Бағдарламасы негізінде әзірленді 2010 ж. «11» қараша кафедра отырысында ұсынылған №5 хаттама. Кафедра меңгерушісі Исимбеков Ж. М. 20 ж



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі148,64 Kb.
#10988

Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Биология және экология кафедрасы

                                                      

 

Өсімдіктер физиологиясы пәнінен



050801 – Агрономия мамандығының студенттеріне арналған

       


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Павлодар


 

Кегль 14,

буквы

строчные,



кроме

первой


прописной

Мамандықтың мемлекеттік жалпыға

міндетті білім беру стандарты және типтік

бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу

бағдарламасын бекіту парағы 

        

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/31

БЕКІТЕМІН 

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________

Құрастырушы:

 _________  б.ғ.к.,  аға оқытушы Мадиева Қ.М.

                       

Биология және экология кафедрасы  

Өсімдіктер физиологиясы пәні бойынша 

050801 - Агрономия мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Жұмыс   бағдарламасы   мамандықтың   Мемлекеттік   жалпыға

міндетті   білім   беру   стандарты  3.08.779  және   РОӘК-ң   2006

жылғы 22 маусымындағы хаттамасымен бекітілген оқу типтік

бағдарламасы негізінде әзірленді 

2010  ж. «11»  қараша  кафедра отырысында ұсынылған  №  5

хаттама. 

Кафедра меңгерушісі     ______  Исимбеков Ж.М.     20__ж. «____» ________

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010ж. «25» 

қараша № 3 хаттама 

ОӘК төрағасы  ___________ Бүркітбаева Ұ.Д. 

20__ж. «_____»___________



КЕЛІСІЛГЕН 

ХТжЖФ   деканы   ____________

 Ахметов   Қ.Қ.

 

20__ж.



«_____»_____________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А.  

20__ж. «_____»_______

            

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған  

20__ж. «___»______________  №____ хаттама 



1 Пәннің мақсаты  -  өсімдіктердің тіршілік  процесстерінің, олардың

онтогенезінің мәнін ашу және зерттеу, сондай ақ бұл процесстерді өсу және

даму,   өсімдіктердің   өнімділігін   арттыруға,   ауылшаруашылық   өнімдерінің

сапасын   жасартуға   бағытталған   тәсілдер   жүйесі   үшін   теориялық   негіз

ретіндегі мәнін негіздеу.  

Пәннің   міндеті  –  фотосинтездік   өнімділік   теориясын,   өнімділікті

арттыру   әдістерін;   тыңайтқыштарды   қолдану   тәсілдерін;   суды   тиімді

қолданудың, төзімділікті арттырудың әдістерін, диагностика әдістерін, өнімді

сақтау   негіздерін білуге міндетті.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде: 

- осы   пәннен   алған   білімдерін   өздерінің   мамандығына   байланысты

дайындығын толықтыру үшін және іс әрекеттеріне  пайдалана білуі қажет. Ол

үшін   тиісті   физиологиялық   ғылыми   зерттеулердің   әдістерін   жеткілікті

деңгейде меңгеруі керек. 

- зертханалық сабақтардың барысында студенттер   клеткалардың осмос

қысымын   анықтауын,   транспирацияның,   фотосинтездің,   тыныс   алудың

қарқындылығын   анықтауды,   хлорофилді   бөліп   алуын   және   оның   физика-

химиялық   қасиеттері   мен   мөлшерін   анықтауды,   минералдық   элементердің

өсімдіктердің   өсуі мен  дамуына әсерін,   өсу жөне  төзімділік процестерінің

көрсеткіштерін анықтауда практикалық машықтарды иемдену қажет;

2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған

білім, икемділік және машықтар қажет: химия, физика, биологиялық химия,

генетика, молекулалық биология, т.б.



3 Постреквизиттер 

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар

 

келесі


пәндерді меңгеру үшін қажет:

 

агрохимияны, агротехниканы.



  

4 Пәннің мазмұны 

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары 

Оқу түрі - күндізгі

Оқу түрі - сырттай

р/с



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-

қатынастық сағаттар саны 

дәріс


тер

практи-


калық

(сем)


Зертха-

налық


СӨЖ

1

Өсімдік клеткасының физиологиясы 



мен биохимиясы

2

1



5

2

Өсімдіктегі су алмасуы



3

1

10



3

Фотосинтез

4

1

10



4

Өсімдіктердің минералдық 

қоректенуі

4

1



10

5

Өсімдіктердің тыныс алуы 



2

1

10



6

Өсімдіктердегі органикалық 

заттардың алмасуы

3

1



10

7

Өсімдіктердің өсуі және дамуы



2,5

0,5


8

Өсімдіктердің бейімделуі мен 

төзімділігі.

2

1



5

         БАРЛЫҒЫ :

22,5

-

7,5



60

4.2 Пән тақырыптарының мазмұны 

1  тақырып. Өсімдік клеткасының физиологиясы мен биохимиясы

Өсімдік   клеткаcының   химиялық   құрамы.   Клетка   тііршілік

тасымалдаушысы, ағзаның қарапайым бірлігі. Тірі зат.  Бактериядан адамға

дейінгі тірішілік иелерінің химиялық құрамының бірлігі туралы концепция.

Құрамның өзара байланысы, құрылысы мен қызметі.

Аминқышқылдары   белок   молекуласының   құрылымдық   бірліктері

ретінде.   Белоктар.   Белоктың   ағзадағы   қызметтері.   Өсімдіктің   қарапайым

белоктары. ДНҚ мен РНҚ ролі. ДНҚ, оның құрылымы. Комплементарлылық

принципі.   ДНҚ  -  гендік   ақпарат   тасымалдаушысы.   Белок   синтезі.

Ферменттер-  белок табиғатының органикалық катализаторы. Ферменттердің

арнайылығы.   Ферменттер   номенклатурасы.   Тірі   ағзалардағы   энергияның

сақталуы   мен   тасымалдануы.   АТФ   энергия   жинақтаушысы   ретінде.   Ағза

ашық жүйе. Энергияның әмбебеп көзі - күн сәулесі.  Апопласт, оның су мен

заттар   тасымалдануындағы   ролі.   Цитоплазма   коллоидты   жүйе.   Симпласт.

Клеткалық   мембраналар   құрылымның   ұйымдасуының   әмбебап   принципі

ретінде. Диффузия мен осмос пассивті тасымалдың қозғаушы күші ретінде.

Концентрация   градиенті.   Электро-химиялық   мембраналық   потенциалдың

градиенттің   пайда   болуы,   оның   қозғаушы   күші,   пассивті   тасымалға   үлесі.

Клетка  мембранасы арқылы заттардың белсенді  тасымалдануы.  Экзоцитоз,

эндоцитоз, пиноцитоз. Осмостық қысымды анықтау әдістері, физиологиялық

маңызы.   Әртүрлі   экотип   өсімдіктерінің   осмостық   қысым   мәні.   Клетка

біртұтас бүтін жүйе ретінде. Ұлпалардағы клеткалардың өзара байланысы.

Клетка, өзі реттелетін, өзі көбейетін жүйе ретінде.

2 тақырып. Өсімдіктегі су алмасуы

р/с



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-

қатынастық сағаттар саны 

дәріс


тер

практи-


калық

(сем)


Зертха-

налық


СӨЖ

1

Өсімдік клеткасының физиологиясы 



мен биохимиясы

1

1



5

2

Өсімдіктегі су алмасуы



1

 

10



3

Фотосинтез

1

1

10



4

Өсімдіктердің минералдық 

қоректенуі

1

 



10

5

Өсімдіктердің тыныс алуы 



1

1

10



6

Өсімдіктердегі органикалық 

заттардың алмасуы

1

 



10

7

Өсімдіктердің өсуі және дамуы



1

8

8



Өсімдіктердің бейімделуі мен 

төзімділігі.

2

 

5



         БАРЛЫҒЫ :

9,0


-

3,0


58

Судың   биологиялық   ролі.   Судың   физикалық   химиялық   қасиеттері,

олардың   тірі   зат   құрамындағы   ролі.   Су   молекуласының   құрылымы,   оның

полярлылығы,   Н   байланыстар   түзу   қабілеті.   Сұйық   су   құрылымы.   Судың

өсімдік   мүшелеріндегі,   ұлпаларындағы,   клеткаларындағы   сандық   мөлшері.

Судың   өсімдіктегі   күйі,   бос   және   байланысқан   су,   олардың   физикалық

химиялық қасиеттері және физиологиялық ролі. Судың потенциалы туралы

ұғым,   тірі   заттың   құрамындағы   судың   химиялық   потенциалы.   Су

потенциалының градиенті диффузия мен осмостың қозғаушы күші ретінде.

Су потенциалы градиенті негізінде клеткалар жүйесіндегі судың қозғалуы.

Өсімдікке судың сіңуі. Тамыр – сіңіру органы ретінде, оның өлшемі, тамыр

жүйесінің типтері, тамырдың әртүрлі аймақтарының сіңіру қабілеті, тамыр

түктері.   Тамырдың   суды   сіңіруіндегі   микоризаның   ролі   (әртүрлі

ауылшаруашылық өсімдік топтарындағы; қыстайтын астықтұқымдастардағы,

көкөністердегі,   ағаш   өсімдіктердегі   тамырдың   бұтақталуы   мен   тереңге

тартуы). Тамыр жүйесі мен өсімдіктің жер үсті бөліктерінің өсуі арасындағы

байланыс.  

Судың өсімдікте  тасымалдануы. Судың өсімдік денесінде жылжуының

жолдары. Көтерілетін ағын. Тамыр бетінен орталық цилиндрге, эпидермис,

тамыр паренхимасы, эндодермаға дейін су жолы. Ксилема және оған жақын

ұлпалармен судың көтерілуі. Ксилемадағы су ағынының тоқтаусыздығы. Су

потенциалы градиенті көтерілетін ағынның қозғаушы күші ретінде. Судың

ұстасу күші. Судың тамыр, сабақ, жапырақ арқылы жылжуы. Апопласттық

және симпласттық тасымал жолдары. Ксилема, клетка қабығы, және клетка

аралығы   бос   саңылау   кеңістігі   бойынша   су   жолы.   Алыс   және   жақын

арақашықтықтарға   су   ағынының   қозғаушы   күші.   Өсімдік   біртұтас

гидростатикалық  жүйе. Алыс, орташа  және арақашықтықтарға  тасымалдау

жолдары, су мен заттарды тасымалдау үрдісіндегі құрылымдардың көптігі.

Су   потенциалы   градиенті,   диффузия   мен   осмос   суды   жақын   қашықтыққа

тасымалдаушылар.   Электроосмос.   Пропласт,   симпласт   және   апопластта

судың жылжуы. Капилляр күштері, адгезия мен когезияның күштері орташа

және жақын қашықтыққа су ағынын жылжытатын күштер ретінде. 

Бір   мүшеден   екінші   мүшеге   алыс   қашықтыққа   суды   тасымалдау.

Тамырдан   жапыраққа   суды   тасымалдаудың   транспирациядағы   мәні.

Транспирация   қозғағыш   күшінің   механизмі.   Су   потенциалы   градиенті

топырақ  -  өсімдік  -  атмосфера жүйесінде. Транспирация және ол туғызатын

өсімдіктегі   су   потенциалы   градиенті   көтерілетін   су   ағынының   қозғаушы

күші.   Тамыр   қысымы  -  төменгі   қозғаушы   күш.   Тамыр   қысымының   күші.

Тамыр   қысымының   механизмі   туралы   екі   концепция.   Тамыр   қысымының

механизмі туралы Лютге-Хиггенботемнің концепциясы.  Тамыр қысымының

шарттайтын   тамыр   клеткаларының   белсенді   жиырылғыш   қабілеті.

Көтерілетін ағынның когезиялық теориясы. Су ағынының аралық қозғаушы

күші. 


Өсімдіктің   суды   шығындауы.  Жапырақ   транспирация   мүшесі.

Устьицелік   және   кутикулалық   транспирация.   Устьиценің   күйін   реттейтін

шарттар.   Калий   иондарының   ролі.   Устьиценің   күйі  әртүрлі   өсімдік

топтарының   сумен   қамтамасыз   етілуінің   көрсеткіші.   Транспирация

физикалық   және   биологиялық   процесс   ретінде.

 Метерологиялық



жағдайлардың   транспирацияға   әсері.   Транспирацияның  тәуліктік   жоне

маусымдық   өзгеруі.   Транспирация   қарқындылығын   есептеу   әдістері.

Транспирация   қарқындылығының   вегетация   бойынша   орташа   шамасы.

Транспирациялық коэфициент. Су жетіспеушілігі, оның пайда болу себептері.

Су   жетіспеушілігі   пайда   болуында   транспирацияның   ролі.   Атмосфералық

және   топырақ   қуаңшылығы.   Уақытша,   қалдық   және   узаққа   созылған   су

жетіспеушілігі.   Әртүрлі   мүшелердегі   су   жетіспеушілігі.   Өсімдік   мүшелері

мен ұлпалары арасындағы судың таралуы. Уақытша және ұзақ мерзімді солу.

Солудың   физиологиялық   биохимиялық   салдары.   Солудың   транспирация,

тыныс алу, фотосинтез, өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсері. Ферменттердің

белсенділігі,   биополимерлердің   мономерлерге   гидролизі.   Солудағы

белоктардың   критикалық   деңгейі   қайтымсыз   өзгерістердің   себебі.

Көмірсулардың алмасуындағы өзгерістер.  Астықтұқымдас, жеміс, ағаш және

басқа   өсімдіктердің   суға   қатысты   онтогенезіндегі   қиыын   кезеңдер.   Қиын

кезеңдердің көбею мүшелерінің қалыптасуымен байланысы. Ф.Д. Сказкиннің

жұмыстары.   Астықтұқымдастарда   дәнсіз   масақ   пен   сирек   дәндер   қиын

кезеңде   су   тапшылығының   нәтижес   ретінде.     Тозаңның   зақымдалуы.

Суарудың   физиологиялық   негізі.     Сумен   жеткілікті   қамтамасыз   ету

ауылшаруашылық   өсімдіктерінен   жоғары   өнім   алудың   қажетті   шарты.

Қазақстан   Республикасының   суармалы   жерлерінде   рациональды   тәртіп

орнату.     Онтогенездің   әртүрлі   кезеңдерінде   өсімдіктер   үшін   топырақ

ылғалдылығының   қолайлы   деңгейі.       Тамыр   аймағында   топырақтың

ылғалдылығының   өсімдікке,   топырақтық   климаттық   шарттарға,   және

берілген   өнімділікее   тәуелділігі.   Суару   нормасы.   Физиологиялық   белгісі

бойынша   суару   мерзімін   анықтау   өсімдіктің   қажеттілігіне   ең   сәйкес   әдіс

ретінде. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігін физиологиялық белгісі

бойынша суару мерзімін анықтап, суды бірмезгілде үнемдей отыра көтеру. 

3 тақырып. Фотосинтез

Фотосинтездің   ашылу   тарихы.   Қоректенудің   автотрофты   типтері.

Фоторедукция, оны жүзеге асыратын бактериялар, бактериялар пигменттері.

бактериялық   фотосинтез   теңдеуі.   Хемосинтез   ролі.   Жасыл   өсімдіктердің

фотосинтезі.   Өсімдіктердің   ғарыштық   маңызы.   Жарық   энергиясын   сіңіру.

Фотосинтез   жердегі   органикалық   массаны   жинаудың   негізгі   процессі.

Көмірқышқыл газы мен оттегі айналымы. 

Хлорофилл,   оның   химиялық   құрамы,   молекула   құрамы.   Порфирин

ядросы,   конъюгациялық   байланыстар   жүйесі.   Күн   спектрін   конъюгация

жүйесі мен магний органикалық байланыстарға тәуелді сіңіру. Өсімдіктердегі

хлорофиллдер   күйі.   Хлоропласт   мембраналардың   белоктары   мен

липидтерімен   хлорофиллдің   байланысы.   Спектрдің   қызыл   бөлігіндегі   а

хлорофиллінің   сіңіру   беті.   Р680   және   Р700   хлорофилл.   Хлорофилдің

агрегациялық және мономерлі формасы. Хлорофилл димері. 

Каротиноидтар,   каротиндер,   лютеиндер,   виолоксантиндер,

неоксантиндер.   Олардың   молекулаларының   құрылымы.   Сіңіру   спектрі.

Фотосинтез процессіне қатысу. 

Хлорофиллдің биосинтезі. Хлорофиллдің ата тектері: протохлорофилл.

Хлорофилл биосинтезіндегі басқа факторлар мен жарықтың маңызы. Хлороз.


Хлорофилл   биосинтезіндегі     органикалық   қышқылдар   мен   аминовулин

қышқылының қатысуы. 

Жапырақ     фотосинтез       процесі       жүзеге     асатын       негізгі       мүше.

Бағаналы және губкалы паренхима. Ондағы хлорофилл мөлшері. Балдырлар

мен   жоғары   сатыдағы   өсімдіктердің   хлоропласттары   пішіні.   Строма,

ламеллалар.   Грандар,   тиллакоидтар,   фреттер.   Тиллакоидтардың   біртұтас

жүйесі. Тиллакоид  мембраналарының құрылысы. Мембрана; Р680 және Р700

хлорофиллінің,   пластохинонның,   цитохромның,   пластоцианның,

ферродоксиннің компоненттері.   Жарық кванттарын сіңіру. Эквиваленттілік

заңы. Квант түсімі және фотосинтез шығыны.

Пигменттер   жүйесіндегі   энергия   миграциясы;   миграцияның

резонансты жолы және зарядтар тасымалдау комплексі.

Хлорофиллдің     фотосинтез   процессіне   қатысуы.   Хлорофиллдің

фотоқозуы, оның негізгі энергетикалық деңгейден синглетті 1 және 11 қозу

деңгейлеріне   өтуі.   Қозудың   триплетті   деңгейі.   Флуоресценция,

фотохимиялық, жарық реакциялары  және энтропияға  (жарық сәулесі) қозу

энергиясын қолданып, қозу деңгейлерінің негізгі деңгейге өтуі. Үрдістің фото

тотыққан   және   фотототықсыздандырылған   өнімдері,   қозған   электрон

миграциясы.   Электронның   электрон-тасымал     тізбегіне   –   фотохимиялық

процесске тасымалдануы.

Фотосинтездің жарықтық және қараңғылық сатылары. Фотосинтездің

жарықтық қанығуы туралы Тимирязевтің еңбектері. Р.Вильштеттер, А.Штоль,

В.Любименко,   Ф.Блэкман   еңбектері.   Фотосинтездің   фотофизикалық,

фотохимиялық, биохимиялық процесстері 

Фотосинтетикалық бірлік. Р.Эмерсон еңбектері. Эммерсон эффектісі, 1

және 11 пигменттік жүйелер, олардың құрамы мен реакциялық орталықтары.

Р680   және   Р700   хлорофиллдерінің   электрон   аулағышы   ретіндегі   ролі.

Пигментік жүйелердің құрамы. Пигменттік  жүйелердің жұмысы.

Тасымал   сызбасы,   тиллакоидтар   мембранасының   электронды-

тасымалдық   тізбегі,   ЭТЦ   компоненттері,   олардың   редокс-потенциалы.

Электрондар тасымалымен бірге жүретін фотохимиялық реакциялар.

Фотофосфорлану,   циклді   және   циклді   емес   реакциялар,   бұл

реакциялардың өнімдері. Энергияның АТФ жинақталуы.

Фосфорланудың   хемоосмотикалық   гипотезасы,   протон   қозғалтқыш

күш ретіндегі протон градиентінің мәні. / СР, - СР

0  


/-АТФ-аза кешені, оның

функциясы.   Фотофосфорлану-   жарық   энергиясын   электр   энергиясына

(протон қозғаушы күш), содан кейін химиялық энергияға айналдыруы, оның

АТФ құрамына жинақталуы.

Фотосинтездің   қараңғылық   сатысы.   Фотосинтездің   биохимиялық

процесстері.   Кальвина   және   Бэнсон   жұмыстары,   ол  қолданған   белгіленген

көміртегі   және   басқа   әдістер.   Өсімдікпен   СО

2

 



сіңірудің   химиялық

реакциялары. Кальвин циклі немесе фотосинтездегі СЗ көміртегі жолы. СЗ

жолдың   алғашқы   өнімдері.   Кальвин   циклінің   ферменттері.   Фотосинтез

қарқындылығы, оны анықтау әдістері.

Фотосинтездегі   көміртегінің   С4-   жолы.   Ю.Карпилов,   М.Хэтч   және

К.Слэк еңбектері. С4 фотосинтез реакциялардың ферменттері. Хэтча - Слэка

циклі   -процессінің   химизмі.   С4   өсімдіктер,   олардың   анатомиялық


ерекшеліктері.   СЗ   және   С4   өсімдіктер.   СЗ   және   С4   фотосинтездің

кооперациясы. Айлаулықтар тұқымдасының өсімдіктеріндегі фотосинтездің

ерекшеліктері.

Фототыныс

 

алу.


 

СЗ

 



жолының

 

басты



 

ферменті


рибулозобифосфаткарбоксилазаның   с   О

2

  және   СО



2

  әсерлесу   қабілеті.

Оксигенация   реакциялары.   Хлоропласттар,   пероксисома   және

митохондрийлер   қатысуы.   Фототыныс   алуды   күшейту   шарттары.

Фотосинтездің өнімділігі үшін оның маңызы. СЗ және С4 өсімдіктердің фото

тыныс алуы.

Фотосинтезді   реттеу:   метоболиттік,   гормоналды,   донорлық-

акцепторлық.    Фотосинтездің  онтогенезе  өзгеруі.  А.Мокроносов  еңбектері.

Донор –акцептор қатынастарының ролі. Ассимиляттар тасымалы. Курсанов

еңбектері.   Ассимиляттардың   жақын   қашықтыққа   тасымалдануы.

Ассимиляттар   үшін   мембраналар   өткізгіштігі.   Мембраналық

тасымалдаушылар. Транспорттық метаболиттер. Ассимиляттарды мембрана

арқылы тасымалдаудың  қайықтық принципі. АТФ  энергиясын  транспортқа

пайдалану.   Симпорт   және   антипорт.   Ассимиляттар   тасымалындағы   циклоз

мәні.   Ассимиляттар   орта   қашықтықтарға   тасымалы.   Транспорттағы   безді

клеткалардың ролі.  Симпластты және апопластты транспорт жолдары. Алыс

қашықтықтарға тасымалдау. Флоэма мен ксилеманың қатысуы. Флоэманың

филламенттері.   Лептом.   Ассимиляттар   тасымалының     метаболизмге

араласуы.   Ассимиляттар   тасымалының   әртүрлі   жолдарының   өзара

байланысы.  

Фотосинтез   экологиясы.   Жарықтың   қарқындылығы   мен   сапасының

әсері.   Фотосинтетикалық   белсенді   радиация.   Жарық   энергиясын

фотосинтезге   пайдалану.   Көмірқышқылының   максимальды   және

минимальды концентрацияларының әсері. Температура, жарық, минеральды

қоректенудің әсері.

Фотосинтез   және   өнім.   Компенсациялық   нүкте.   Органикалық

заттардың тыныс алуға шығындалуы және табиғи шығындар. Биологиялық

және   шаруашылықтық   түсім.   Ничипорович   еңбектері.   Фотосинтетикалық

өнімділік теориясы. Фотосинтетикалық потенциал, жапырақ индексі туралы

түсінік. Фотосинтездің таза түсімі, оны анықтау әдістері. Биологиялық және

шаруашылықтық   түсімнің   арақатынасы,   шаруашылықтық   коэффициент.

Өсімдікті   егудің   рациональды   құрылымы.   Дәнді   дақылдардың   түсіміне

әртүрлі   мүшелердің,   әртүрлі   қабат   жапырақтарының,   масақ

қабыршақтарының   үлесі.   Жапырақтың   ролі.   Фитоценоздағы   жапырақ

ауданының,   фотосинтетикалық   потенциалдың,   шаруашылықтық

коэффициенттің   реттелуі.   Агрофитоценоздар   құрылымында     оптикалық

қасиеттердің   қалыптасуы.   Фотосинтез   түсімінің   тыныс   алумен,   өсумен,

дамумен,  донор – акцепторлық қатынастармен байланысы. Түсім қалыптасу

теориясы. Фотосинтез және селекция А.Мокроносов еңбектері. Фотосинтез

бойынша   қарқынды   ауылшаруашылық   өсімдіктері   сорттарын   сұрыптау.

Түсім күрделі интеграциялық процесс ретінде.

4  тақырып. Өсімдіктердің минералдық қоректенуі

Шағын   молекулалардың   сіңірілуі.   Иондардың   сіңірілуі   мен

тасымалдану   механизмі.   Еріген   заттардың   пассивті   тасымалдануы.


Клетканың   бос   кеңістігі.   Клетка   қабығы   мен   адсорбцияланған   заттар

байланыстары сипаты. Тасымалдану қатысындағы заттар тасымалы.  Сутегі

помпасы.   К,   Na,   -АТФ-аза.   Тасымал   жүйесінің   генетикалық   зерттеулері.

Тасымал заттарының мембраналық реттелуі. Ионофорлар.

Бүтін   өсімдіктегі   иондар   тасымалы.   Иондардың   тамырда   радиалды

жылжуы   (апопласт,   симпласт   бойынша   қозғалу).   Иондардың   радиалды

жылжуы үшін жол таңдау. Иондардың радиалды жылжуы және анатомиялық

дифференциация.   Иондардың   алыс   қашықтықтарға   орын   ауыстыруы.

Өсімдіктердің   жылауы.   Гуттация.   Тамыр   қысымы.   Иондардың   ксилемада

жылжуы.   Транспирацияға   байланысты   иондардың   сіңірілуі   мен

тасымалдануы. Иондардың жапыраққа берілуі. Жапырақта су мен онда еріген

заттардың жылжуы. Иондардың жапырақта сіңірілуі. Жапырақта тұздардың

шөгуі.   Иондардың     қайта   таралуы   және   ризологиялық   процесстер.

Устьиценің жабын клеткаларында иондар мен еріген заттардың жинақталуы.

Өсімдіктерді   қорек   элементтерімен   тамырдан   тыс   қоректендіру.

Өсімдіктердің   ионды   сіңіру   жылдамдығын   реттеу.   Иондар     антагонизмі.

Сұйылтылған   ертінділерден   иондарды   сіңіру.   Жоғары   концентрациялы

ертінділерден   иондар   сіңірілуі.   Өсімдік   тамырымен   иондар   сіңірілуінің

ырғақтылығы.   Тамырдағы   су   мен   иондардың   ағындары   арасындағы

байланыс.  

Өсімдіктерге   минералдық   элементтердің   қажеттілігі   және   иондарды

сіңіру.   Өсімдіктердің   қорек   элементтерге   қажеттілігін  анықтау   әдістері.

Тамырды қоршап тұрған топыраққа қоректік заттар келуі. Иондар сіңірілуіне

ризосфералық   микрофлораның   әсері.   Макроэлементтердің   (азот,   фосфор,

калий,   кальций,   магний   және   басқа   элементтер)   физиологиялық   ролі.

Микроэлементтердің ролі, олардың сіңірілетін формалары. Жеке элементтер

жетіспеудегі   физиологиялық   бұзылыстар.   Өсімдіктердегі   минералды

қоректену   элементтерінің   айналымы   және   оларды   қайта   пайдалану

(реутилизация).

Тамырдың синтетикалық әрекеті. Тамырдағы аминқышқылдар синтезі.

Тамырдың әртүрлі бөліктері мен аймақтарындағы аминқышқылдары. Тамыр

аминқышқылдары   өсімдік   онтогенезінде.   Аминқышқылдық   алмасудың

тәуліктік   ырғағы.   Аминқышқылдардың   негізгі   тасымал   формалары.

Тамырдың   белоктық   құрамы.   Белоктар-   азот   метаболизмінің   ферменттері.

Тамырдың тыныс алуы және белоктар мен аминқышқылдарының биосинтезі.

Тамыр   екінші   ретті   қосылыстарды   түзетін   орын   ретінде   (полисахаридтер,

фитогормондар, гликозидтер, алкалоидтар, сапониндер). Тамыр мен өркеннің

гормональды қарым қатынастары.

Фитоценоздардағы   минералды   заттар   және   олардың   экожүйелердегі

айналымы. Дала жағдайында тамыр жүйелерінің көрсеткіштерін өлшеу және

тіркеу. Тамырлардың егу кезінде тығыздығы мен таралуы. Дала жағдайында

өсімдіктердің   қоректік   заттарды   сіңіруі.   Өсімдіктер   топтарымен   қоректік

элементтерді   тамыр   арқылы   сіңіруінің   теориялық   тұрғысы.   Өсімдіктер

арасындағы   бәсеке.   Мәдени   өсімдіктер   мен   арамшөөптер   арасындағы

аллелопатикалық   қарым   қатынастар.  Минералдық   тынайтқыштарды

қолданудың   физиологиялық   негіздері   және   олардың   өнімділікке   және

ауылшаруашылық өнімінің сапасына әсері.  


5 тақырып. Өсімдіктердің тыныс алуы

Тыныс алудың физиологиялық процесс ретіндегі жалпы сипаттамасы.

Көмірсулар диссимиляциясы. Энергия генерациясы. Биологиялық тотығу мен

тотықсыздану теориясы. Тотығу мен тотықсыздану механизмі туралы қазіргі

заманғы   түсінік.   Тыныс   алу   мен   ашу   биологиясының   өзара   байланысы.

Тыныс алу мен ашу биологиясы. Биологиялық тотығу. 

Дегидрогеназалар.   Флавопротеидтер.   Кофермент   Q.   Цитохромдар.

Тыныс тізбегінің құрылымы. 

Гликолиз,  гликолиздің   екі  сатысы.   Гликолиздің   толық   балансы.

Интактілі   клеткадағы   гликолиздің   энергетикасы.   Гликолиздің   реттелуі.   Үш

карбон   қышқылдарының   циклі.   Үш   карбонды   қышқылдар   циклі

ферменттерінің   клетка   ішінде   шоғырлануы.   Үш   карбонды   қышқылдар

циклінің   амфиболиялық   табиғаты.   Үш   карбонды   қышқылдар   циклінің

реттелуі. Глиоксилатты цикл. ПВК карбоксилденуі. Фосфоглюконатты жол.

Терминальды оксидазалар. Темір- және мыспротеидтер. Олардың шғырлануы

мен қажеттілігі.

Электрондар   тасымалдану   жолы:   тыныс   тізбегі.   Электрондар

тасымалдануы энергетикасы. Фосфорлану механизмы. Субстрат деңгейіндегі

фосфорлану.   Тотыға   фосфорлану.   Тотыға   фосфорланудың   электрондар

тасымалы   процессімен   қатар   жүруі.   Энергия   балансы.   Субмитохондралды

жүйелердегі тотыға фосфорлану. Қатар жүру факторлары. Химия-осмостық

және   химиялық   қатар   жүру   теориялары.   Процесстің   кешенді   ферменттік

реттелуі. Тыныс алуды акцепторлық бақылау.

Өсімдік   клеткасындағы   тыныс   алу,   зат   пен   энергия   алмасуы.

Митохондрий     мембраналарының,   тасымалдау   жүйесінің   өткізгіштігі.

Белсенді тасымал және тыныс алуға тәуелсіз иондар тасымалы. Метаболизм

реттелуіндегі   митохондриалды   тыныс   алудың   реттелуі.   Тотыққан

эквиваленттердің   митохондрийден   цитоплазмаға   орын   ауыстыруы.   Май

қышқылдары мен амин қышқылдарының тотыға ыдырауы. Тыныс алу және

биосинтетикалық процесстер.

Өсімдіктің   әртүрлі   мүшелерінің   тыныс   алу   қабілетінің   арақатынас

ерекшеліктері.   Тыныс   алу   қарқындылығы   мен   тыныс   алу   коэффициентін

анықтау әдістері. Тыныс алудың әртүрлі субстраттарындағы және ұлпаларға

оттегі  әртүрлі жеткізілу кезіндегі  коэффициенттері.  Тыныс алудың сыртқы

және ішкі факторлардан тәуелділігі. Бидайдың тыныс алу коэффициентінің

онтогенетикалық өзгерістері.

Тыныс   алу   газ     алмасуы   өсімдіктердің   түсім   процессінің   элементі

ретінде.   Жасыл   өсімдіктің   фотосинтезі   және   тыныс   алуы     қызметтері.

Көмірқышқылдық   компенсациялық   пункт.   Фотосинтез   және   тыныс   алу

қызметтері   көрсеткішінің   жапырақтың   беткі   тығыздығымен   және

жапырақтағы   азота   пен   хлорофиллдер   арасындағы   байланыс.   Фотосинтез

және тыныс алу қызметтерінің  оптимизациясы.  Тыныс алуды  жарықта  газ

алмасу бойынша зерттеу  әдістері. Фитоценоздардың  тынысты газ  алмасуы

және оның түсім беру процессіндегі ролі. Өсімдіктің құрғақ заты балансының

теңесуі.   Топырақ   қуаңшылығы   жағдайындағы   тыныстық   газ   алмасу.

Биомассалардың   минералды   бөгделену   жағдайындағы   тыныс   алу   газ

алмасуы.   Сабақтың   әртүрлі   тығыздығы   шарттарындағы   тыныс   алу   газ


алмасуы.   Қоректену   кезіндегі   тыныс   алудың   ерекшеліктері.   Тыныштық

күйіндегі тыныс алу газ алмасуы. Өсімдік өнімдерін сақтау шарттарындағы

тыныс алу.  

6  тақырып. Өсімдіктердегі органикалық заттардың алмасуы

Көмірсулардың     алмасуы.   Көмірсулардың   биосинтезі   мен   өзара

айналуы.   Көмірсулардың   тасымалдық   және   қорлық   формалары.   Өсімдік

клеткасындағы көмірсулардың айналымы. Тұқымның өнуі кезіндегі көмірсу

алмасуы.   Тұқым   мен   жеміс   қалыптасуындағы   көмірсулардың   алмасуы.

Экологиялық  факторлар мен өсіру шарттарына байланысты көмірсулардың

алмасуы. Тұқым мен жеміс сақтаудағы көмірсу алмасуы. 

Аминқышқылдары   мен   белоктардың   алмасуы.   Аминқышқылдардың

биосинтезі. Алғашқы аминқышқылдары мен амидтері. Азоттың аммиак және

нитрат   формаларының   ассимиляция   ферменттері.   Трансаминдену

реакциялары. Аминқышқылдары мен белоктың биосинтезінің  онтогенездегі

экологиялық   факторларға   байланыстылығы.   Өсімдіктегі   азоттың

транспорттық   формалары.   Тұқым   мен   жеміс   қалыптасуындағы   азоттық

алмасу.   Астықтұқымдастарының   дәнінің   қалыптасуындағы   белок

жинақталуы. Жапырақ қартаюы барысындағы азот алмасуы. 

Липидтер алмасуы. Майлардың биосинтезі. Липазалар. Фотосинтез бен

тыныс алу процесінде  майлар биосинтезінің байланысы. Майлар, көмірсулар

мен органикалық қышқылдардың өзара айналуы. Майлардың ыдырауы мен

тотығуы. Фосфатидтердің алмасуы. Сыртқы орта факторларына байланысты

майлы   өсімдіктердің   дәнінің   қалыптасуы.   Тұқымдарды   сақтау   барысында

май алмасуы.

Витаминдер. Суда еритін витаминдердің биосинтезі мен биологиялық

ролі. Майда еритін витаминдер. Өсімдіктерде витамин мөлшері онтогенезде

және   экологиялық   факторларға   байланысты   және   өсіру   шарттарына

байланысты өзгеруі. 

Екінші ретті текті заттар. Екінші ретті текті заттардың: эфир майлары,

гликозидтер,   дубильді   заттар,   алкалоидтар,   сапониндер   биосинтезі   мен

физиологиялық ролі.

Өсімдіктердегі   заттар   мен   энергия   айналуының   өзара   байланысы.

Жапырақ биосинтездердің негізгі мүшесі. Биосинтездердегі тамырдың ролі.

Басқа   мүшелер   мен   ұлпалардағы   биосинтездер.   Конституциялық   және

қорлық заттар.



7 тақырып. Өсімдіктердің өсуі және дамуы

Өсімдіктің   өсуі   және   дамуы   туралы   түсініктер.   Өсу   мен   дамудың

реттелу   принциптері.   Өсімдіктің   өсуі   мен   дамуын   реттейтін   факторлар.

Фитогормондар.   Фитогормондардың   биологиялық   әсер   ету   спектрі.

Фитогормондардың әсер ету механизмдері. Клетканың өсуі. Протоплазманың

өсуі. Клетканың   бөлінуі.  Созылып өсу. Клетка қабығынын созылып өсудегі

ролі.   Ауксин   мен   гиббереллиннің   өсудің   созылу   сатысындағы   әсері.

Гормондардың   әсерінен   болатын   детерминация.   Полярлылық   құбылысы.

Полярлылық индукциясы. Полярлылықтың тұрақтылығы. Реттелудің клетка

аралық   реттелу   жүйелері.   Трофикалық   реттелу.  Гормондардың   әсерінен

реттелу.


Электрофизиологиялық   реттелу.   Тұқымның   өну     физиологиясы.

Тұқымның   тыныштық     күйінің   ерекше   белгілері.   Тұқымның   тыныштық

күйінің себептері. Тұқымның тыныштық  күйінің тоқталуы. Ингибиторларды

жою.   Тұқымның   қабығының   өзгеруі.     Өнуді   индукциялайтын   заттар.

Тұқымның   тыныштық     күйіне   жарықтың   әсері.   Тұқымның   тыныштық

күйінің     температураның   әсерінен   тоқталуы.   Тұқымның   өнуі   барысында

жүретін   процесстер.   Ісіну.   Ферменттердің   белсенділігі   артуы.   Өніп   келе

жатқан   тұқымның   зат   алмасу   ерекшеліктері.   Тыныс   алу   өніп   келе   жатқан

тұқымның   негізгі   энергетикалық   процессі.   Тұқымның   өну   процесіне   ішкі

және сыртқы шарттардың әсері.   Фитогормондар бүтін өсімдіктің өсуі мен

өнуін  реттейтін факторлар ретінде. Ауксин, гиббереллин, цитокинин, абсциз

қышқылының және этиленнің мүшелер бойына таралуы  мен шоғырлануы.

Фитогормондардың тасымлдануы, олардың ұлпалар мен мүшелердің өсуіне,

тұқым   мен   жемістің   қалыптасуына   әсер   ету   ерекшеліктері.

Фитогормондардың   өзара   әсерлесуі.   Фитогормондардың   метаболистік

байланысы.   Фитогормондар   мен   фотосинтез.   Фитогормондар   мен

өсімдіктердің  күйзеліс жағдайы.  Өсімдік шаруашылығында  фитогормондар

мен олардың синтетикалық алмастырғыштарын қолдану. Ауксин мен оның

синтетикалық аналогтарын қолдану. Гиббереллинді пайдалану. Ретарданттар.

Этилен   мен   этрелді   қолдану.   Цитокининдерді   қолдану.   Жоғары   сатыдағы

өсімдіктердің   өсуінің   локализациясы.   Өсімдік   мүшелерінің   өсу

ерекшеліктері. Өсудің үлкен кезеңі заңы. Өсуді математикалық талдау. Өсудің

ішкі факторлардан Зависимость роста ьт внутренних факторов (тұқым қуалау

ерекшеліктері, полиплоидиялар, гетерозис, жастық күйі) тәуелділігі. Өсу мен

дамудың экологиялық факторларға байланыстылығы. Жарық  өсу мен дамуды

реттейтін   фактор   ретінде.   Қызыл   /   алыс   жарық   жүйесі.   Жоғары   энергия

жүйесі.   Өсуге  көк  түстің әсері.  Температураның  өсімдік  өсу мен  дамуына

әсері. Өсу мен даму үшін   температуралық оптимумдар. Даму процессінің

төменгі   және   жоғарғы   температуралармен   индукциясы.   Өсуге   ауа   мен

топырақ   ылғалдылығының,   топырақтың   аэрациясы   мен   тұзды   құрамының,

тыңайтқыштар,   өсімдікті   қорғаудың   химиялық   құралдарының,   ауа   мен

топырақ ластануының әсері. 

Минимум   заңы   және   өсу     факторларының   өзара   әсерлесуі.

Фотопериодизм мен циркадалы ритмика. Фитохромның өзгеру жылдамдығы

өсімдіктің   фотопериодтылық   реакцияларын   анықтайтын   негізгі   фактор

ретінде.   Өсудің   тәуліктік   және   маусымдық   кезеңділігі   ішкі   және   сыртқы

факторлардың   жинақ   әсерінің   салдары   ретінде.   Мүшелердің   өсуі.   Өсу

аймақтары.   Өсу   көрсеткіштері.   Өсу   функциялары.   Аллометрия.

Корреляциялар. Коррелятивтік стимуляция. Коррелятивтік тежелу. Мүше түзу

процесстері. Органогенездің негізгі этаптары. Тамыр мен бүршіктің түзілуі.

Тамыр мен бүршіктің түзілу процесстерінің морфологиялық-физиологиялық

барысы.   Тамыр   мен   бүршіктің   түзілуінің   гормондық   инициациясы.   Тамыр

мен бүршіктің түзілуінің коррелятивтік регуляциясы. Гүлдер түзілуі. Гүлдеу

гормондары. Гүлдеу ингибиторлары. Сексуализация. Өсімдіктің мүшелерінің

қимыл-қозғалыстары.  Тітіркену және реакция.  Тітіркену түсінігі. Тітіркену

мен   қозуды   қабылдау.   Тітіркену   және   реакция   арасындағы   ортақ   өзара

байланыстар. Тірі ағзалардың қозғалысы. Қозғалыс механизмдері: өсу және


тургор   қозғалыстары.   Тропизмдер.   Настиялар.   Эндогенді   қозғалыстар.

Таксистер. Бүтін өсімдіктің өсу туралы ұғым. Нан астықтұқымдастарының

өсу   процесстеріндегі   вегетативті   және   генеративті   мүшелерінің   реттеуші

функциялары.   Өсімдіктің   өсу   процесстерінің   негізгі   ерекшеліктері.

Уақыттағы массасының ұлғаю функиясы ретіндегі өсімдіктің өсуінің жалпы

заңдылықтары.   Дала   жағдайындағы   өсімдіктің   сызықтық   өсуінің   тәуліктік

кезеңділігі мен ырғақтылығы, олардың пайда болу себептері және реттелуінің

мүмкін   болатын   жолдары.   Өсімдіктің   жалпы   жастық   өзгерістерінің

морфологиялық,   физиологиялық   және   биохимиялық   белгілері.   Жастық

өзгерістер   мен     генеративті   дамудың   өзара   байланысы.   Дамудың

фенологиялық фазалары. Өсімдіктердің қартаю физиологиясы. Онтогенездегі

өсімдіктер мен мүшелерінің қартаюы мен жасаруы. 

Өсімдік   тұқымының,   жемістерінің   және   басқа   азықтық   бөліктерінің

және   ценоздардың  түзілуі,   пісіп   жетілуі   физиологиясы.   Гүлдеу   мен

тозаңданудағы  ішкі және сыртқы факторлардың ролі. Тұқым мен жемістің

қалыптасу   физиологиясы.   Тұқым   мен   жемістің   жалпы   түсінігі   және

морфологиясы.   Астықтұқымдастар   дәнінің   қалыптасу   процессіндегі

вегетативті   және   репродуктивті   мүшелердің   өзара   байланысы.

Физиологиялық   процесстердің   оптимальды   барысы   және   өсімдіктердің

потенциальды түсімі. Фотосинтездің барынша өнімділігін қамтамасыз етудегі

орта   факторларының   өзара   байланысы.     Өсімдіктің   ФАР   тиімді

пайдалануының негізгі шарттары. Егіннің жапырақ ауданының қолайлылығы.

Фитоценоздармен вегетация кезеңінде қалыптасатын соңғы өнімнің түзілуі

кезіндег   мүмкін   болатын   КПД   ФАР.   Өсімдіктің   өнімді   мүшелерінің

қалыптасу   процессіндегі   органикалық   қосылыстардың   реутилизациясы.

Фитоценоздардың   жылу   режимі.   Астық   және   бұршақ   тұқымдастарда

белоктар мен қорлық көмірсу жиналу физиологиясы. Тамыржемістерде қант

жинақталу   физиологиясы.   Май   алынатын   өсімдіктердегі   май   жиналу

физиологиясы. Біржылдық және көпжылдық азықтық шөптермен биомасса

қалыптасу   ерекшеліктері.   Көпжылдық   жеміс   беретін   өсімдіктердегі   түсім

қалыптасу физиологиясы.

8 тақырып. Өсімдіктердің бейімделуі мен төзімділігі.

Өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі -

тіршілік   жағдайларына   бейімделушілік   белгілері.   Өсімдіктердің   қолайсыз

температуралық   жағдайларына   төзімділігінің   физиологиялық   негіздері,

қуаншылыққа төзімділік. Өсімдіктердегі шынығу процестері, физиологиялық

негіздері.   Өсімдіктердің   қоректік   ортаның   (топырақтың)   тұздылығына

төзімділігі.   Өсімдіктердің   індетті   (патогенді)   микроорганизмдер   әсеріне

төзімділігінің   физиологиялық   негіздері.   Өсімдіктердегі   иммунитет

құбылысы,   түрлері   және   факторлары.   Ауру   өсімдіктің   физиологиясы.

Өсімдіктердің   қоршаған   ортаның   қолайсыз   жағдайларына   төзімділігін

арттырудағы гендік инженерияның мүмкіндіктері.    

Өсімдіктер   онтогенезінің   орта   шарттарына   бейімделуі   олардың

эволюциялық дамуы (өзгергіштік, тұқым қуалау, сұрыпталу) ретінде.

Зақымдаушы  әсерлерге  қарсы  өсімдіктердің  қорғаныс-бейімделушілік

реакциялары. Өсімдіктердің, олардың ұлпалары мен мүшелерінің қайтымды

және   қайтымсыз   зақымдалулары.   Зақымдалу   кезіндегі   өсімдік   клеткалары



мен   ұлпаларының   физика-химиялық   және   функциональдық   қасиеттерінің

өзгеруі. Өсімдіктердің ортаның жағымсыз шарттарына бейімделу мүмкіндігі

(өсімдіктерді шынықтыру). Өсімдіктерге күйзеліс шарттарының әсер етуінің

критикалық кезеңдері.  

Өсімдіктердің суыққа  төзімділігі. Төменгі оң температураларда жылу

сүйгіш   өсімдіктерде   жүретін   физиолого-биохимиялық   өзгерістер.

Өсімдіктердің төменгі оң температураларға бейімделуі. Өсімдіктердің суыққа

төзімділігін арттур әдістері.  

Өсімдіктердің аязға  төзімділігі. Өсімдік клеткалары мен ұлпаларының

қатуы   және   мұнда   жүретін  процесстер.   Өсімдіктердің   қату   шарттары   мен

себептері.  Өсімдіктердің   аязға  төзімділігін   зерттеу   әдістері.  Өсімдіктердің

аязға  төзімділігін   арттыру   әдістері.     Өсімдіктерді   шынықтыру,   олардың

фазалары. Шынықтыру процесстерінің қайтымдылығы.  

Қысқа   төзімділік   қыстаудың   барлық   жағымсыз   факторларының

кешеніне   төзімділік   ретінде.   Бусану,   дым   тию,   мұз   қыртысы   астында   өлу,

дүмпу, қысқы құрғақшылытан зақымдалу. Өсімдіктердің  қысқа төзімділігін

арттыру   әдістері.   Қыстайтын   астық   тұқымдастардың   өлуін   болдырмау

шаралары.  

Өсімдікке ылғал артықшылығының әсері. Су басуға қарсы  төзімділік

факторлары.

Өсімдіктердің   жатып   қалуы   және   оның   себептері.   Жатып   қалуды

болдырмау әдістері. 

Өсімдіктердің   ыстыққа  төзімділігі.   Максимальды   температуралар

әсерінен  болатын   өсімдіктердің    зат   алмасуында,   өсуі   мен   дамуындағы

өзгерістер. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін арттыру әдістері.  

Өсімдіктердің  құрғақшылыққа   төзімділігі.   Су   жетіспеушілігі   мен

жоғары   температураның  өсімдікке  қосарлы   әсер   етуі.   Ксерофиттер   мен

мезофиттердегі   су   алмасу   ерекшеліктері.   Құрғақшылыққа   төзімді

ауылшаруашылық өсімдіктерінің физиологиялық ерекшеліктері.      Мәдени

өсімдіктердің   құрғақшылыққа   төзімділігін   арттыру   жолдары.   Селекцияның

құрғақшылыққа   төзімділікке   физиологиялық   негіздеу.         Жаңбырлату

құрғақшылықпен   күресудің   радикалды   құралы   ретінде.   Құрғақшылыққа

төзімділікті арттыырудың қазіргі әдістері (биотехнологиялық).

Өсімдіктердің  тұзға   төзімділігі.   Қазақстандағы   өсімдіктердің   тұзға

төзімділігі  физиологиясының   қазіргі   жағдайы.   Өсімдіктерге   тұздалудың

әсері, толеранттылық механизмі. Галофиттер типтері. Мәдени  өсімдіктердің

тұзға   төзімділігі.   Өсімдіктердің  тұзға   төзімділігінің   диагностикасы.   Тұзға

төзімділікті   арттыру   мүмкіндіктері.   Суару   шарттарындағы   екінші   ретті

тұздану. 

Өсімдіктердің зиянды газ тәрізді өнеркәсіп пен көлік бөлетін заттарға

қарсы   тұруы.   Өсімдік   өнімдерінде     токсикалық   заттардың   жиналуы.

Өсімдіктердің   атмосфералық   ластағыштармен   өзара   әсерлесуі.   Токсикалық

заттармен   зақымдалған   өсімдіктің   физиологиясы.   Қазақстан

Республикасында   өсімдіктердің   төзімділік   ерекшеліктері   (құрғақшылыққа

және тұзға төзімділік).


4.3 Зертханалық сабақтардың мазмұны

Тақырып 1

Тұздардың     анион   және   катиондарының   плазмолиз   формасы   мен

уақытына   әсері.  Қалпақтық   плазмолизді   бақылау.   Тірі   клетка

вакуольдерінде   бояғыштар   жинақталуы.   Плазмолиз   әдісімен   клатка

шырынының потенциальды осмостық қысымын анықтау.

Тақырып 2

Шардаков   әдісімен   жапырақтың   су   потенциалын   анықтау.   Өсімдік

материалында су мен құрғақ зат мөлшерін анықтау. Техникалық таразының

көмегімен   транспирация   қарқындылығын   және   салыстырмалы

транспирацияны   анықтау.  Торзионды   таразы   көмегімен   кесілген

жапырақтарда транспирация қарқындылығын анықтау (Иванов бойынша).

Инфильтрация әдісімен устьицалар жағдайын анықтау (Молиш бойынша).

Устьицалар   жағдайын   таңбалар   әдісімен   анықтау  (Полаччи   бойынша).

Өсімдіктердің  су тапшылығын анықтау.  «Солу»   әдісімен  өсімдіктердің  су

ұстағыш қабілетін анықтау (Арланд бойынша).



Тақырып 3

Пигменттердің   оптикалық   қасиеті.

 Хлорофиллдің   сутегіні

тасымалдау   реакцияларына   фотосенсибилизациялық   әсері  (Гуревич

бойынша).   Пигменттерді   сандық   анықтау.  Фотосинтез  қарқындылығын

анықтау   (Иванов   және   Коссович   боынша).  Фотосинтездің   таза   түсімін

анықтау. Жапырақ ауданын анықтау.

Тақырып 4

Сабинин   және  Колосов   әдістері   бойынша   тамыр   жүйесінің   көлемін

анықтау.  Сабинин   және  Колосов   әдістерімен   тамыр   жүйесінің

адсорбциялық   жалпы   және   жұмыс   бетін  анықтау.  Өсімдік   күлінің

микрохимиялық   талдау.   Клетка   шырынының  химиялық   талдауы

(Магницкий бойынша).



Тақырып 5

Нитробензолға   дейінгі   тотықсыздануы   бойынша   өсімдіктердегі

дегидрогеназаны табу. Пероксидазаны анықтау. Картоп түйнегі ұлпасына

су түсуіне  динитрофенолдың әсері. Тұқымның тыныс алу қарқындылығын

жабық ыдыста анықтау. Өніп келе жатқан тұқымның тыныс коэффициентін

анықтау. 



Тақырып 6

Жиынтық белоктар мөлшерін анықтау. Тұқымдағы қорлық крахмал

мөлшерін   анықтау  (Починка   бойынша).   Өніп   келе   жатқан   тұқымдағы

амилаза белсенділігін анықтау.



Тақырып 7

Горизонтальды  микроскоп  көмегімен өсуді бақылау.  Гетероауксиннің

тамыр   өсуіне   әсері.   Гетероауксиннің   үрмебұршақ   қалемшелерін

тамырландыруға   әсері.  Тиомочевина   көмегімен   картоп   түйнектерінің

тыныштық кезеңін үзу. Тамырдың геотропизмін  эозинмен бұзу. Гибереллин

қышқылының   быртық   бұршақтың   сабағының   буын   аралығы   өсуіне   әсері.

Морфологиялық белгілердің қабатты өзгергіштігі.

.

Тақырып 8



Қанттың   теріс  температураларда  протоплазма   белогына   қорғаныс

әсері. Қыстайтын өсімдіктің тіршілікке қабілетін ұлпаларды бояу арқылы

анықтау. Өскіндерде өсімдіктің аязға төзімділігін анықтау. Протоплазманың

электролиттер   үшін   өткізгіштігік   дәрежесі   бойынша   анықтау.   Ыстыққа

төзімділігі   әртүрлі   сұрыптардың   өсімдік   клеткасының   протоплазмасы

қоймалжыңдығын анықтау.  Тұқымды сахароза ертіндісінде өндіру арқылы

өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау. Өсу процесстері бойынша

астықтұқымдастардың тұзға төзімділігін анықтау.



Әдебиет: [1-4]

4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны 

 

4.4.1 

СӨЖ мазмұны 

СӨЖ түрі


Есеп беру

нысаны


Бақылау түрі

Сағатқа


шаққан

дағы


көлем 

1

Дәріс сабақтарына дайындалу 



Сабаққа қатысу

15 


2

Практикалық сабақтарға 

дайындалу (сабақ тақырыбы 

бойынша материалды меңгеру,  

тапсырмаларды шешу және т.б.)

Жұмыс


дәптері

Сабаққа қатысу

10 

3

Зертханалық жұмыстарға дайындалу



(сабақ тақырыбы бойынша 

материалды меңгеру, есеп беру 

шаблонын дайындау)

Есеп беру

шаблоны

ЗЖ рұқсат алу



4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына 



кірмеген материалды меңгеру  

Конспект


(және т.б.)

Коллоквиум

(және т.б.)

12 


6

Семестрлік тапсырмаларды орындау

(рефераттар, глоссарий) 

Реферат,


глоссарий

СТ қорғау

10

7

Бақылау шараларына дайындалу 



1 МБ, 2 МБ

(тестілеу)

5

       Барлығы:



60

4.4.2   Студенттердің   өздігінен   оқуына   бөлінген   тақырыптардың

тізімі 

1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің су алмасуы;



2. Қазақстанның оңтүстігі және  оңтүстік-шығысы шарттарында суару

ерекшеліктері;

3. Тыныс алу коэффициенті және оның ауылшаруашылық өнімдерін 

сақтаудағы мәні;

4. С4 өсімдіктер және олардың негізгі өкілдері;

,

5



Өсімдіктердің өнімділігін қалыптастыру және оның ДАС 

байланысты сапасы;

6

Қазақстан жағдайында құрғақшылыққа төзімділік ерекшеліктері;



7

Өсімдіктердің тұзға төзімділігі және оны арттыру әдістері.



5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.

Қалекенұлы,   Ж.   Өсiмдiктер   физиологиясы:оқулық.[2-басылым,



толықтырылған,   өңделген].-Алматы:Қазақстан   жоғары   оқу   орындарының

қауымдастығы,2004.-456 б.

2.

Арыстанова,     Ш.   Е.   Өсiмдiктер   физиологиясы:оқу   құралы.-



Көкшетау: Келешек- 2030, 2008.- 116  б.      

3.

Әлжанова   Р.   М.,   Жақсылықова   А.К.,   Зотиков   В.И.   Өсiмдiктердің



қоректену  физиологиясы: Ауылшаруашылық  оқу орындарының студенттерiне

оқу құралы ретiнде ұсынылған.-Астана,2001.-179 б.  

4.

Якушкина,   Н.   И.   Физиология   растений:учебник   для   вузов.-



М.:ВЛАДОС,2005.-464 с.

Қосымша:

5.

Ермакова,   И.   П.   Физиология   растений:учебник   для   студ.   вузов,



обучающихся  по  биолог. спец.-2-е изд., испр.- М.:Академия,2007.-635 с. 

6.

Жапарова Б.Н.Өсiмдiктер  физиологиясы: экология  маман.   күндiзгi



оқу   формасындағы   студ.   үшiн   зертханалық   жұмыстарды   орындауға   арналған

әдiстемелiк  нұсқау/ Павлодар:С.Торайғыров атындағы ПМУ,2005

7.

Третьяков Н.Н. Физиология и биохимия с/х растений. 2000.



8.

Медведев С.С. Физиология растений. Изд-во СПбГУ, 2004.



Мамандық(тардың) жұмыс оқу

жоспарынан көшірме 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32



050801 - Агрономия мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме 

Өсімдіктер физиологиясы

Оқу


нысаны

Пәннің көп еңбекті

қажет етуі 

Семестр бойынша

бақылау

нысандары  



Семе

стр


Семестр бойынша студенттердің

жұмыс көлемі 

кре-

дит-


тер

академиялық

сағат 

кре


дит

тер


Аудиториялық сабақ 

(ак. сағат)

СӨЖ

(ак. САғат)



Бар-

лығы


ауд СӨЖ емт сын

КЖ



КЖ

бар-



лығы

дәр пр.


зер

т

бар



лығы

ОСӨ


Ж

Орта білім

база-

сындағы  



іштей 

2

90



30

60

4



-

-

-



4

2

90



22,5

7,5


60

30

Кәсіптік 



білім 

базасында

ғы 

сырттай 


2

90

12



78

2

-



-

-

2



2

90

9



3

78

30



Кафедра меңгерушісі ______  Исимбеков Ж.М. 20__ж. «___» ________

Кафедра меңгерушісі ______  Альмишев У.Х.   20__ж. «___» ________



Жұмыс оқу жоспарының

келісу парағы  

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35



2010- 2011 оқу жылына арналған 

Өсімдіктер физиологиясы 

пәнінің жұмыс оқу бағдарламасының келісу парағы 

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Шығарушы  

кафедра

Кафедра

меңгерушісінің

А.Ж.Т. 

Қолы

Келісу күні

1

2

3

4

Агрономия 



Альмишев У.Х.

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    • КЕЛІСІЛГЕН
  • 4 Пәннің мазмұны
  • 4.2 Пән тақырыптарының мазмұны
    • Өсімдіктер физиологиясы
    • пәнінің жұмыс оқу бағдарламасының келісу парағы
    • КЕЛІСУ ПАРАҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет