Заттық сурет салу. көкөністер мен жемістерді,ыдыстарды,ойыншықтарды,жануарлардыкүн) бейнелеу,дөңгелек пішінді заттардың суретін салу(шарлар,бұлт, күн)
Сәндік сурет салу. Элементтердің пішінін,реттілігін,олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, ою-өрнектерді жазықтыққа орналастыру дағдыларын қалыптастыру;
Сюжеттік сурет салу,ойлауы бойынша сурет салу.
Қоршаған әлемнің,өнер туындыларының әсемдігіне,тұрмыстық заттарға,қазақ және басқа ұлттардың ойыншықтарына эмоционалды эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру;
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу: сазбалшықтың,ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру;
Сазбалшық,қамыр,ермексаз кесектерінен бөліп алу,дөңгелектеу,ширату,созу тәсілдерін пайдалана отырып,
көкөністер мен жемістерді,кейбір заттарды,азық түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;
алақандарының арасында,жазықтықта түзету және домалақтау қозғалыстары арқылы кесктерді жаю,элементтерді қарапайым заттарға(ыдыстар,ойыншықтарды мүсіндеу)біріктіру білігін жетілдіру;
Жапсыру
Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;
бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау;
желімдеу техникасы;
Ересек даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдей білуі;
желімді қылқаламға құыпты түрде жағып алу;
жаймадағы дайын пішіндерді жағу;
желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалану
Музыка
Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл-күйін қабылдайды.Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу.ересектермен бірге ән салу,аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысына бейімделу дағдылары қалыптасады.
Бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын музыканың би сипатын игереді.
1. «Сәлем,сәлем саусақтар» Пед жет ойын
2 «Ырғақты шаршылар қағамыз». Пед.жет. ойын
3. «Логоритмикалық ән-би» құрылымдалған ойын.