Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде
халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген
республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері
және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет
елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен
қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы
алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден,
Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды
қолдануды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық
қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің
барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және
болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы
саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол –
еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп
отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын
дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам
елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам
дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен
Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және
ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші
мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-
қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей
арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек
туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы
мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей
Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен
Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен
Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-
экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен
мәні бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында
1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен
ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде
екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және
Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25
қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті
В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі
жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел
арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш
салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық
көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты
деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-
қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты
кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей
жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет
арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы
сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005
жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ
долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет -
Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар
орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың
темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика
Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала
бастады.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Қытай
Халық
Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық
байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы
жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан
және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан
мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз
тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды.
Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында
тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.
1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен
Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең
алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы
шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша
кепілдіктер берілгенін білдірді.
Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында
жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін
айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол
қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық
Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық
туралы шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде
халықаралық ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте
ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті
болдырмау туралы және т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-
экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3
млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен
өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты
құбылысқа айналды.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының
маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде
таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші
дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж.
желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп,
Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж.
көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар
жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы
мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка
Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында:
“Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау
жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері
арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық
салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен
мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың
шарттық-құқылық негіздері қаланды.
Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары
серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының
аса ірі инвесторы болып отыр. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы
тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі
ретінде қарайды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті
Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы
байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында
ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды.
Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген
құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық
қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші
рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент
Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-
Америка қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран
мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және
басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.
Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және
мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-
қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия
экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер
арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі
институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы –
Атқару комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол
қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды
бағыттары,
көкейкесті
халықаралық
күрделі
мәселелер
және
республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам
құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия
экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму
стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия
экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде “Орталық Азия
ынтымақтастығы” болып қайта құрылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған
мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте
бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста
Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара –
мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды
саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде
әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында
1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28
наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы
шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай
да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы
ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп
әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және
сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған
“Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ,
экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.)
арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы
келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау
шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі
мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім
жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы.
Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны
нақтылау мәселесі.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15
мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз
Республикасымен мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей
Федерациясымен – 7,5 мыңнан астам шақырым, Туркменстанмен – 400
шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны
делимитациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының
бірлескен мәлімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік
шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл
аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар
шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин 2005
жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа
қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша
екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық
нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым
замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде
тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы
7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және
мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі
ретінде бағаланды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны
заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған
табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті
Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шекара
сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол
қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі
шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы)
басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мәселелерді шешу
үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде
шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі
жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 1996-1998 жж. үш
арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь
мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы
коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен
аяқталды.
Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері -
Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара
мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.
Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай
ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде
Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан,
Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап
аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол
қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.
“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы
кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж.
Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен
ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының
нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай
ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында
болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде
көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге
қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде
3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым
жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының
Декларациясына қол қойылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік,
соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында
Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын
орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда
осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса
мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17
елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып,
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына
қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129
елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы
шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің
кепілдіктерін күшейтті. 1994-1995 жж. басты ядролық державалар – АҚШ,
Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен
және жан-жақты кепілдіктерін берді.
Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды
орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік”
бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар
даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын
қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны
іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда
1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік
стратегиясы қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы
өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді.
Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық құрылымға көшіру
жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс
және Орталық әскери округтері құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып
қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан
кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол
ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына –
Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне,
Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан
60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде
Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған
берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995
жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының
мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге
жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ
орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды,
Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік
Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше
көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін
игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның
ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің
елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс
істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері
тіркелген.
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор.
Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам
елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын
және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп
келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты.
Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне,
24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.
Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық,
2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі
бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма)
7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен
салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы
саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар
айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер,
Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз
әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік
арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы
істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010
жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету
мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген
тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор
беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі
демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда
және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние
жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан
– ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи
тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол
бірінші азиялық ел.
Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде
дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік
жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор
тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік
қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік
қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе,
бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық
Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық
лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы
белсене күресетін мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік
жылдарында
Қазақстан
әлемдік
қауымдастықтың
толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең
қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз
халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.
ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің 2007
жылда өткен Мадридтік кездесуінде 2010 жылға ЕҚЫҰ жетекшілік бойынша
Қазақстанға беделді, сонымен қатар жауапты тапсырманы жүктеді. Соңғы
жылдардағы тарихи оқиғаларының барлық жолымен әлемдегі 56 елдерінің
бәтуаластығы анықталды. Тұрақты дамуы, экономикалық өсуі, Қазақстан
халқының дәулеттігін арттыру, жүйелі саяси реформалар және қазақстандық
демократияның кешенді моделін бекітуіне біздің мемлекетіміздің және
Президент Н.А.Назарбаевтың сенімді және салмақты курсына артықшылығы
берілді.
Қазақстандық қоғамының ішкі дамуы негізгі бағыттарының жоғары
көрсеткішіне қатысты, орынды және салмақты сыртқы саясатты өткізу
бойынша Қазақстанның ЕҚЫҰ-да жетекшілігі стратегиялық тапсырмаларды
жүзеге асырудың табиғи нәтижесі болып табылады.
Біздің ел халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушы ғана емес,
сонымен қатар оларды құрастыруға бастамашы ретінде шықты.
Хельсинкілік қорытынды актісі және ЕҚЫҰ басқа құжаттарында
кепілге салынған қағидаларды жасап шығаруға және тәжірибеде қолдануға
мүмкіндік беретін жалпы еуропалық процесстерге біздің еліміздің белсенді
қатысу талпынысы 1992 жылдың қаңтарында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға
кіруімен айқындалды (1995 жылға дейін ЕҚЫМ).
1992
жылы
Хельсинкида (Финляндия) өткен, яғни біздің
Республикамыз осы ұйымға кіргеннен кейін бірнеше айдан соң, Еуропадағы
қауіпсіздігі және ынтымақтастығы бойынша толық мәжіліс Кеңесінде
жасалған, Президент Н.А.Назарбаевтың алғашқы сөз сөйлеуінде осы
бастамалар нақты толық белгіленген.
Біріншіден, бұл Президент Н.А.Назарбаев айтқандай «Еуропалықтан
Азиялық құрлыққа» қауіпсіздік идеяларын тарату туралы сол кезеңннің
геопотологиялық реалийлерден және сол дәуірдің шақыруынан шыққан
тұжырымдамалық идея. Егер бұрын ЕҚЫҰ трибуналарынан Ванкуверден
Владивостокқа дейінгі бірыңғай кеңестігі туралы сөз жүргізсе, енді өмірдің
өзі осындай тұжырымдамаға қажетті түзетулерді енгізді. Бір тұтасқа «Батыс-
Шығыс»
және
«Солтүстік-Оңтүстік»
остерін
біріктіре
отырып,
дүниетанымдық координаттарының жүйелерін елеулі толықтырылуы өтеді.
Екінші бастама бірінші шарасы сиқяты болды: осы бағыттағы бірінші
кезектегі қадамдардың бірін жүзеге асыру үшінкөп жоспарлық
ынтымақтастық, саяси ахуалдың тұрақтылығы, діни шиеленістерді
болдырмау және реттеуге бағытталған, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім
шараларының кеңесі (АӨІСШК) бола алар еді. АӨІСШК сәті жұмысы болған
жағдайда, діни факторлары байланысынан тыс ЕҚЫҰ типі бойынша
бірыңғай құрылымға барлық ұлттық, діни және халықаралық ұйымдардың
бірігуі үшін негіз бола алар еді. Есіңізге сала кетсем, бұл уақытқа дейін
Қазақстанның осы бастамасын Иран, Қырғызстан, Түркістан, Түркменстан,
Пәкістан және Өзбекстан қолдады.
Н.А.Назарбаев сөз сөйлеуіндегі үшінші идеясы –саяси тұрақтылық
процесі және азия құрлығындағы бейбітшілік бастамаларды қолдау
орталығына Қазақстан Республикасының астанасын (ол кезде Алма-Аты)
айналдыру. Сол кезде Президент айтқандай біздің Республикамыз осы
процесті өрістеу бойынша және «нәтижесінде Алма-Атыны азиялық
Хельсинкіге айналдыру» бойынша саяси шарттарды өзіне алуға дайын.
Төртінші ұсынған идеясы – бұл азяилық біріктіру, ол ҚР Президентінің
пікірі бойынша табиғи-тарихи процесінің негізгі бөлігі болып табылды, бірақ
осы жолда мемлекеттік қызметкерлері және Батыс саясаттанушыларының бір
бөлігі жағынан түсінбеушілік тұруы мүмкін, олар Шығыстың бірігу
үрдістерін көре отырып, ислам фундаментализмінің өсуі ретінде оларды
дәлелсіз ұғындырады.
Бесінші ұсыныс – бірлескен бастамаларды және жалпы үйлестіргіш
құрылымдарды жүзеге асыруға шығатын ЕҚЫҰ тұрақты контактілерін және
Азиядағы осындай типтегі ұйымды жөнге келтіру.
Барлық жоғарыдағы айтылғандардың стратегиялық мақсаттарын
белгілеп, келесі бастама әлдебір нәтиже болып шықты – Еуразиядағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша бірыңғай Мәжілісін құру.
Осы бастамалардың жүзеге асырылуы «Солтүстік-Оңтүстік» желісі
бойынша мүмкін бола алатын ғаламдық қарсылықты жоюы керек, әлемді
тұрақты және болжамды ету.
Асырмай
айтқанда
Қазақстан
Республикасының
бітімгерлік
бастамаларының мәні туралы кең хабарланған 1992 жылы Хельсинкіде
мемлекет және үкімет басшылырының бұл кездесуі халықаралық қатынастар
тарихында өзімен сапалы жаңа кезеңді көрсетеді. Хельсинкіде айтылған
Н.А.Назарбаев бастамалары біздің елге ерекше міндетті жүктедіғ оның мәні –
Азия және Еуропа арасында бірнеше жыл бойында тұрақтылықты сақтау.
Жиынтығында интеграцияның іргетасын құрайтын түйінді мәселелерді
бірінші кезекте шешу 2013 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеуде Жоғары
Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы «қазіргі
кезеңде үйлестірілген немесе келісілген саясатқа, барлық қатысушыларды
қызықтыратын салаларда ортақ нарық қалыптастыруға ден қойған
пайдалырақ болар еді. Сауда саясаты біз бірыңғай саясатқа қол жеткізген
бағыттарда, мысалы, үшінші елдерге қатысты, сөз жоқ, сақталуға тиіс. Ал
бірақ басқа салаларда «бірыңғай саясат» және «бірыңғай нарық» түсініктерін
қолданудың түгел қамтитын сипатына назар аудару артық деп санаймын»
деп атап өтті . Содан сәл алдында, 2013 жылғы 24 қазанда Минскде Жоғары
Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті
«мұнай мен газ тасымалдау, теміржол тарифтері, электр энергиясы
саласындағы қазірдің өзінде қол жеткізілген келісімдер бойынша жұмысты
аяқтауға ұмтылған жөн» екендігін тағы бір рет атап көрсеткен болатын . 2.
КО және БЭК елдерінің негізгі күш-жігерін табиғи шикізатты өндіру мен
қайта өңдеуді жаңғыртудан және оның тиімділігін арттырудан болатын
негізгі қайтарымды алуға бағыттау Беларусьтің, Қазақстан мен Ресейдің
өнеркәсібінің едәуір бөлігін осы міндетті шешуге бағыттау керек. Сонымен
бір мезгілде өндіруші салаларды, отын-энергетика және химия-металлургия
кешендерін жаңғырту жоғары технологиялы болуға тиіс көптеген сабақтас
салалардың дамуын ынталандырады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев
өзінің
KAZENERGY
VIII
Еуразиялық
форумының
қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде: «Қазақстан энергетика
саласындағы өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты қалайды. Осы
орайда біз мұнай өндіруден жаңа технологиялармен алмасуға көшу үдерісін
елді дамытудың негізгі басымдығы ретінде қарастырамыз» деп атап өтті .
Қазақстан мен Ресейдің таяу перспективадағы шешуші міндеттерінің бірі
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірлескен энергетикалық
стратегия әзірлеу болары анық. Мұнай мен газдың, сондай-ақ көмір мен
уранның орасан зор запастарын пайдаланудың неғұрлым оңтайлы әрі
ұтымды стратегиясын табу қажет. Осы форумда сөз сөйлеген Еуразиялық
экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі
министрі Даниал Ахметов шикізатты өндіру тиімділігін арттырудың және
осы салада жаңа технологиялар енгізудің маңызы зор екенін атап көрсетті.
Жеткізілім герграфиясын кеңейту – ел алдымен оңтүстік-шығыс Азия және
Қытай бағытында кеңейту үшін құбыржол көлігін дамыту да шешуші фактор
болып табылады. Мұнай-газ секторы кәсіпорындарының мемлекеттік және
корпоративтік басқару сапасын арттырудың да маңызы аз емес. Оның
айтуынша, мұнай-газ саласындағы кооперация «Ресей, Қазақстан мен
Беларусь құратын интеграциялық бірлестіктің әлемдік энергетикалық
нарықтағы рөлі мен орнын» айқындайды. ЕЭК министрі осы саладағы негізгі
сын-қатерлер арасынан мұнай мен газды шығарып алудың қазіргі кезде
дамып келе жатқан баламалы әдістерін атап өтті. «Сарапшылардың бағалауы
бойынша, соңғы бес жылда тақтатас мұнайын өндіру 2007 жылғы 8
миллионнан өткен жылы (2012 жылы – редактордың ескертуі) 100 миллионға
дейін өсті, тақтатас газын өндіру де осындай қарқынмен өсіп отыр. «Тақтатас
революциясы» әлемдік нарық құрылымының түбегейлі түрде өзгеруіне алып
келді: ғалымдардың болжамы бойынша, 2020 жылдан кейін Қытайдың,
Иордания мен Моңғолияның кен орындарын пайдалануға қосатын жаңа
технология пайда болады және осы сценарий іске асатын болса, дәстүрлі
экспорттаушы елдерде өндірудің қысқаруынан қашып құтылу қиын» , – деді
Д.Ахметов. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес мұнайдың және мұнай өнімдерінің
ортақ нарығын қалыптастыру және газ тасымал инфрақұрылымына
қолжетімділік беру 2025 жылға дейін тұжырымдаманы, бағдарламаны және
тиісті келісімдерді дәйекті түрде әзірлеу негізінде кезең-кезеңмен жүзеге
асырылатын болады. 3. Еуропа мен Азияның, еуроатлантикалық, азия-тынық
мұхиттық және солтүстік америкалық экономикалық ареалдардың арасын
жалғайтын ортақ көліктік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Көліктің және ақпараттық коммуникацияларды ұлттық ауқымда немесе елдер
тобының арасында ғана емес, бүкіл еуразиялық кеңістіктің мүдделері мен
ерекшеліктерін негізге ала отытып, тұтастай қалыптастырып-құру қажет.
Н.Ә. Назарбаев: «Экономикалық тұрғыда біз Еуроодақтың, Шығыс,
Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның серпімді экономикаларын
байланыстыратын көпір ғана емес (бұл өте пайдакүнемдік әрі тар салалы
мақсат), оған бәсекелес экономикалық және коммуникациялық кеңістік бола
аламыз» деп атап өтті . Трансконтиненттік шығындарды айтарлықтай
қысқартуға мүмкіндік беретін ең жаңа логистикалық және ақпараттық
технологияларды, озық халықаралық стандарттарды қолдана отырып,
жаһандық көліктік-логистикалық тораптарды қалыптастыру, трансұлттық
көліктік-экспедициялық корпорацияларды құру керек. Қазақстанның, Ресей
мен Беларусьтің аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль
магистралы салынып жатыр, ол көрсетілген өңірлердің нарықтарына тауар
жеткізу мерзімін 3,5 есе қысқартуға мүмкіндік береді. ЕАЭО туралы шартқа
сәйкес мүше мемлекеттердің әрбірінің ішкі нарығында автомобильмен
тасымалдаушыларға қолжетімділік беру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын
болады. Бұл мәселе егжей-тегжейлі түрде 2015 жылғы 1 шілдеге дейін
әзірленетін Тасымалдарды ырықтандыру бағдарламасында көрсетіледі.
Ырықтандыруды 2016-2025 жылдар аралығында жүзеге асыру белгіленіп
отыр. Атап айтқанда, Қазақстан 2025 жылдан бастап ішкі нарығына
қолжетімділік ұсынатын болады. Қазіргі таңда үш елдің сарапшылары
бірыңғай кедендік кеңістікті бірыңғай экономикалық кеңістікке айналдыру
жөніндегі жұмыс шеңберінде Кеден одағының сыртқы және ішкі саудасының
интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту бойынша іс-
шараларды белгіледі.
Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі
Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22
қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO
халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында
белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның
103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз
бельгиялық
Льеж
қаласы
44
дауыс
жинаған.
Біздің
елдің
ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ
қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-
2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты [1].
Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін
«ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың
энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия
көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы
мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып
табылады.
Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі
негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді
қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін
тигізеді.
Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі —
еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып,
баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде
қабылдауда және «жасыл»
экономика
құру бағытын
ұстанғандығы.
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы
болмақ?
ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен
техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме.
«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік
технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық
дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық
құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде
Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар
ықпал еткендігі аян:
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе
алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің
табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде-де оның
даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі.
Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты
ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті.
Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі
техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ
оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.
Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы
миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады.
Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени
дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851
жылы Гайдпаркте өткен болатын. Хрустальды сарайда орын алған ЭКСПО-
ның тақырыбы: «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмыстарының
ұлы көрмесі» болып аталды. Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін
халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері
пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді.
Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985
жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы
Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО
халықаралық көрмелері болып өткен.
Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы»
болмақ.
Көрмеге
қатысушы
мемлекеттер
өздерінің
энергия
саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе,
қазіргі
таңда сұранысқа ие балама
энергия
көздерін
алу
мақсатындағы құрылғылармен
таныстырады.
Сарқылмайтын
энергия
көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу
болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы
көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.
EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.
Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер
көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп
жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге
түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.
Ал, енді бұл көрменің бізге қандай әлеуметтік тұрғыда, экономикалық
тұрғыда пайдасы бар екен? Біртіндеп, жауабын қарастырайық.
Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама
энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының
маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын
алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын
алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін
«Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол.
Екіншіден, бізге түсетін, ақшалай пайда көрсеткіштерін жоғарыда
жазған едім. Оны қуаттау үшін, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап
көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса,
Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің
мемлекетке-де айтарлықтай пайданың болары айдан анық.
Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның
көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен
көрмеге дайындықты бастады. Германия бізге құрылыс саласында
тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл инициативаны немістер бастаған еді. Соның
төңірегінде елімізде жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Астана қаласында
қонақүйлер салынуда. Бұл көрме аяқталғаннан кейін-де қонақүйлеріміз
Қазақстанның
«әмиянын»
толтыратыны
қуантады.
Төртіншіден, көрме кезінде жастарымыздың көңілдері көтеріңкі болары
анық. Неге десеңіз? Қазіргі таңда жастарымыз «Work and travel»
бағдарламасы
бойынша
шетелге
тіл
үйренуге
кетіп
жатыр.
Бұл бағдарламаға қыруар,
ақша кететіні
өкінішті.
Ендеше,
ЭКСПО
уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады.
Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін
күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде
Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді.
Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстың берілгені халықаралық
аренада үлкен қызығушылыққа ие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді
көрсетудің
алғашқы қадамы
болды.
ЭКСПО бізге не береді? Оның Қазақстан үшін қандай пайдасы бар? Елдің
дамуындағы экономикалық тиімділігі қандай?
Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ. Ауқымы жағынан
Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында
тұрған көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр.
Бұл бізге берілген сенім квотасы һәм Елбасының дәрежесін сыйлау болса
керек. Әрі сыртқы саясаттағы табысымыз бен елді біріктіріп, тұтастыра
түсетін
уақыттық
нышан.
Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді деп
күтіліп отыр. Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер-де,
журналистер-де болады. Демек, Қазақстанғақпараттық шу, туристік
қызығушылық һәм инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден
тиімді.
Үшіншіден, көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс
әкеледі. Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл
рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын және орта
бизнес өркендейді. Және бұл көрме елдегі новаторлық рухты жанудың,
ғылымға ұмтылуға құлшыныс берудің таптырмас тетігі.
Төртіншіден, Астана көрмесінің бас тақырыбы — «Болашақ қуаты».
Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті
боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне
айналады. Мысалы, 1939 жылы Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде
Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды таң қалдыруымен
әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші
Парих көрмесінде танымал болып кетті. Ендеше, Астана көрмесінде-де
жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанып кетеді деп
білеміз.
Бесіншіден, ЭКСПО-ны өткізу тарихына қарасаңыз, үлкен көрмелердің
құрметіне әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет
туындыларын салуға тырысқан. Мысалы, алғашқы ЭКСПО-дан Лондонда
Хрусталь сарайы қалған еді, ол 1936 жылы өртке оранып кетті. Парижде
Эйфель мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда Хабибат деген ерекше
тұрғын үй кешені
тұрғызылғанын
тағы білесіздер.
Ендеше,
Астана
көрмесінде-де сәулет тарихына ұялмай кіретін туындылар салынады деп
сенейік.
Алтыншыдан, көрме өтіп біткен соң қалған павильондардың біразы
ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде
қолданылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл
Жошыбаев мәлімдеген болатын. Бұл павильондардың негізінде «Зерттеу
орталығы» құрылып, оны «Назарбаев университеті» АҚ-ына бекітіп береді
[2].
«Елдің
дамуының
„жасыл“
жолына
көшуіне
Астанадағы алда
тұрған „ЭКСПО-2017“ қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен
техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген
қазақстандықтар біз қол созып отырған „болашақтың энергиясын“ өз көзімен
көре алады»
деді
Елбасымыз
«Қазақстан-2050»
Стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл
бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын
жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің
қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз
аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең
еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни
«Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының
ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың
бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз.
Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес,
Тәуелсіздік
жолындағы
жанқиярлық
еңбегі
мен
тынымсыз
шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел»
ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды
болып табылады.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Қаржаубай
Сартқожаұлының
«MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік
ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты
Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-
21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін
Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік
елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс
шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея,
сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының
қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың
нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті:
Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар
бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді.
Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар
арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп
түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық
деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы.
Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты
әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші
шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ
Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар
да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны
қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел»
идеясын нық бекемдейді.
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге
қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол
замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді.
М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі
философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық
маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған
аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында
ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты
мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына
жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы
үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық
көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының
жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси
к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында
оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін
Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» —
дейді.[4, 382 б.] Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы
ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының
негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне
түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас
түрік
елі»
идеясынан
«біртұтас
Түркістан»
идеясына
дейінгі
бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын
тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен
Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы
ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан
конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы»,
«Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы
мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға
ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология
қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және
елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық
идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
Еуроцентристік
көзқарас
бойыншатүркі
тілдес
халықтардың
ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын
Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды
қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты
өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін
нығайтудағы тарихи рөлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға
болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік
дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық
аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі
идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде:
«Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада
саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу
проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-
тұрмай іздестіруді міндеттейді» [3, 120 б.], — дей отырып, түрік
мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне
көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан
соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған
«Мәңгілік ел»
идеясын
қалпына
келтіруші,
жандандырушы
Ұлт
Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес,
түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін
айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған
жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект
ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы
бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға
ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық
одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени
ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні
сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады [3, 121 б.]
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген түркі тілдес мемлекеттерді
жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына
айналдыру идеясы өз жемісін берді. Оған Түркістандағы Ясауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы, 2009 жылы Түркияның
«Түрік ошақтары» қоғамдық ұйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Түркі әлеміне
қызмет» марапатының берілуі, Астанада Түркі академиясының ашылуы,
сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына Н.Назарбаев
ескерткішінің орнатылуы, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Президент
Н.Назарбаевты «түркітілдес халықтардың көшбасшысы» деп бағалауы —
Елбасының түркі әлемін біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды
тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне берілген әділетті баға
болды.
Елбасының
түркі
интеграциясы
жолындағы
қызметінің
мақсаттарының бірі — экономикалық ынтымақтастыққа негізделген.
2012 жылдың 12-желтоқсаны күні Түркия астанасы Анкара қаласында
Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай өткен «Лев Гумилев және оның
түркологиялық
ғылыми
мұрасы»
атты
конференцияда
Алтайлық
түркітанушы Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір кезең
аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» — деген жалынды сөздері
барша түркі халықтарын дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатып
отырғаны аян. ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам
жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы орайда Түркі кеңесі Бас
хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді осы
Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы
пассионарлық қасиет қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз,
түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер,
сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін
қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық
мемлекет деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы
түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың
жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», — дейді.
Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған
қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ
Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады.
Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа:
«Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы
«Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу
уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде
Л.Н.Гумилевтің этностардың өмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт,
әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-
өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға
кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен.
Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта
шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму
жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза
Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп
бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол
жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын
зерттейді. Пассионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады,
ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының
ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол
жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен [5].
Гумилевтың айтқан сөздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ
елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар
өтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан
шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы
және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу
бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт
Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына
келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді»
дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап,
дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады.
Көне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның
біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы,
екіншісі —
Әл-Фарабидің
«Қайырымды
қалада»
философиялық
шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан
тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген
«Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы
үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен
істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің
ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының
елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан
қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру
шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл
қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының
бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар,
бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-
бірімен үндесіп тұр.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман
ілімдерін
байланыстыра
отырып,
түркі
дүниесінің
«Мәңгілік Ел»
философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел»
теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық
саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың
арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық
пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси
теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның
кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары
мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті
басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан,
бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық
құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және
оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті
ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті
сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі.
Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті
шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту,
оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу,
қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға
сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер —
негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани
жетілуіне тәуелді.
«Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде
жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары
Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында
аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы
әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде
тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп
жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін
нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі.
Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып,
әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі,
мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып
Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының
қолдаушысы екендігін айқындайды.
XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың
аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай
ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның
ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ
жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату
еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі
алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды.
Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді.
Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан
мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан
бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман
сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және
«мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық
идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш
етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел»
идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі.
«Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.
Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен
мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі,
халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген
тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі
мәні —
мәңгілік
мақсат-мұраттарымыз
бен
мәдени-рухани
құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге
де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы
қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ТЖМК) әрекетіне
әлем жұртшылығының көзқарасы қандай болды?
2. Беловеж келісімі қашан болды?
3. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты үш мәселені атаңдар.
4. Халықаралық байланыс нәтижелерінің маңызы неде?
5. Президент Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан-2030” жолдауында қандай
негізгі мәселелерге тоқталады?
6. Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттерді атаңдар.
7. Мәңгілік Ел» идесына көзқарастарыңыз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |