Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 12- апта, 
4балл 
 
Тақырып 1.
 
Қола дәуірі кезіндегі дін және өнер. 
Мақсаты:
 
Қола  дәуірі  кезенідегі    әдет-ғұрпы, өнері  жайлы  баяндау  арқылы 
сол кездегі адамдар рухани байлықтармен  таныстыру.  
Тапсырма:
 
тақырыбы бойынша конспект жазу. 
Әдістемелік  нұсқау:  Ерте  қола  дәуірінде  жерлеу  салтында  кремация,  яғни 
мәйітті өртеу басым болғандығына. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің әдісіне, 
Үй  құрылысына  байланысты    құрбандық,    құрбандыққа  сүт  толы  ыдыстар, 
бұқа  не  бағлан  шалынуына  тоқталу,.  От  пен  күлге  байланысты  жөн-
жоралғылардың  бәрі  құдайдың  рақым-шапағатымен  денсаулық,  отбасының 
амандығын, құт-береке болса деген тілекпен жасалынуы. Өлім құдайы Ямаға 
және  мәйітті  көкке  әкететін  от  құдайы  –  Агнияға  тоқталу.  Қола  дәуірінің 
соңына  қарай  күнге,  айға  және  жұлдыздарға  табынуы.  Ата-баба  аруағына 
сиыну  және  о  дүниеге  сенуіңд  кең  тарауы,  Қола  дәуірінің  жартастар  бетіне 
салынған  суреттерінің  өзіндік  ерекшеліктері    Күн  бейнелі  адамдар  суретін, 
соғыс  арбалары  мен  шайқас  көріністерне,  адамның  рухани  мәдениеті  және 
оның дүниетанымы жөнінде материалдармен танысу. Қазақстан – жартастағы 
суреттер-петроглифтердің  саны  мен  әралуандығы  жөнінен  әлемдегі  ең  бай 
жерлердің  бірі.  Осындай  суреттер  көп  табылған  Таңбалы,  Ешкіөлмес, 
Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің 
қорлары туралы мағлұмат бере тапсырманы орындауы қажет. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 

Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  1-  апта, 
4балл 
 
Тақырып 2.
 
Сақтардың өнері мен мифологиясы. 
Мақсаты:  Сақтардың  өнері  мен  мифологиясына  сипаттама  беру,  сақтар 
туралы  мәліметтерді ғылыми жағынан талдау.  
Тапсырма:
 
«Сақтардың  өнері  мен  мифологиясы»  тақырыбы  бойынша 
конспект жазу. 
Әдістемелік  нұсқау:    Аң  стилі»  өнері  сақтар  Алдыңғы  Азия  мен  Иранға 
жорық  жасаған  кезде  танысқан  Оңтүстік  дәстүрлі  әсерімен  пайда 
болғандығына  сипаттама.  Сол  кездері  осы  арада  сақтар  өнеріне  арыстан, 
арыстан  –  самұрық,  «өмір  дарағы»  образдары  ауысып   келеуі.  Бұл  образдар 
бұғы,  қошқар,  түйе,  барыс,  жолбарыс,  бүркіт  сияқты  жергілікті  жануарлар 
бейнелерімен сіңісіп кетуі. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері 
ғана  болмаған,  сақтар  олардың   әрқайсысына  белгілі  бір  мән  бергендігіне. 
Сақ  ісмерлерінің  тастың   жұмсақ  түрлерінен  құрбандық  жозыларын  жасап, 
оларды  ғажайып  ою  -  өрнектеріне.  Түрлі  –  түсті   асыл  тастардан  – 
сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың  зергерлері моншақ – 
таналар   жасағандығына,Басқа  халықтар  сияқты  сақтар  да  табиғаттың 
тылсым  күштеріне  –  күнге,  оның  күркіреуіне,  найзағайға,  жел  –  дауылға 
табынған,  құдай  бейнесіне  тоқталу.  Олардың  түсінігі  бойынша  құдайлар, 
қанатты тұлпарлар, ат – самұрықтар сияқты, қиялдан туған аңдар мен құстар, 
жануарлар  бейнесінде  де  көріне  беретін  болған.  Сақтар  мифологиясында 
сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болуына. Дүниені жаратқан көк тәңірі 
Митра,  Сурья,  Яма,  Агни,  Индира  секілді  құдайларға  сипаттама.  Жыртқыш 
қырандар  бейнесі  де  күн  құдайдың.    Сақтардың  элемінің  (космостық) 
құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болауы керек. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі – 
гармония,  олардағы  бір  нәрсенің  ұйымдастырушылары  Митра,  Варуна, 
Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі – моделі  оларға үш дүниенің – 
жерасты   дүниесі  –  төменгінің,  белорта  дүниесі  –  жердің   және  жоғарғы 
дүние – аспанның  өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы – сол, 
оң, алғы және артқы жақтары болған. Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ – 
скифтердің   «аң  стилі»  сақ  тайпалары  дүниетанымының  заңды  көрінісі, 
олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне еліп дарыпа – сіңуі, көшпелілер 
идеологиясын  білдіретін  айрықша  белгілер  жүйесі  ретінде  құрылып  
қалыптасауына сипаттама бере отырып тақырыпты ашу қажет. 
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  2-  апта, 
4балл 

 
Тақырып 3. Сарматтардың тарихы. 
 
Мақсаты:  Сарматтардың  тарихына  сипаттама  беру,  сарматтар  туралы 
мәліметтерді ғылыми жағынан талдау.  
Тапсырма:
 
«Сарматтардың тарихы» тақырыбы бойынша конспект жасау 
 
Әдістемелік  нұсқау:  Сармат  тайпаларының  басты  кәсібі  -  көшпелі  мал 
шаруашылығы.  Сарматтар  көбінесе  жылқы  мен  қой  өсірген.  Климаты  аса 
қатал  континенталды  келетін  аймақтың  қысқы күндерінде  малшылар  малға 
табиғи  панасы  бар,  жері  ойлы-қырлы  аудандарға  көшіп  отырған.  Батыс 
Қазақстандағы  мұндай  жерлер  оңтүстік  пен  батыс  беттегі  ағынсыз  өзендері 
мол  шалғынды  аймақтар,  жалпы  сырт  сілемдері  мен  үлкен  өзендер  алқабы 
болып  табылады.  Көшпелілер  әдетте  ағашы  мен  бұтасы  қалың  тоғайлы, 
қопалы  жерлерді  таңдап  алған.  Көктем  шығысымен  қысқы  қоныс  өрістерін 
тастап  кетіп  отырған.  Олар  от  пен  судың,  мал  азығы  қорының  қалпына 
келуіне,  сөйтіп  ел-жұрттың  қайта  оралып  қыстауына  жағдай  жасаған. 
Жалпы  алғанда  сарматтар  шөбі  шүйгін жерлерді  іріктеп  пайдаланып,  ол 
араның  шөбі  тапталған-нан  кейін,  жаңа  жайылымға  көшетін  болған. 
Осының нәтижесінде  су  көздерінен  алыс  жатқан  жалпақ  жазықтағы кең 
жайылымдар, мал айдап кошіп өткенде ғана болмаса, өте аз пайдаланылған. 
Осы  уақытқа  дейін  сармат  тайпаларының  ескерткіштері  толық  зерттеле 
қоймаса  да,  қазылған  обалардан  алынған  материалдар  оларда  әлеуметтік 
теңсіздіктің орын алғанын көрсету.
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  3-  апта, 
4балл 
 
Тақырып 4  Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы. 
Мақсаты:  Ұлы  Жібек  жолының  пайда  болуын,  тек  сауда  мен 
шаруашылықты  дамытушы  ғана  емес,  халықаралық  қатынастар  мен 
мәдениет- таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету. 
Тапсырма:  «Қазақстан  территориясындағы  Ұлы  Жібек  жолы»  тақырыбы 
бойынша конспект жасау. 
Әдістемелік  нұсқау:  Қазақстан  территориясындағы  Ұлы  Жібек  жолының 
маңызына  ,  бағыттарына  тоқталу.  Қазақстан  территориялары  арқылы  өткен 
бірнеше  сауда  жолдарына  сипаттама  беру,  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы 
қалаларға  «Хан  жолы»  деп  аталатын  соқпақ  бағытқа  тоқталу.  Тауар 
тасымалы.  Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  тасымалданатын  тауарларға 

тоқталу,Мәдениет  пен  діннің  таралуына  тоқтала  отырып  тақырыпты  ашу 
қажет. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  4-  апта, 
4балл 
 
Тақырып 5. 
Қазақстан көшпенділерінің ескерткіштері
 (ҮІ-ІХ ғғ.) 
Мақсаты: курс бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру. 
Тапсырма:
 
«Қазақстан көшпенділерінің ескерткіштері (ҮІ-ІХ ғғ.)»тақырыбы 
бойынша конспект жазу. 
Әдістемелік нұсқау:
 
Студенттер берілген тапсырма негізінде оқып танысуы 
қажет.  Түріктердің  VI  —  IX  ғасырлардағы  атпен  қоса  жерлейтін  едәуір  көп 
обалырына  тоқтала  отырып,    Шығыс  Қазақстан  мен  Алтайға  қарағанда 
Қазақстанның  басқа  аудандарында  мұндай  обалы  қорымдарға  сипаттама 
беруі  керек.      Атап  айтсақ    Жетісудағы  Тастөбе,  Қызылқайнар,  Аламысық, 
Орталық  Қазақстандағы  Егізқайнар  қабірлері.  Қабірлердің  сыртқы 
белгілеріне 
және 
Көне 
түрік 
дәуірінін 
археологиялык 
ескерткіштеріне тоқтала отырып с
онда сабақ мақсатына қол жеткізіп, дәрісте 
алған білім тереңдей түседі. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  5-  апта, 
4балл 
 
Тақырып  6.  ХІҮ-ХҮ  ғғ.Қазақстан  территориясындағы  ортағасырлық 
мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті. 
Мақсаты:  ХІҮ-ХҮ  ғғ.Қазақстан  территориясындағы  ортағасырлық 
мемлекеттердің  экономикасы  мен  мәдениеті  туралы  білім  дағдыларын 
қалыптастыру. 
Тапсырма: Берілген тапсырма бойынша конспект жазу. 
Әдістемелік  нұсқау:    Монғол  шапқыншылығының  ауыр  зардаптарын 
тартқан  халықтың  ауыл  шаруашылығы  мен  отырықшылық  қалалық  өміріне 
тигізген    әсері,  мал  өсірудің  үшінші  түрі-көшпелі  мал  шаруашылығы. 
Егіншілік және сауданың дамуына тоқталу,  Қалалар  мен селолық қоныстар.  
Монғол  шапқыншылығының  экономикаға  және  мәдениетке  тигізген  әсеріне 

сипаттама беру.  Қолөнер. Орта ғасырдың кейінгі кезіндегі (ХІҮ ғ.) қалалық 
өмірде  дамыған  қолөнердің  басты  бір  саласы  қыштан  түрлі  ыдыс-аяқ  жасау 
болды.  Материалдық  мәдениеті.  Кез  келген  халықтың  материалдық 
мәдениеті  сол  халықтың  шаруашылығына  байланысты  болады.  XIV-XV 
ғасырларда  Қазақстандағы  халықтар  шаруашылығының  басым  түрі  мал 
шаруашылығы  еді.  Сондықтан  да  материалдық  игіліктер  мал  басынан 
алынатын  шикізат  көзіне  байланысты  жасалып  отырды.    Рухани  мәдениет. 
Рухани  мәдениет  -  белгілі  бір  кезеңде  өмір  сүрген  халықтың  жан  -   
дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет - ғұрпы, салт - санасы, 
ауыз  әдебиеті,  аңыз,  қиял  -  ғажайып  әңгімелері,  діни    наным  –  сенімдеріге 
тоқталу.  ХІҮ-ХҮ  ғасырлар  аралығында  ауызша  әдебиетпен  қатар  жазбаша 
әдебиеттінде дамуына тоқаталу қажет. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  6-  апта, 
4балл 
 
Тақырып 7. Қазақ халқының қалыптасуының антропологиялық аспектілері 
Мақсаты:  Қазақ  халқының  қалыптасуының  антропологиялық  аспектілері 
туралы мағлұмат алу. 
Тапсырма: Тапсырма бойынша конспект әзірлеу. 
Әдістемелік нұсқау: 
Қазақ халқы шығуының көптеген аспектілері арасында екі 
өзектісі бар: лингвистикалық және антропологиялық соларға тоқтала отырып 
сипаттама  беру,    жекелеген  тарихи  кезеңдерде  жатық  сызықтар  бойынша 
даму да белгілі бір қызмет  етуіне,  Көнеде өңірдің байырғы тұрғындарында 
жалпы  лингвистикалық және  антропологиялық негіз  болған, және  де қазіргі 
замандағы  ұрпақта  генетика  бойынша  санатқа  бөліну  негізінен 
лингвистикалыққа  сәйкес  келетіндігіне  тоқтала  отырып,    Қазақстанның 
ежелгі  тарихын  екі  үлкен  кезеңге  бөлуге  болады  яғни  үнді  еуропалық  және 
түрік  кезеңіне  сипаттама  беру,  Біршама  уақыттық  алшақтыққа  қарамастан, 
бірінші  кезең  көрнекті  шаруашылық-мәдени  салт-дәстүрімен  ғана  емес, 
бірқатар  белгілі  этностық  бірлестіктер  мен  нәсілдік  пайда  болуының  іс 
жүзінде қалыптасқан кезеңі ретінде таныса отырып тақырыпты ашу.  
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  7-  апта, 
4балл 
Тақырып 8 Алғашқы қазақ хандары 

Мақсаты:  Алғашқы  қазақ  хандарының  ата  тегін  анықтау  генеологиялық 
түбірін білу.  
Тапсырма:
 
«Алғашқы қазақ хандары» тақырыбы бойынша конспект жасау 
Әдістемелік нұсқау:
. Қазақ хандығының құрылуының саяси, экономикалық 
және  этникалық  себептерін  айқындап көрсету  керек.  Қазақ  хандығы  туралы 
Мұхамед  Хайдар  Дулатидің  еңбегіндегі  мәліметтерді  білу  қажет.  Алғашқы 
қазақ  хандары  Керей  мен  Жәнібектің  саясаты  жөнінде  қалған  деректерге 
назар аудару абзал. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  8-  апта, 
4балл 
Тақырып 9 Абылай хан - ХҮІІІ ғ. мемлекеттік қайраткері. 
Мақсаты:  Абылай  хан  және  оның  қазақ  тарихында  алатын  орны  туралы 
білім дағдыларын қалыптастыру. 
Тапсырма:  «Абылай  хан  -  ХҮІІІ  ғ.  мемлекеттік  қайраткері»  тақырыбы 
бойынша конспект жасау.
  
Әдістемелік  нұсқау
    Абылайхан  және  оның    көршілес  елдермен  саясаты, 
Абылай  хан  қазақ  мемлекеттін  нығайту  мен  оның  тәуелсіздігін  сақтау 
жолындағы  еңбегі,  оның  тұсындағы  Ресей  мен  қытай  қарым-қатынасы. 
Тарихи тұлға ретінде  Абылай ханның қол жеткізген жетістіктерін айқындау. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  9-  апта, 
4балл 
Тақырып 10 ХІХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы 
Мақсаты:
 
ХІХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныса 
отырып тақырыпты ашу. 
Әдістемелік  нұсқау:
 
Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  дамуына, 
қоғамдық  және  саяси  ұйымдағы  өзгерістерге  тоқталу,  Қазақстан  үшін  ХІХ 
ғасырдың ерекшелігі – оның алдындағы дәуірден – қазақ халқының қоғамдық 
саяси  мәртебесіне  тоқталу,  Қазақтардың  ХІХ  ғасырдағы  шаруашылық 
саладағы,  әлеуметтік  қатынастарда  қиындықтардың  болуы,  сонымен  бірге, 
бұл – ұлттық тәуелсіздігін ауыр түрде басынан өткізген халықтың жағдайына 
тоқталу,  ХІХ  ғасырда  Россия  империясының  қазақ  жерлерін  жайпауының 

аяқталуына.  Бұл  Қазақстан  тарихындағы  күрделі  де  қарама  қайшылыққа  толы 
процесске тоқтал отырып тақырыпты ашу қажет. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 10- апта, 
4балл 
Тақырып  11    Е.Б.Бекмахановтың  «Қазақстан  ХІХ  ғ.  20-40  жж.» 
монографиясы  Мақсаты:  Қазақ  ұлттық  зиялыларының  қалыптасуы  туралы 
білімдерін дамыту. 
Тапсырма:  Е.Б.  Бекмахановтың  «Қазақстан  ХІХ  ғ.  20-40  жж.» 
монографиясының І бөлім 2 тарауы «Қазақтардың әлеуметтік қатынастары» 
конспектілеу  
Әдістемелік нұсқау: 
  Ермұқан Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғ 20-30жж» 
атты  монографиясымен  таныса  отырып  бірінші  бөлімінің  екінші  тарауына 
тоқтала отырып  Қазақтардың  әлеуметтік қатынастарына сипаттама жасау. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 11- апта, 
4балл 
 
Тақырып 12  Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы 
Мақсаты:  Қазақ  ұлттық  зиялыларының  қалыптасуы  туралы  білімдерін 
дамыту. 
Тапсырма:  Қазақ  ұлттық  зиялыларының  қалыптасуы  тақырыбы  бойынша 
конспект жасау. 
Әдістемелік  нұсқау:
 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  —  XX  тасырдың 
басында 
Қазақстанның
 әлеуметтік-экономикалық 
және  саяси  дамуында 
болтан өзгерістер қазақ халқынын рухани өміріне терең әсер еттіуінін себебі. 
Саяси,  экономикалық  экспансия  мен  қоса,  құлдыққа  салушылардың 
мәдениеті  күштеп  танылды. 
Патша  өкіметінін кертартпа  саясаты  халыққа 
білім  беру  саласынан  мейлінше  айқын  анғарылады. Отаршыл  билік қазақ 
халкының  мүдделері  мен  құқықтарын  елемей,  онын  рухани  дамуын  тежеуі. 
Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өмірінде  қарастырылып 
отырған  кезенде  орын  алған  соны  құбылыстар  қазақ  қоғамының  қоғамдық 
санасындағы  елеулі  өзгерістерге  әкеп  соғуы.  Мұндай  елеулі  өзгерістер 
ұлттық  сана-сезімді  оятуға  жағдай  жасады,  қазақ  қоғамында  жаңа 

идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуына тоқталу. Ұлттық 
зиялылардың қалыптасу  жолы  бірдей  болған  жоқ,  күрделі  және  ұзаққа 
созылған  үрдіске  тоқталу. 
Оның  барысын  отаршылдық  режим  жағдайлары, 
патша  өкіметінің  бағындырылған  халық  жөніндегі  кемсітушілік  саясатын 
пайда болуына тоқтала отырып тақырыпты ашу.
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 12- апта, 
4балл 
 
Тақырып 13  ХХ ғ. Қазақстандағы мәдени құрылысы  
Мақсаты:Қазақстандағы  мәдени  құрылысқа  тоқтала  отырып  білім 
дағдыларын қалыптастыру. 
Тапсырма:
 
«ХХ  ғ.  Қазақстандағы  мәдени  құрылыс»  тақырыбы  бойынша 
конспект жасау. 
Әдістемелік  нұсқау: 
XX  ғасырдың  бас  кезі қазақ  әдебиеті тарихындағы 
ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа 
стильдік  формалардың  пайда  болуы,   XX  ғасырдың  бас  кезіндегі қазақ 
әдебиетінің көрнекті  тулғаларының  бірі Султанмахмут  Торайгыров еді. . 
Қазақ 
әдебиетінде  
көрнекті 
 қазақ 
ақыны, журналист, қоғамдық 
қайраткер Мұхаметжан  Сералин.  XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  аса  танымал 
әрі көрнекті 
әдебиет қайраткерлерінің 
бірі 
ақын, 
түркітанушы-
ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам 
қайраткері -Ахмет 
Байтұрсынов,Мемлекет және қоғам  қайраткері Әлихан  Бөкейханов қазақ 
халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды.   XX ғасырдың бас 
кезіндегі қазақ  әдебиетіндегі ірі  тұлғалардың  бірі  - Міржақып  Дулатов. 
Мағжан  Жүмабаевтың  шығармашылығы  қазақ  поэзиясында  ерекше  орын 
алады. Қазақ баспасөзінің қалыптасуына тоқтала отырып тақырыпты ашу. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 13- апта, 
4балл 
 
Тақырып 14 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан  
Мақсаты:    Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстанның  әлеуметтік-
экономикалық жағдайы. 

Тапсырма:«Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан»  тақырыбы 
бойынша конспект жасау. 
Әдістемелік  нұсқау:
  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  қазақстандықтардың 
ерлігін,  үлкен  шайқастарға  қатысуын  мәлімдеу.  Қазақстандықтардың 
тылдағы 
ерліктеріне 
тоқталу, 
Мемлекеттін 
әскермен 
халықты 
ауылшаруашылығының  тауарларымен,  жаңармаймен    қамтамасыз  етудегі 
маңызы.  Фашистік  Германияның  КСРО-ға  шабуылы.  Соғыстың  басталуы, 
оны сипаты. Қазақстан аумағы фашистік Германияның жоспарларында. Брес 
қамалын  қорғаушылардың  ерліктері.  Қазақстандықтардың  Мәскеу  ме 
Ленинград  үшін  шайқастардағы  ерліктері.  Алғашқы  қазақстандық  батырлар 
Қазақстандыктардың  неміс  эскерлерін  Сталинград  түбінде  талқандаудағы: 
әскери ерліктері. Неміс фашист әскерлерін Курскі доғасында талкандау және 
оған  қазақстандықтардың  қатысуы.Қазақстандыктардың  Украинаны  және 
басқа да туысқан республикалардың  аумақтарын басқыншылардан босатуға 
қатысуы.Қазақстанның  адам  және  экономикалык  ресурстарын  жауға  соққы 
беруге  мобилизациялау.  Өлке  экономикасын  соғыс  жағдайына  бейімдеу. 
Кеңес  мемлекетінің  Қазақстандағы  соғыс  өнеркәсібін  дамыту  жөніндегі 
шаралары  Тылда  майданда  сияқты.  Республика  жұмысшылары  мен 
шаруаларының еңбектегі ерліктері. Әйелдер мен жастардың Қазақстан халық 
шаруашылығындағы 
рөлі. 
Уақытша 
оккупациялалған 
аумақтардың 
тұрғындарын  Қазақстанға  эвакуациялау.    Көшіріліген  кәсіпорындарды, 
халықты және мәден құндылыктарды қабылдау, орналастыру. Кеңес ғылымы 
мен  мәдениетінің  Қазақстанға  көшірілген  ғылым  және  мәдениет 
қайраткерлері және олардың республиканы дамытуға қосқан үлесі.Майданға 
бүкілхалыктық  көмек.  Қорғаныс  қорына  қаржы  жина.  Қазақстандықтардың 
танк 
колонналарын, 
авиация 
эскадрилияларын 
құруға 
қатысуы. 
Қазақстанның  азат  етілген  аудандардың  халық  шаруашылығын  қалпына 
келтіруге  көмектесуі.Қазақстандықтардың  оккупацияланған  аудандардағы 
партизандык  және  Еуропадағы  қарсыласу  қозғалыстарына  қатысуы. 
Қазақстандық  партизандардың  Украинаның,  Белоруссияның  және  РКФСР-
дің солтүстік батыс облыстарын басқыншылардан азат етуге қоскан үлесі. 
Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталу  сатысында  (1944-1945жж) 
Қазақстандықтардың  Орталық  және  Оңтүстік  шығыс  Еуропа  халықтарын 
фашистік  басқыншылардан  азат  ету  шайқастарына  және  Берлинге  шабуыл 
жасауға қатысуына тоқтала отырып тақырыпты ашу. 
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 14- апта, 
4балл 
 
Тақырып 15 Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партиялар
  

Мақсаты:  Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партияларлары туралы білім 
дағдыларын қалыптастыру.
  
Тапсырма:  «Қазіргі  кездегі  Қазақстандағы  саяси  партиялар»  тақырыбы 
бойынша конспект жасау 
Әдістемелік  нұсқау:
  Қазақстан  Республикасының  қоғамдық-саяси  өмірін 
демократияландыру  және  модернизациялау.  Қазақтардың  дүниежүзілік 
тұңғыш  құрылтайы  және  қазақтардың  этникалық  отанына  оралуының 
басталуы.  Азаматтық  қоғамның  дамуы  және  оның  саяси,  қоғамдык 
институттары.  Қазақстан  халықтарының    форумы  (1992ж).  ҚР  қоғамдық 
қозғалыстар  және  саяси  партиялар.  Қазақстанның  саяси    партиялары  және 
саяси жүйелер. «Нұр Отан» ХДП жетекші әлеуметтік-саяси  партия ретінде- 
«Отан»,  «Асар»,  «Азаматтық»,  «Аграрлық»,  «Ауыл»,  «Патриоттар», 
«Әділет»,  «Руханият»,  «Ақ  жол»,  Нағыз  Ақ  жол»,  «Коммунистік», 
Коммунистік  халықтық  партиялары,  «Алға»  партиясы  тіркелу  үдерісінен 
өтуде.  Қазақстан  Республикасының  саяси  партиялар  туралы  заң  және  оның 
 
маңызын аша отырып тапсырманы орындау. 
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 15- апта, 
4балл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ  инновациовациялық гуманитарлық-заң университеті 
 
 
 
 

 
«Қазақстан тарихы» пәнінен студенттердің
 
білімін бақылау жүйесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей 2015 ж. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет