Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған



Дата07.11.2022
өлшемі53 Kb.
#48057
түріБағдарламасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы: «Ақбота» ясли-бақшасы
Топ/сынып «Сәулетай» ересек тобы
Балалардың жасы 4-5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы қыркүйек айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қыркүейек

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау. Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу. Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю; алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу. Екі қолды белге қойып, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Аяқтың ұшымен көтерілу; екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін ұшымен қою, топылдату. Қатарынан (4–5 рет) жүрелеп, екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақ пен екі тұсқа көтеріп, отыру; аяқтың ұшын созу, табанды бүгу.
Негізгі қимылдар:
жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру, қол мен аяқ қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау;
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар.
Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын орындау.
Спорттық ойын элементтері:
1) кегль ойындарына үйрету. Бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру. 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, үнді және ызың дыбыстарды анық айтуды үйрету.
Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.
Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың бөліктерімен, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту.
Тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру
байланыстырып сөйлеу;

Көркем әдебиет

Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету; әдеби шығармаларда бейнеленген қоғамдық өмір, табиғат, қоршаған орта оқиғалары, Қазақстан халқының өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру

Математика негіздері

Жиын:
1) әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:
1) баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету;
2) балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.

Құрастыру

Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

Сурет салу

Заттық сурет салу.
Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулармен, қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.
Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу. Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеудің келесі дағдыларын қалыптастыру:

  • түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу.

Жапсыру

Заттық жапсыру:
1) қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.

Музыка

Музыка тыңдау.

  1. әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту;

Ән айту.
-әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау, әуенді дұрыс, нақты интонациялау, сөздерді дәл айту дағдыларын қалыптастыру;
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
-би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру;
Билер. Ойындар, хороводтар.


Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет