Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,78 Mb.
#5522
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

13
B Бөлімі 
Тренерді бағалау
5 Кіріспе
Тренерлер  мен  эксперттерді  бағалау  мұғалімдерді  бағалаумен  тығыз  байланыста  жүргізіледі, 
себебі  ол  деңгейлік  бағдарламалардың  сол  құндылықтары  мен  қағидаларына  негізделеді. 
Толық  сипаттама  «Деңгейлік  курстар  экспертін  бағалау  нұсқаулығы»  мен  «Деңгейлік  курстар 
тренерін бағалау үлгілері» құжаттарында берілген. Бағалаудың ағымдағы үдерісі мен дәлелдері 
Көшбасшылық бағдарламасының мәнмәтініне сәйкес келеді. Мысалы, тренердің портфолиосында 
да А, В және С бөлімдері бар, бірақ, А Бөліміндегі талаптар осы бағдарламаның ерекшеліктеріне 
сәйкес өзгертілді.  
Басшы қызметкерлер үшін жоба бойынша директорларды, тренерлер мен эксперттерді бағалауды 
жоспарлау мен реттеу Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 
деңгейлік курстары бойынша ПШО-ның оқыту, үйрету және бағалау қағидаларымен, көзқарасымен 
толық  сәйкес  келеді.  Бұл  ПШО-ның  оқыту  бағдарламасын  қолдап,  бағалауды  ПӨО  жүргізіп, 
басқаратындығын білдіреді.
Тренер  мен  экспертті  бағалау  үлгісі  анықтық,  сенімділік,  жеткіліктілік  пен  шынайылық 
қағидаларына құрылған әділ әрі сапалы бағалау жүйесін қамтамасыз ету үшін әзірленген. 
Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  жүйесінде  (деңгейлік 
бағдарлама) бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Тренер мен экспертті бағалау 
тиімді және кәсіби тәжірибесі мен оқытуын қолдау мақсатында жасалған. Біліктілікті арттырудың 
әрбір  қатысушысы  оқытудың  бір  бөлігі  ретіндегі  формативті  де,  суммативті  де  бағалаудың 
маңыздылығын және бағалау оқыту үдерісінен ажырамайтындығын жете түсінуі тиіс. 
 
Бұл мынадай аспектілерден көрінеді:
•  нақты анықталған кәсіби стандарттар;
•  бағалаудың түйінді өлшемдері;
•  тәлімгерлік арқылы формативті бағалау;
•  тренер  мен  эксперттің  кәсіби  көзқарастары  мен  қызметінің  дәлелдемелерін  суммативті 
бағалау.
Бағалау тиісті және сындарлы болуы керек. Бағалауға ұсынылған қызмет дәлелдемелері кәсіби 
даму  мен  қызметтің  қомақты  бөлігі  болып  табылады.  Жоспарлау  педагогикалық  тәжірибенің 
негізін құрайды. Нақты дәлелдемелерге негізделетін алға қойылған мақсаттарға сәйкес формативті 
және суммативті бағалаудың арасына нақты шек қойылуы тиіс. Бұл Эксперттердің нені, қайдан 
және қалай іздеуді түсінуі үшін қажет. Бағалаудың критерийлерге негізделуі оның негізгі қағидасы 
болып табылады. Бұл, осы стандарттарға сүйенген тренер мен Эксперт жоғары нәтижеге жетеді 
деген сөз. 

14
Оқыту мен сабақ берудегі жаңа тәсілдер қызықтыратын жоғары уәжделген және білікті тренерлердің 
тобы  Директорлар  корпусының  біліктілігін  арттыру  бағдарламасын  толық  игеру  мен  енгізудің 
кепілі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  тренерлер  стандарттарға  сәйкес  бағалау  өлшемдерінің 
негізінде директорлардың оқуы мен қызметін бағалауда маңызды рөл атқарады.
Директордың оқу сапасын анықтаумен (нәтижелілігін) қатар, тренерлер өзінің жеке үздіксіз оқуы 
мен тәжірибесінің сапасын бағалауға тиіс және сол арқылы тренер жұмысының сапасын көрсету 
үшін портфолиоға дәлелдемелер жинауы керек. 
Тренерлер мен эксперттерді бағалау басқарушы қызметкерлер үшін курстарды бағалаумен тығыз 
өзара  байланысты  жүргізіледі,  себебі  ол  сондай  құндылықтар  мен  қағидаларға  негізделеді. 
Тренерлерді бағалауды жобалау мен реттеуге деген тәсілдеме ПШОның оқыту, сабақ беру және 
бағалау қағидалары, көрінісімен сәйкес келеді және негізгі құндылықтар, білім, түсінік, дағдылар 
мен тәжірибені бөлісетін кәсіби қоғамдастықтың үздіксіз дамуын қолдауға талпынады.  
6 Портфолионы  бағалау
6.1 Портфолионы бағалау қағидалары
Директорларды  оқытатын  тренерлерді  бағалау  Деңгейлік  бағдарлама  тренерлерін  бағалау, 
мұғалімдерді  бағалау  сияқты  біліктілікті  арттыру  бағдарламасы  қағидаларымен,  шеңберімен 
және  тәжірибесімен  өзара  қатынаста  болады.  Егер  де  тренер  деңгейлік  бағдарлама  бойынша 
сертификатталмаған  болса,  оған  тренерлік  тәжірибеге  негізделген  суммативті  бағалау  үшін 
дәлелдемелер  портфолиосын  ұсыну  қажет.  Бұл  портфолио  осы  нұсқаулық  негізінде  құрылуы 
керек. Ол Деңгейлік курстар тренерін бағалау Үлгілері баптарының негізінде бағаланады.
6.2 Портфолионың мазмұны
Басшы  қызметкерлерді  (директорлар)  оқыту  бағдарламасы  бойынша  тренерлердің  кәсіби 
стандарттары  5  Қосымшада  берілген.  Осы  бағдарламада  тренерлерге  Деңгейлік  курстар 
бағдарламасының 3, 2 және 1 деңгейіндегілерге қосымша белгілі бір кәсіби құндылықтарды, білім, 
түсінік пен дағдыларды көрсету қажет.
Үміткер тренерлер дәлелдемелер портфолиосы бағалануында 3, 2 және 1 Деңгей стандарттарын, 
сонымен қатар директорлар бағдарламасына қатысты белгілі бір стандарттарын сақтаудың тиісті 
дәлелі талап етіледі. 
Сертификатталынған тренерлерге осы Бағдарлама бойынша сертификатталыну үшін В Бөлімінде 
осы бағдарлама бойынша тиімді оқытуға қабілетті екендігін көрсету қажет.
Осы Бағдарлама бойынша сертификатталыну үшін тренер портфолиосының мазмұны 6 Қосымша 
мен төмендегі жалпы мәліметтерде көрсетілген:

15
Бөлім
Сөздер 
саны
A
  
A1
A2
Түйінді идеяларды білу және түсіну
Мектеп тәжірибесін өзгерту қажеттілігі негізделген рефлективті есеп 
Тренерлерді дайындау кезеңінде мектептегі тәжірибедегі 
мәліметтерді жинау және оны талдау туралы рефлективті есеп 
2000
2000
B
B1
B2
B3
B4
Тиімді тәжірибе
Жоспарлау
Директорларды дайындау бағдарламасы бойынша 4 
тізбектелген сабақтардың жоспарының болуы
Оқыту
4 өткізілген сабақтың түйінді сәттері белгіленетін жазбалар 
Бағалау
Формативті және суммативті бағалау бойынша 4 жазба 
Сапаны бағалау (эвалюация)
4 оқыту тренингін бағалау бойынша есеп
250 
250
500
1500
C
Рефлексия мен даму
 
Тренердің оқуы туралы және болашақтағы тәжірибесінің 
өзгеруіне қатысты жоспарлары туралы рефлективті есеп 
1500
Барлығы 
8000
6.3 Портфолионы бағалау үдерісі
6.3.1 Портфолионы бастапқы бағалау
Стандарт талаптары мен бағалаудың түйінді критерийлеріне өзінің сәйкестілігін дәлелдеу үшін 
әрбір  тренер  директорлар  тобын  оқытудың  тәжірибесін  көрсетіп,  оның  тиімділігін  дәлелдейтін 
портфолио дайындауы керек. Тренердің портфолисы экспертпен суммативті, кейіннен - тәуелсіз 
экспертпен бағаланады.  
Тренер портфолиосын суммативті бағалау ең алдымен бекітілген экспертпен жүргізіледі. Әрбір 
деңгей  бойынша  эксперттер  әзірлеген  бағалаудың  талаптары  мен  рубрикалары  тренерлерге 
портфолионы жасау үшін дәлелдемелер табуға көмектесуге арналған. Бұл рубрикалар формативті 
және  суммативті  бағалау  мақсатында  пайдаланылады.  Тренердің  портфолиосына  қойылатын 
талаптар 6 Қосымшада көрсетілген.
Эксперт тренердің дәлелдері үш түйінді критерийге жеткілікті түрде сәйкес келетіндігін анықтау 
үшін барлық элементтерді ескере отырып, портфолионы тұтастай холистикалық түрде қарастырады. 

16
Бұл  жоғары  кәсіби  пайымдау  дәрежесін  қажет  етеді.  Эксперт  тренерлерге  «есептелді»  немесе 
«есептелмеді» бағасын қояды:
•  Есептелу үшін тренерлер өздерінің бағалаудың түйінді критерийлеріне сәйкестігін дәлелдеуі 
керек. 
•  Егер де тренер жеткілікті материалдар көлемін ұсынбаса (мысалы, аяқталмаған, әлсіз, сәйкес 
келмейтін есеп немесе дәлелдемелер жоқ болса), онда ол Есептелмеді бағасын алады.
6.3.2 Портфолионы тәуелсіз бағалау
Тренердің  портфолиосын  тәуелсіз  эксперт  бағаламас  бұрын,  оның  жұмысына  ПӨО-да  тиісті 
бөліммен құпия код беріледі, жеке мағлұматтар алынып тасталады, атап айтқанда, тренердің ТАӘ, 
оқыту орталығы мен аймағы және суреттер. Одан ары тренердің портфолиосы суммативті бағалау 
үшін  тәуелсіз  экспертке  анонимді  (кодталған)  түрде  беріледі.  Тренердің  тәлімгері  болмайтын 
тәуелсіз эксперттің бағалауы ешкімнің араласуынсыз немесе бекітілген эксперттің ықпал етуінсіз, 
дербес жүргізіледі. Тәуелсіз эксперт «Есептелді» немесе «Есептелмеді» бағасын қояды.
6.3.3 Модерация үдерісі 
Егер  бекітілген  және  тәуелсіз  бағалаудың  арасында  айырмашылық  болған  жағдайда  модерация 
қажет  болады.  Портфолио  сол  кодталған  түрде  басқа  тәуелсіз  экспертпен  қайтадан  бағаланады 
және  портфолионы  жақсарту  бойынша  ұсыныстар  беріледі.  Тренер  портфолиосы  екі  тәуелсіз 
эксперт командасымен жүргізіледі. Егер эксперттер арасындағы бағалар айырмашылығы сақталған 
жағдайда, шешімді эксперттер
тимлидері  шығарады.  Қажет  болған  жағдайда,  тимлидерден  кейін  де  тренердің  портфолиосын 
бағалауда айырмашылық сақталған жағдайда, модерация үдерісіне ақырғы шешімді қабылдайтын 
Бас эксперт қосылады.   
 
  
Модерация портфолио дәлелдемелерінің негізінде бағалаудың рубрикалары мен критерийлеріне 
сәйкес әділ түрде жүзеге асырылатындығын атап өту керек. Бұл рәсімнің қалыпты формуласы жоқ. 
Мысалы, бекітілген эксперттің бағалау нәтижесі Есептелді болса, ал тәуелсіз эксперт Есептелмеді 
бағасын қойса,  модерация  үдерісін өткізу  қажет,  бірақ, бұл  да модерация  нәтижесін  алдын-ала 
анықтамайды.   
 
Модерация  әділдік,  сенімділік  пен  басқа  маңызды  қағидаларды  қамтамасыз  ету  үшін  бағалау 
үдерісінің елеулі құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар ол бағалау барысында үдеріске 
қатысушылар  үшін  стандарттарды  түсіну,  өлшемдерді  қолдану  мен  куәліктерді  түсіндіруді 
дамытудың  мүмкіндігі  болып  табылады.  Бұл  бағалау  тәжірибесін  жетілдіру  тәжірибесі  туралы 
пікірді қалай беру керектігін білдіреді.  
6.3.4 Бағалау туралы шешімді қабылдау
 
Эксперт  рөлінің  маңызды  бөлігі  құрамына  тренердің  портфолиосын  бағалаудың  үш  түйінді 
критерийлеріне сәйкес дәлелдемелерді қарастыру кіретін бағалау туралы шешімді шығару үшін 
портфолио дәлелдемелерін тексеру болып табылады. Бұл эксперттің нақты әрі әділ шешімдерді 
шығару үшін критерийлерді біліп, түсінетіндігін білдіреді. 

17
Эксперт бағалауға оң бағытта  және сындарлы түрде қарауы керек. Эксперт кәсіби тренерлердің 
жұмысын  бақылап,  жазалау  әрекетінен  гөрі,  көбірек  жағымды  жетістіктерді  мақұлдауға 
бағытталған. 
Ескерте кететін бір жайт, әрбір портфолио жеке жетістіктердің дәлелі – тренердің кәсіби өмірінің 
қырлары туралы, оның ішінде тәжірибе дәлелдерін қолдаумен есеп пен рефлексияны қосқандағы 
баяндауы болып табылады. Тренер тіркелген дәлелдерінде өзінің жеке ойлауынан, «жүрегі» мен 
«қолынан» көп нәрселерді енгізеді. Оқу арқылы эксперт тренердің кәсіби құндылықтары, сонымен 
қатар білімі, түсінігі мен дағдылары туралы біледі. Эксперт тренердің өзі оқып, басқаларды да 
оқытып, кәсіби тұрғыдан қалай өскендігін зерттейді. 
6.3.5 Портфолионы талаптарға сәйкес келуіне тексеру
 
Портфолиодағы дәлелдемелер келесідей болуы керек:
•  нақты жазылған – эксперттер дәлелдеменің тиісті бөлігін табатындай портфолио жеткілікті 
түрде ұйымдасқан ба
•  анық – дәлелдеме талаптарға сай келе ме
•  жеткілікті – барлық стандарттар дәлелденді ме және қаншалықты толық ашылған
•  түпнұсқалы – барлық ұсынылған дәлелдемелер өзінің жұмысы болып табыла ма
Тренер портфолионың құрылымына қойылатын талаптарды нақты сақтауы тиіс, себебі олар тренер 
бағалаудың анық әрі толық бейнесін көрсетуі үшін арнайы әзірленді. Есте сақтайтын бір жайт, егер 
тренер тиімсіз немесе сәйкес емес ақпаратты, болмаса жеткіліксіз немесе тым көп мәтінді ұсынса; 
мәліметтердің бір бөлігін көрсетпей жіберсе – бұл бағалауға айтарлықтай әсер етеді. Бұл факт 
портфолионың бағалау рәсіміне сәйкес еместігін білдіруі мүмкін.  
Бағалаудағы мұндай қатаңдық тренерлердің көңілін қалдырып, наразылықтарын туғызуы мүмкін, 
себебі олар көбірек мәліметтерді ұсынғысы келеді. Алайда портфолиода көп немесе аз дәрежеде 
талап  етілетіні  –  бұл  кәсіби  жұмыстың  белгілі  бір  бөлігін  байыпты  сипаттау,  оған  міндеттерді 
орындауға деген салмақты қатынас пен талаптарды, оның ішінде тапсыру мерзімі мен портфолионы 
ұсынудың түрі мен құрылымын ұйымдастыруды сақтау кіреді. 
Әзірленген  портфолионың  форматы  тренердің  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  келуін  қолдауға 
бағытталған. Құрылым тренерлер барлығын жақсылап орындауы үшін жасалған. 
 
6.3.6 Портфолионы оқу
Келесі  ұсыныстар  эксперттің  мұғалім  мен  тренердің  стандарттарымен,  портфолионы  бағалау 
критерийлерімен және талаптарымен таныс екендігі туралы болжамға негізделген; қажет болған 
жағдайда сілтеме жасау үшін олар қол жетімді болуы керек.  
1.  Жұмыс  мәнмәтіні  мен  тренер  туралы  ақпаратты  түсіну  үшін  портфолионың  сыртындағы 
ақпаратты оқыңыз. Бұл портфолионың дәлелдеріне мағына беруге көмектеседі, алайда экспертте 
туындайтын  ой-пікірлер  тұлғаға  емес  дәлелдемелерге  қойылатын  критерийлер  мен  талаптарға, 
яғни, стандарттарға негізделетін болады. 

18
2. Тренердің портфолиосын қарастырған кезде экспертке оны бағалау критерийлеріне сілтемей, 
алдымен тоық оқып шыққан пайдалы. Бұл бағдарлама, сабақтар жоспары сияқты қоса тіркелген 
құжаттар сапасын сезінуге көмектеседі, бірақ оларды мұқият оқымай, жылдам шолу жасап, оқып 
тастаған  дұрыс.  Бұл  да  экспертке  рубрикаларға  сай  кез-келген  ұсақ  кемшіліктерді  анықтауға 
көмектеседі. 
3.  Портфолионы  оқығаннан  кейін,  эксперт  өзінен  жұмыстың  дәлелдемелері  тренерге  қатысты 
келесі жағдайларды растайды ма, соны сұрауы тиіс:
•  Бағдарламада ұсынылған түйінді идеяларды түсінді ме және білді ме; 
•  ол бұл идеяларды тәжірибе жүзінде қолданады ма;
•  жаңа  әдістемелерді  енгізу  бойынша  рефлектілей  ме  және  одан  ары  дамуы  үшін 
өзгерістерді есепке алады ма.
4. Одан ары, жұмыс туралы алғашқы түсінікті алғаннан кейін, эксперт дәлелдемелерге қойылатын 
талаптар  қалай  (рубрикаларды  пайдаланып)  орындалғандығын  тексеруді  бастай  алады,  бұл  да 
дәлелдемелерді қалай жеңіл табуға болатындығын көрсететін болады. Мысалы, есептер жеткілікті 
рефлективті  ме,  сәйкес  дәрежеде  шоғырландырылған  ба,  не  болмаса  анағұрлым  жалпыланып, 
сипаттау  түрінде  ме?  Портфолиода  тренерлердің  Бағдарламаның  барлық  жеті  модулінің 
идеяларымен  әуестенуінің  дәлелдері  болуы  керек.  Алайда,  тренерлердің  әрбір  тақырып  пен 
идеяны үстірт түсінгенінен гөрі, олардың тәжірибенің дамуын қолдайтын идеяларға ашықтығы 
мен берілгендігін көрсетуі анағұрлым маңызды болып табылады.  
5.  Содан  кейін  эксперт  тренер  жасаған  жұмыстың  критерийлерде  қалай  көрінгендігі  мен 
көрінбегендігіне  баса  назар  аудара  алады.  Рубрикаларды  пайдалану  кезіндегі  қысқа  жазбалар 
экспертке бағалау туралы нақты шешімге келуге көмектеседі. Егер де шешім қиындықтар туғызып 
немесе пікір таласқа түсетін болса, бұл жазбалар экспертке пайдалы болуы мүмкін. 
 
6.3.7 Бағалау жөнінде шешім шығару 
Талаптарға  сәйкес  келетін  (сәйкес  келмейтін)  дұрыс  ұйымдасқан  портфолио  тексеру  ретінде 
басымдыққа ие болады. Алайда Есептелді мен Есептелмеді арасында орналасқандар эксперттен 
шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін дәлелдемелер тармақтарына ерекше назар салуды талап ететін 
болады. 
Экспертке өзінің шешімдерін тимлидермен келісуі пайдалы болатын жағдайлар орын алуы мүмкін. 
Мұндай жағдайларға жұмыс өтіліне тәуелсіз кез-келген эксперт тап болуы мүмкін. Тәжірибесіне 
қарамастан, оларға кез-келген жағдайда одан арғы әрекеттер үшін дұрыс бағыт алу үшін көмек пен 
жетекшілік қажет болады.  
 
6.3.8 Тренер туралы суммативті пікір 
Эксперт бағалау рубрикасын пайдалана отырып, тренер туралы суммативті пікір құрастыруы тиіс:
•  Портфолионы оқу барысында, экспертке пікір қалыптастыруға көмектесетін портфолионың 
аспектілері мен дәлелдемелері туралы шағын жазбалар жасау қажет.
•  Бұл пікір тренерге портфолионың сапасын анықтауға, сонымен қатар сол дәлелдерге сүйене 
отырып, тренер болашақта өз жұмысының сапасын қалайша жақсарта алатындығын анықтауға 
көмектеседі.  

19
•  Егер де тренер Есептелді алмаса, эксперт оның жұмысы келесі тексеріс кезінде (егер бұл 
рұқсат етілсе) қалай жақсаруы мүмкін екендігін анықтауы керек. 
•  Пікір  жағымсыз,  субъективтік  немесе  қорлайтын  болмауы  керек.  Пікірдің  міндеті 
кемшіліктерді  және  тәжірибесін  жақсартудың  мүмкін  жолдарын  көрсете  отырып,  тренерді 
қолдау  және  оған  одан  ары  дамуға  көмектесу  болып  табылады.  Пікір  әрқашан  да  сындарлы 
болуы керек.
•  ПӨО  мұндай  пікірлер  мен  ұсыныстарды  тренерлердің  электронды  поштасына  жіберуге 
жауапты. 
 
Бұл портфолиоларды суммативті бағалау үшін қарастыру үдерісі мен тренерлік пен тәлімгерліктің 
өзара байланысы төмендегі суретте көрсетілген. 
6.3.9  Кездесуі мүмкін рәсім бұзушылық туралы хабарлама 
 
Егер эксперт олардың бір бағдарлама бойынша оқып жатқандығына немесе бір мекемеде жұмыс 
істейтіндігіне қарамастан, тренерлердің портфолиосының мазмұны бірдей екендігін анықтаса:  
•  Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес эксперт күмән туғызған бөлімдерді көрсете отырып, 
портфолио/тренер туралы ПӨО-ға хабарлауы керек;
•  Плагиатқа қатысты туындаған күдіктің себебі туралы қысқаша есеп-негіздеме жазуы керек.

20
7  Сертификаттау,  қайта  тапсыру  және  апелляцияға  ұсынылған  тренерлер 
тізімін ресми бекіту рәсімдері
Модерация үдерісінен кейін тренерлерге қойылған барлық бағалар Емтихан Кеңесіне (бұдан ары – 
Емтихан Кеңесі) тапсыру үшін тренерлер мен эксперттерді сертификаттау жөніндегі тізім жасауға 
пайдаланылады. Емтихан Кеңесі сертификаттау туралы соңғы шешімді қабылдап, сертификаттарды 
алу тізімдерін бекітеді. Емтихан Кеңесінің құзіретіне тренерлердің «есептелмеді» бағалануы мен 
кез-келген рәсім бұзушылық жағдайларын қарастыру кіреді.
•  Тренердің  ұсынған  портфолиосында  бір  немесе  бірнеше  дәлелдердің  болмауынан 
«есептелмеді» деп бағаланған жағдайда, портфолио Емтихан Кеңесінің шешімімен тек қана бір 
рет қайта тапсыруға жіберіледі.
•   «Есептелмеді» бағасы қойылу себептерінің негіздемесі суммативті бағалау болып табылады. 
Келісілген шешімді ПӨО мен Кембридж (КХЕК) қабылдайды. 
•  Емтихан Кеңесі барлық рәсім бұзушылық жағдайларын, оның ішінде плагиатты қарастырады 
және тренер портфолиосын қайта тапсыру мүмкіндігі жөніндегі соңғы шешім қабылдайды. 
•  Емтихан  Кеңесі  сертификаттауға  ұсынылған  және  қайта  тапсыратын  тренерлердің  ресми 
тізімін ұсынады.
•  ПШОны хабардар ету мақсатында ресми тізім баспада жарияланады.
Апелляция
Тренердің «Есептелмеді» туралы шешіммен келіспеуге құқығы бар. Алайда ертеректе эксперттер, 
Бас  эксперт  және  Кембридж  сыртқы  бағалаушыларымен  қабылданған  суммативті  бағалау  мен 
модерация үдерісінің сапасы жөніндегі барлық шешімдермен келіспеуге болмайды. Осы құжатта 
сипатталған  бағалау  және  модерациялау  үдерісі  анық  сақталмаған  жағдайда  ғана  апелляция 
берілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда апелляция барлығын міндетті егжей-тегжейлі суреттеумен 
және апелляцияны негіздеу үшін дәлелдерді қоса тіркеумен ПШО/Өрлеу оқыту ұйымдарынан Бас 
эксперттің атына өтініш негізінде ғана болуы мүмкін. Апелляцияға өтініш тізім шыққан күннен 
бастап 14 күннің ішінде құрылып, ПӨО-ға жіберілуі тиіс. Бас Эксперт өтінішті электронды немесе 
қағаз түрінде алғаннан кейін бірден оны алғандығын растайды. Өтінішті Бас Эксперт қарастырады, 
ол  апелляция  рәсімдерін  өткізу  үшін  бағалауға  қатысқан  тимлидерлермен,  эксперттермен 
кеңеседі. Қосымша, тренерлер түсініктемені Бас эксперттің өзі беруін сұрауы мүмкін. Бас эксперт 
апелляцияның  қабылданғаны  немесе  қабылданбағаны  жөнінде  оқыту  ұйымына  жазбаша  түрде 
хабарлап, қабылданған шешімнің себебі туралы қысқа есеп-негіздеме береді.  
8 Сапаны растау 
Тренерлерді  бағалау  жүйесін  КХЕК  аккредиттеуі  керек.  Бұл  сапаны  сыртқы  және  тәуелсіз 
растау  ПӨО-ның  ішкі  тексеріс  рәсімдеріне  негізделеді,  бұл  бағалау  үдерістерінің  халықаралық 
стандарттарға сәйкес болуына көмектеседі. Аккредиттеуге тәжірибе бойынша бағалау сапасына 
қатысты  болатын  мәліметтерді  жинау  мен  талдау  кіреді.  Аккредиттеу  КХЕК-тің  эксперттер 
тобымен жүргізіледі.
Бұл  тұтастық  пен  сапа  сертификаттаумен  расталады,  ол  бағалау  үдерісінде  халықаралық 
стандарттарға сәйкес тренер мен эксперт мәртебесіне қол жеткізгенін көрсетеді. 

21
9 Ресертификаттау
9.1 Тренерлердің үздіксіз даму дәлелдемелері
Бағдарламаның  кез  келген  деңгейінің  сертификатталған  тренерлері  стандарт  талаптары  мен 
бағалаудың түйінді критерийлеріне үздіксіз тәжірибесінің сәйкестігін дәлелдеу мақсатында жылына 
бір мәртеден кем емес әрбір курстың аяғында директорлар тобын оқыту тәжірибесін көрсетіп, В 
бөлімін (тиімді тәжірибе) дайындауы керек. Егер ол басшылар курсымен қатар мұғалімдер оқытуда 
бірінші деңгейде жұмыс жасаса, осы екеуінде де бір бір жаңа В бөлімін жазады. Бұл бөлімдерді 
эксперттер формативті және суммативті бағалайды.  
В  бөлімі  бойынша  үздіксіз  жүйелі  даму  туралы  ақпаратты  жинау  басқарылып  қана  қоймай, 
тренердің  өзіне  де  пайдалы  болу  керек.  Алынған  мәліметтер  тренердің  тәжірибесін  талдауға 
негізделеді және одан әрі рефлексиялау мен дамуды жоспарлауға пайдаланылады.  
Тренер  оқытудың  келесі  кезеңінде  оның  жеке  даму  жолдарын  жоспарлау  бойынша  эксперттен 
кері байланыс алады. Бұл үдеріс қайталау емес, кәсіби оқытуда спираль сияқты, онда тренерлер 
тәжірибенің әрбір кезеңі сайын жаңа идеялармен, тәжірибемен және ұстаныммен толықтырып, 
өзінің тәжірибесін сындарлы ой елегінен өткізеді; тренерлер өздерінің қалай дамып жатқандығын 
және өз дағдылары мен түсінігін қалай нығайтып жатқандықтарын көрсете алады.
9.2 Ресертификаттауға арналған тренердің портфолиосы 
Ресертификаттауға мыналар негіз болады:
•  Ресертификация алдындағы тренердің бірнеше жылғы жұмысы мен дамуына жалпы шолу;
•  сертификаттау/ресертификаттау кезеңінен кейін жүзеге асырылған оқу мен бағалаудың әрбір 
циклы  бойынша  тренер  дайындаған,  мерзімінде  тапсырылған  дәлелдемелерімен  В  бөліміне 
жалпы шолу;
•  Эксперттермен  бағаланған  Бағдарлама  бойынша  соңғы  ағымдарды  оқытудағы  В  және  С 
бөлімдерінің дәлелдемелері.
Ресертификаттау  үшін  тәуелсіз  бағалауды  Эксперттер  тобының  тимлидерлері  жүргізеді. 
Ресертификаттау үшін ұсыныстар бекіту үшін ПӨО Емтихан Кеңесіне ұсынылады. Тренерлерді 
алғашқы  сертификаттаудан  кейін  ресертификаттау  (екінші  сертификаттау)  рәсімінің  аралығы  2 
(екі) жыл, ал келесі ресертификаттаулар аралығы мұғалімдердікі сияқты – 5 (бес) жылдан кейін 
болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет