Бағдарламасы негізінде 2023 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет4/28
Дата21.10.2023
өлшемі97,98 Kb.
#120118
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Ересек топ перспективалық жоспар

Білім беру ұйымы:
Тобы:
Балалардың жасы: 4 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі:қазан 2023 жыл

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қазан

Дене шынықтыру

Тепе-теңдікті сақтау.Сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 см) жүру, сызықтардың, арқанның, тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру. Қолды екі жаққа созып, басқа қапшық қойып, заттардан аттап өту, бұрылу. Қырлы, көлбеу тақтай бойымен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жүру. Қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап, еденнен 20 – 25 см жоғары қойылған сатының таяқшаларынан, үрленген доптардан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту;
Жүгіру.Аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру, сапта бір-бірден, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру. Түрлі тапсырмаларды орындай отырып: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіру, 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру; орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру;

Сөйлеуді дамыту



Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.

Көркем әдебиет

Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу. Тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға, қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.

Қазақ тілі

«Күз» тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту; «Бұл не?», «Жылдың қай мезгілі?» сұрақтарына қазақ тілінде жауап беруге үйрету;
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, шағын сөйлемдер құрастыруға үйрету. (Күз айлары, қыркүйек, қазан, қараша, қолшатыр, күн, түн, жаңбырлы, бұлтты, сарғаяды)
«Жемістер» тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту; «Ә», «Ө», «І», «Ү», «Ұ» дыбыстарының айтылуын үйрету. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға үйрету. (Алхоры, шабдалы, апельсин, банан,
қауын, қарбыз, дәруменді)
Көкөністердің атауларын бекіту, «Қайда?», «Не істейді?» сұрақтарына жауап беруді үйрету. «І», «Қ», «Ұ», «Ә» дыбыстарының айтылуын үйрету. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға үйрету. (бұрыш, шалқан, қырыққабат, асқабақ, сарымсақ, бақшада, өседі, жинайды)
Апта күндерімен танысу. Балаларды жатқа айтуға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

Математика негіздері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет