Бағдарламасы негізінде 2023 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет2/28
Дата21.10.2023
өлшемі97,98 Kb.
#120118
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Ересек топ перспективалық жоспар

Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру;
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Келесі дағдыларды жетілдіру:
1) байланыстырып сөйлеу;
2) жануарларжәнеолардыңтөлдерініңатауларынбілдіретінсөздерді, сөздердіңтүрлітәсілдерменжасалуын, затесімдердіжекешежәнекөпшетүрдеқолдану;

Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу.
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету; әдеби шығармаларда бейнеленген қоғамдық өмір, табиғат, қоршаған орта оқиғалары, Қазақстан халқының өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) театрландырылғанәрекетдағдыларындамыту:
-түрлімәтіндердідыбыстағандадұрыстынысалу;
3) адамгершілікнормаларытуралытүсінік
Келесідағдылардықалыптастыру:
- ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас;

Қазақ тілі

Байланыстыра сөйлеу тілін дамыту: сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, сөздік қорын байыту. Ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Есту, көру, сөйлеу қабілеттерін арттыру.Қазақ тілінде таза, дұрыс сөйлеп үйрету.4-5 сөзден тұратын сөйлем айту;сөйлем сөздерін бір-бірімен үйлестіру;құрдастарымен және ересектермен диалог жүргізу;тақырыпты сипаттай білу; антонимдерді түсіну (ақ-қара, үлкен-кішкентай). (Балабақша, үй, есік, терезе, дүкен, емхана, сабын, су, кір, таза, билейік, ән айтамыз)
Бөбекжайда жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыру; сөйлем құрастыру мүмкіндігін дамыту; «Мынау кім?» «Мынау не?» «Не істейді?» «Қандай?» деген сұрақтардың мағынасын түсіндіру.
«Ә», «Ү», «Ы» , «Ұ» дыбыстарының айтылуын үйрету. (Тәрбиеші, күтуші, аспазшы, меңгеруші, жақсы, жұмыс істейді)
Ойыншықтарды қазақша дұрыс атауға үйрету. Сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру. Өткен сөздерді бекіту. Ойыншықты таза ұстауға тәрбиелеу. (Сылдырмақ, қонжық, сұр, қоңыр, жолақ, ойнаймыз, санаймыз, жинаймыз)
Отбасының барлық мүшелеріне деген құрметті тәрбиелеу. Қазақ тіліне тән «Ә», «І», «Ғ», «Ң» дыбыстарын дұрыс атау. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға үйрету. (Әже, ата, әке, ана, іні, сіңлі, туыс, екеу, үшеу, мейрімді)

Математика негіздері

 Жиын
Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:
Баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, онымен санасу, жеке басын құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір – қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок және т.б.) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өзбетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар арасында міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану, командамен бірге нәтижеге қол жеткізу, дайын құрылысты талдау.

Сурет салу

 Заттық сурет салу.
Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулармен, қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.
Келесі біліктерді қалыптастыру:
әртүрлібағыттағытурасызықтарменолардыңқиылысуынжүргізебілудіүйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет