Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет6/13
Дата17.10.2022
өлшемі29,19 Kb.
#43625
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет



Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Қаңтар

Дене шынықтыру

еңбектеу, өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан аралыққа, оңға, солға ауысу

Сөйлеуді дамыту

Әңгімеге қатысу және тілді түсіну, тыңдау біліктерін, көлемі шағын тақпақтарды жатқа айту, сурет бойынша заттар және ойыншықтар туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру, шағын әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету.

Көркем әдебиет

адамгершілік нормалары туралы түсінік
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас;
адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету; әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру;

Математика негіздері

теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету;

Қоршаған ортамен таныстыру

Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту),бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру
өлі табиғат нысандары- су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін кеңейту;
табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:

Құрастыру

Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет