Білім беру ұйымы:
Тобы:
Балалардың жасы: 4 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі:қараша 2023 жыл
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Қараша
|
Дене шынықтыру
|
Еңбектеу, өрмелеу.10 м-ге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу; етпетімен жатып, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, алға қарай еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның астынан еңбектеу. Құрсаудан еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен ауыспалы қадаммен өрмелеу, бөрене және гимнастикалық скамейкадан аттап өту;
Секіру.Бір орында тұрып, қос аяқпен секіру, 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру, бір орында тұрып, оңға, солға бұрылып секіру. Аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру) секіру, 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см) секіру, 20–25 см биіктіктен секіру, орнынан ұзындыққа (шамамен 70 см), қысқа секіргішпен секіру;
|
Сөйлеуді дамыту
|
Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.
Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.
|
Көркем әдебиет
|
Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу. Тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға, қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.
|
Қазақ тілі
|
Тірек сызбасымен жұмыс істей отырып сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрастыруға үйрету; «Ү», «І», «Ұ», «Қ», «Ә» дыбыстарының айтылуын үйрету. (Қаймақ, ірімшік, жұмыртқа, күріш, балық, сорпа)
Ұлттық тағамдар атауларымен таныстыра отырып «Азық-түлік» тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту; Ұлттық тағамдардың пайдасы туралы мәлімет беру. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға үйрету.
Ыдыстардың атауымен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру; «Мынау не?», «Неше?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету; «Ы», «Қ» дыбыстарының айтылуын үйрету. (табақ, ожау, кәстрөл, ожау, таба, шелек) көліктер атауларымен таныстыру; сөйлемдерді және сөз тіркестерін құрастыруға үйрету. «Қандай?», «Не істейді?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беру мүмкіндіктерін бекіту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды үйрету. (Көлік, ауа көліктері, су көліктері, жер көліктері, жеңіл машина, қайық, жүреді, қала, көше, бағдаршам, гүлзар, саябақ)
|
Математика негіздері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |