 
Директорлар  портфолиосында  ұсынылған  дәлелдемелер  негізінде  Бағдарламаны  табысты 
аяқтағаны туралы суммативті баға беріледі.

5
«Бетпе-бет»  аудиторлық  кезеңдері  мен  мектептегі  екінші  тәжірибе  кезінде  директорлардың 
портфолионы әзірлеуге және оны суммативті бағалауға дайындауға уақыты жеткілікті. Тренерлер 
аудиторлық  кезеңдерде  өз  топтарына  формативті  қолдау  көрсетіп,  портфолио  мазмұны  және 
құрылымы бойынша кеңестер береді. Тренер мен директордың арасындағы портфолио есептерін 
жетілдіру бойынша қашықтықтағы жұмыс мектептегі тәжірибе кезінде де жалғасады. 
2. Таныстырылымдарды формативті бағалау
2.1 Таныстырылымдардың мазмұны
Директорлар  «бетпе-бет»  аудиторлық  кезеңдерінде  портфолио  мазмұнынан  екі  таныстырылым 
ұсынады.  Бұл  таныстырылымдар  директорлар  портфолиосындағы  есептердің  түпнұсқалығын 
анықтауға септігін тигізіп, формативті бағаланады. Таныстырылымдар директордың мектептегі 
өзгерістерді  басқарудағы  және  мектептегі  әріптестері  мен  мектепаралық  сындарлы  қарым-
қатынастарды дамыту қабілетіне шоғырланған.  
Бірінші «бетпе-бет» кезеңіндегі №1 таныстырылым (уақыты - 20 минут)   
Бұл таныстырылым келесілерді көрсететін бес слайдтан немесе үш плакаттан тұрады:
1. Ммектептегі нақты өзгерістерді жүзеге асыру қажеттіліктері қандай жолмен анықталды;
2.  Өзгерістерді енгізу үшін әріптестерді қолдау (коучинг пен тәлімгерлік) қалай ұйымдастырылды;
3.  Бұл өзгерістер тиімділігі қалай бағаланады.
Екінші «бетпе-бет» кезеңі кезіндегі №2 таныстырылым (уақыты - 20 минут)   
Бұл таныстырылым келесілер кіретін бес слайдтан немесе үш плакаттан тұрады:
1. Мектепті дамыту жұмысына қатыстырылған барлық әріптестерді, олардың рөлдерін сызба 
немесе  диаграмма  арқылы  көрсету  (әріптестерін  қолдайтын  басқа  көшбасшылар,  коучтар, 
тәлімгерлер,  коучинг  сессияға  қатысушылар,  тәлім  алушылар,  ақпарат  немесе  мәліметтерді 
жинақтауға үлес қосқан адамдар, оның ішінде оқушылар және/немесе ата-аналар);
2.  Бір негізгі қатысушының мектепті дамыту жұмысына қосқан үлесін егжей-тегжейлі сипаттау 
(мұғалімнің  бұл  әріптеспен  кәсіби  қатынастарын  талдау  және  олардың  мектепті  дамыту 
жұмысына қалай көмектескендері немесе бөгет болғандары);
3.   Мектептегі  және/немесе  одан  тыс  жердегі  тәжірибенің  дамуын  қолдайтын  кәсіби 
қоғамдастықты құру жоспары.
2.2 Таныстырылымдарды формативті бағалау үдерісі
Көп  үйренушілері  бар  топтар  таныстырылымдар  күндері  бөлінуі  тиіс.  Таныстырылымдарды 
ұсынатындардың саны 15 адамнан аспауы керек. 
Әріптестердің  портфолио  таныстырылымдарын  бағалауға  қатысуы  топтың  барлық 
директорларының оқу үдерісіне септігін тигізетін болады. 
Тренерлер, директорлар мен эксперттер (егер қатысса) таныстырылымның әрбір бөлігін формативті 
бағалау үшін проформалар қолданады (2 және 3 Қосымша).

6
3. Портфолионы  бағалау
Портфолио  –  дәлелдемелердің  үш  түйінді  критерийлерге  сәйкестігінің  және  директорлардың 
Бағдарламаны табысты бітіргенінің басты көрсеткіші болып табылады. 
Бұл критерийлер директорлар
1.  Бағдарламада ұсынылған түйінді идеялар туралы қажетті білім мен түсінікті алғандығын;
2.  осы идеяларды өздерінің педагогикалық тәжірибесінде қолданатындығын;
3.   жаңa  тәжірибені  еңгізуін  рефлектілейді  және  өздерінің  қызметін  одан  ары  жетілдіруді 
ескеретіндігін көрсетеді.
Директор  стандарттары  (Қосымша  1)  бағалау  өлшемдеріне  қалай  қанағаттандырылатынын 
анықтайды.  Портфолионың  әрбір  бөлімі  үш  критерийлерінің  болуын  көрсетуі  тиіс,  алайда 
портфолионың кейбір бөлімдеріндегі бір критерийдің дәлелі басқаларына қарағанда анағұрлым 
сенімді болуы мүмкін.  
3.1 Портфолио мазмұны 
Портфолионы  әзірлеуге  қойылатын  талаптар  төмендегі  кестеде  көрсетілген.  Бағдарламаның 
барлық кезеңінде, тренерлер формативті баға беріп, өз топтарындағы басшыларға портфолиосының 
мазмұны мен құрылымы бойынша қолдау көрсетеді.
Бөлімдер
Сөздер 
саны
Қосымша құжаттар
Орындалу 
кезеңдері

A. Курс алдындағы 
кезеңде жиналған 
мәліметтерді талдау
1 Қосымша:
Аралық және қорытынды кесте мен 
диаграммада берілген курс алдындағы 
кезеңде жиналған мәліметтерді талдау
1 аудиторлық 
кезең 
B. Курс алдындағы кезең 
шеңберінде жүргізілген 
мектеп тәжірибесін зерттеу 
мәліметтерінің негізіндегі 
рефлективті есеп 
1000
2 Қосымша:
Өзінің түзетулері және әріптестердің 
немесе/және тренердің формативті 
кері байланысы ескерілген, мектеп 
мәліметтерін талдауы бойынша 
таныстырылым (көп дегенде 5 слайд)
1 аудиторлық 
кезең 
2
С. Мектептің даму жоспары, 
1 нұсқа мазмұнына 
келесілер енгізілген:
3 Қосымша:
D тармағының бөлшектерімен 
Е тармағы бар Мектептің 
даму жоспары (кесте) 
 
1 аудитор-
лық кезең 

7
• 
Мектептің 
стратегиялық даму 
басымдықтары, жоспарлау, 
енгізу мен сапаны 
бағалау  бөлшектері
• 
Дарынды мұғалімдер, 
директор орынбасарлары 
немесе 1 (ілгері) деңгей 
мұғалімінен тұратын 
көшбасшылар тобын 
құру бойынша жұмыс 
• 
Жоспарлау тәсілі мен 
күтілетін нәтижелерді 
бағалауды сипаттайтын 
қысқаша түсіндірме
D. Енгізу жоспары
1 аудиторлық 
кезең 
E. Бағалау бөлшектері
1 аудиторлық 
кезең

F. Зерттеудің алғашқы 
нәтижелерінің талдауымен 
мектеп дамуының 
сынамалық жоспарлауының 
жүзеге асу үдерісі туралы 
рефлективті есеп
1000
4 Қосымша:
Е тармағы бойынша жиналған 
мәліметтерді талдау
5 Қосымша:
•  Е тармағы бойынша 
мектептің даму жоспары 
дәлелдерінің эвалюациясы
•  Дарынды мұғалімдерді 
іріктеудің түрлі әдістері 
бойынша жазбаша есеп 
•  Тәлімгермен, директордың 
орынбасары немесе 1 (ілгері) 
деңгей мұғалімімен жүргізілген 
жиналыстардың хаттамасы 
6 Қосымша:
Директордың жеке белгілері бар 
2 Таныстырылым (көп дегенде 
5 слайд) мен әріптестердің және/
немесе тренердің формативті 
пікірін басып шығару
2 аудиторлық 
кезең 
(мектептегі 
тәжірибенің 
бірінші 
кезеңінің 
жиналған 
мәлімет-тері)

8
4
G. 
TALISтің 11, 18 және 24 
сұрақтары бойынша зерттеу 
нәтижелерінің талдауымен 
рефлективті есеп
1000
7 Қосымша:
TALIS зерттеу мәліметтерінің 11, 
18 және 24 сұрақтары бойынша 
талдаулар кестелері және 
графиктері бойынша есеп 
2 аудиторлық 
кезең
H. Аудиторлық оқыту кезеңі 
идеяларына негізделген 
мектеп мұғалімдерінің 
даму басымдықтарын 
талдаудың рефлективті есебі 
1000
2 аудиторлық 
кезең
5
I. Стратегиялық 
басымдықтары, әрекеттер 
жоспары мен жүзеге асыру 
жоспары (коучинг пен 
тәлімгер-лік) бар мектептің 
екінші даму жоспары. 
Қысқа түсіндірме оны 
енгізу кезінде мектептің 
даму жоспарында 
жүргізілген өзгерістер 
мен олардың себебін 
түсіндіру үшін қажетті 
8 Қосымша 
Жүзеге асыру және эвалюация 
жоспарлары бөлімдері көрсетілген 
Мектептің қорытынды даму жоспары 
2 аудитор-
лық кезең
6
J. K және L тармақтарының 
негізінде тренер келіп-
кеткеннен кейінгі үш айда 
аралық көрсеткіш бойынша 
мектептің екінші даму 
жоспарын жүзеге асыру 
мен эвалюациясының 
рефлективті есебі 
1000
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
K.  Тренердің аралық 
келуі және сол кезеңде  
берген формативті кері 
байланысы (немесе/
және формативті онлайн 
қолдау) бойынша есеп  
9 Қосымша:
Тренердің келуі мен ол берген 
формативті кері байланыс 
бойынша аралық есеп
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 

9
L. Аралық есепті негіздеу 
бойынша ақпарат 
10 Қосымша:
Келесі құжаттар негізінде монторинг 
нәтижелері бойынша аралық есеп 
i) Мұғалімдердің құзіреті қалай 
бағаланғандығы туралы есеп
ii) Мұғалімдер топтары арасында 
коучтарды бөлу туралы есеп
iii) Тәлімгердің директордың 
орынбасарымен кездесулері 
бойынша жазбаларды жинақтау
iv) Коучинг үдерісі және жоспарлар 
мен кездесулер, сонымен қатар 
алға қойылған мақсаттар бойынша 
мәліметтерді жинақтау
v) Lesson Study үдерісі бойынша есеп
vi) Сынып тәжірибесіндегі өзгерістер 
бойынша мәліметтерді жинақтау:
- орта мерзімді сабақтар тізбегі 
- сабақтарды бақылау
- оқушылар эвалюациясы 
- оқушылардың жұмысы
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
7
M. 
TALIS екінші 
талдауының 11,18 
және 24 сұрақтары
11 Қосымша:
TALIS зерттеу мәліметтері
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
N. Мектептің даму 
үдерісінің мониторингі 
дәлелдерін жинақтау 
12 Қосымша:
10 Қосымша есебінің жалғасы 
бойынша
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
O. L тармағына (5 
Қосымша) ұқсас дәлелдерді 
одан ары жинақтау
13 Қосымша:
10  Қосымшаға  ұқсас  есеп  беру 
кезеңінің үш айынан бастап жиналған 
дәлелдер: 
•  Мұғалімдердің құзіретін 
бағалау туралы есеп
•  2 TALIS М тармағының 
сауалнама нәтижелері
•  Тәлімгердің директордың 
орынбасарымен кездесулері 
туралы қосымша жазбалары  
•  Коучинг мониторингінің 
одан арғы жазбалары  
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі
 

10
P. қорытынды есебі:
 M, N и O тармақтарының 
негізінде мониторинг 
пен эвалюация үдерісінің 
алдын-ала нәтижелерін 
талдаудың негізінде 
даму үдерісі туралы 
2000
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі
Барлығы 
7000
3.2 Портфолионы бағалау үдерісі
Портфолиолар ПӨО веб-порталында бағалау үшін тәуелсіз тренерлерге және топ тренеріне қол 
жетімді болады.
3.2.1 Формативті бағалау
Бірінші «Бетпе-бет» аудиторлық кезеңінің соңында директорлар #1 ден #3 ке дейінгі (А-дан Е-ге 
дейінгі тармақтар) портфолио есептерін электронды түрде топ тренеріне тапсырады. Осы кезеңде 
топ тренері 4 Қосымшадағы критерийлерге сәйкес есептерді формативті бағалайды.
Екінші «Бетпе-бет» кезеңі соңында директорлар #4 - #5 есептерін (А - дан Е –ге дейінгі тармақтар) 
электронды түрде тапсырады. Формативті пікір 4 Қосымшаның өлшемдеріне сәйкес жүргізілетін 
болады. Эксперт формативті бағалау барысында тренерге қолдау көрсетеді. 
Эксперттің тренерге кеңес беруі мектептегі екінші тәжірибе кезеңінде де жалғасады. 
3.2.2 Портфолионы суммативті бағалау
Портфолионың  қорытынды  нұсқасы  мектептегі  екінші  тәжірибенің  соңында  веб-порталға 
шығарылады және оған #1 бастап #7 дейінгі (А бастап Р дейінгі тармақтар) есептер кіреді. Топ 
тренерлері  өз  тобындағы  әрбір  директорға  портфолио  үшін  алдын-ала  бағалар  қоятын  болады. 
Суммативті  бағалау  директорлардың  ағымдағы  білімдеріне  және  портфолионың  дамуына 
негізделген. Осыдан соң тәуелсіз тренер портфолионы дербес бағалайды.
1 Кестедегі алгоритмге сәйкес портфолиоға қорытынды баға қойылады. 

11
1 Кесте
Портфолионың қорытынды бағасын қою алгоритмі 
Топ тренерінің бастапқы 
бағасы
Тәуелсіз тренердің бағасы
Портфолионың қорытынды 
бағасы
жақсы
жақсы
жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
қанағаттанарлық
жақсы
шекті деңгей
модерация
жақсы
қанағаттанғысыз
модерация
қанағаттанарлық
жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
қанағаттанарлық
қанағаттанарлық
қанағаттанарлық
шекті деңгей
 модерация
қанағаттанарлық
қанағаттанғысыз
модерация
шекті деңгей
жақсы
модерация
шекті деңгей
қанағаттанарлық
қанағаттанарлық
шекті деңгей
шекті деңгей
модерация
шекті деңгей
қанағаттанғысыз
қанағаттанғысыз
қанағаттанғысыз
жақсы
модерация
қанағаттанғысыз
қанағаттанарлық
модерация
қанағаттанғысыз
шекті деңгей
 модерация
қанағаттанғысыз
қанағаттанғысыз
қанағаттанғысыз
Бағалау  туралы  кейбір  шешімдер  модерацияланады:  топ  тренері  мен  тәуелсіз  тренер  қойған 
портфолио бағаларының арасындағы айырмашылық екі және одан да көп деңгей болған жағдайда; 
тәуелсіз тренердің портфолионы бағалауы «шекті деңгей» болғанда. 
Модерация үдерісінен кейін портфолиосына «шекті деңгей» немесе «қанағаттанғысыз» бағалары 
қойылған директорлар топ тренерінің формативті пікірін алады және жетілдірілген портфолионы 
қайта  тапсыру  мүмкіндігіне  ие  болады.  Тәуелсіз  тренер  жетілдірілген  портфолионы  қайта 
бағалайды,  портфолио  «жақсы»  деген  бағаны  алмауы  да  мүмкін.  Егер  де  портфолио  қайтадан 
«шекті деңгей» деген баға алса, тәуелсіз тренер портфолионы жақсартуға соңғы мүмкіндік бере 
отырып, бағаланатын директорға формативті пікір жібереді. “Қанағаттанғысыз” бағалау деңгейін 
жүйелі түрде көрсететін портфолио авторлары Бағдарламадан шығарылады.  

12
4  Сертификаттау  және  апелляцияға  (қайта  тапсыру)  ұсынылғандар  тізімін 
ресми түрде бекіту жөніндегі рәсімдер
Емтихан Кеңесі (одан ары - Емтихан Кеңесі) қорытынды бағаларды сертификаттауға ұсынылған 
директорлар  тізімін  құруда  пайдаланылады.  Емтихан  Кеңесі  тізіммен  танысып,  оны  бекітеді. 
Емтихан  Кеңесінің  құзіретіне  директорлардың  «қанағаттанғысыз»  бағалануы  және  кез-келген 
тәртіп  бұзушылық  жағдайларды  қарастыру  кіреді.  Дәлелдемелерге  сүйене  отырып  Кеңес  қайта 
тапсыру жөнінде шешім қабылдайды. 
Портфолиосы «қанағаттанғысыз» бағаланған директорларға есептелмеген бөлігін қайта тапсыруға 
рұқсат беріледі. ПӨО директорларға бұл бөлікті жақсарту, не болмаса барлық бөлімдер бойынша 
толықтай жаңа портфолионы ұсыну туралы ұсыныс жібереді.
•  Қанағаттанғысыз  баға  себептерінің  негіздемесі  суммативті  бағалау  болып  табылады  және 
келісілген шешімді ПӨО қабылдайды. 
•  Емтихан  Кеңесі  ауыру  немесе  жеке  жағдайлардың  себебінен  бағдарлама  бойынша  оқуды 
аяқтамаған үміткерлердің жағдайларын қарастырады. 
•  Емтихан  Кеңесі  барлық  бұзушылық  жағдайларын,  оның  ішінде  плагиатты  қарастырады. 
Емтихан Кеңесі плагиат жағдайлары бойынша директордың қайта тапсыру мүмкіндігі жөніндегі 
соңғы шешім қабылдайды. 
•  Емтихан  Кеңесінің  шешімінен  соң  сертификаттауға  ұсынылған  және  ұсынылмаған 
директорлардың ресми тізімі құрастырылады.
Директорларды сертификаттау туралы тізімді баспада жариялау арқылы Педагогикалық шеберлік 
орталығы басшыларды сертификаттау нәтижелері туралы хабардар етіледі. 
Апелляция
Директорлардың  «Есептелмеді»  туралы  шешімімен  келіспеуге  құқығы  бар.  Алайда  ертеректе 
эксперттер, Бас эксперт қабылдаған суммативті бағалау мен модерация үдерісінің сапасы жөніндегі 
барлық шешімдермен келіспеуге болмайды. Осы құжатта сипатталған бағалау және модерациялау 
үдерісі анық сақталмаған жағдайда ғана апелляция берілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда апелляция 
барлығын міндетті егжей-тегжейлі суреттеумен және апелляцияны негіздеу үшін дәлелдерді қоса 
тіркеумен ПШО оқыту ұйымдарынан Бас эксперттің атына өтініш негізінде ғана болуы мүмкін. 
Апелляцияға өтініш тізім шыққан күннен бастап 14 күннің ішінде құрылып, ПӨО-ға жіберілуі 
тиіс. 
Бас  Эксперт  өтінішті  электронды  немесе  қағаз  түрінде  алғаннан  кейін  бірден  оны  алғандығын 
растайды.  Өтінішті  Бас  Эксперт  қарастырады,  ол  апелляция  рәсімдерін  өткізу  үшін  бағалауға 
қатысқан  тимлидерлермен,  эксперттермен  кеңеседі.  Қосымша,  директорлар  түсініктемені 
Бас  эксперттің  өзі  беруін  сұрауы  мүмкін.  Бас  эксперт  апелляцияның  қабылданғаны  немесе 
қабылданбағаны жөнінде оқыту ұйымына жазбаша түрде хабарлап, қабылданған шешімнің себебі 
туралы қысқа есеп береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет