Сәндік сурет салу. Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өзбетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.
Сюжеттік мүсіндеу Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу.
Сәндік мүсіндеу: Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру.
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Жапсыру
Заттық жапсыру: Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану.
Сюжеттік жапсыру: Тар жолақтарды көлденеңінен қиюды, шаршының бұрыштарын қиюды үйрету.
Сәндік жапсыру. Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Музыка
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2023 - 2024 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары