Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

«Қырғиқабақ соғыс» — екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 
80  жылдарға  дейін  созылған  социалистік  және  капиталистік  жүйелер 
арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.  
78.
 
Либерализм – 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын 
мақұлдап,  мемлекеттің  экономикаға  араласуын  шектеуге  тырысатын 
ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын 
либералдық партиялар. 
79.
 
Лобби – белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал 
ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың 
бір  түріне  жатады.  Саяси,  қоғам  қайраткерлерімен  жақсы  қатынастар 
орнатып,  солар  арқылы  үкіметтің  табысты  тапсырмаларын  алуға,  заң 
жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады. 
Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады  
80.
 
Мaжoритарлық жүйе – сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша 
көпшілік дауыс алу.  
81.
 
Манифестация  –  бір  іске,  оқиғаға,  билеушілердің  саясатына 
тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.  
82.
 
Марксизм  —  өзара  байланысты  философия,  саяси  экономия,  ғылыми 
коммунизмнен  тұратын  ілім.  Ол  социалистік  революция  нәтижесінде 
пролетариат 
диктатурасын, 
екі 
кезеңнен 
(социализм 
мен 
коммунизмнен) тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті. 
83.
 
Мәміле  –  дау-жанжалға  қатысушы  жақтардың  өзара  кешірімділік 
білдіріп, ымыраға келуі. 
84.
 
Мемлекет  –  белгілі  бір  аумақ  шеңберінде  адамдардың,  әлеуметтік 
топтар,  таптар  мен  бірлестіктердің  қатынастары  мен  қызметтерін 
ұйымдастыратын,  бақылайтын  қоғамның  саяси  жүйесінің  негізгі 
элементі. 
85.
 
Мемлекеттік  билік  –  барлық  адамдарға  міндетті  заңдарды  шығаруға 
жеке-дара  құқығы  бар,  заңдар  мен  ұйымдарды  сақтау  үшін  ерекше 
күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі. 
86.
 
Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы; 
87.
 
2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, 
билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі. 
88.
 
Меритократия – ерекше қабілетті, құзыретті, таланаттылардың билігі. 
89.
 
Милитаризм  –  жаппай  қарулану,  соғысқа  әзірлену,  ішкі  және  сыртқы 
мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат. 
90.
 
Модернизация  –  қазіргі,  жаңа  жағдайға  байланысты  жаңару,  өзгеру, 
икемделу.  Саясатта  саяси  жүйенің,  әдіс-тәсілдердің,  бағдарлама, 
тұжырымдамалардың өзгеруі. 
91.
 
Монархия  –  мемлекеттің  жоғарғы  өкімет  билігі  жеке-дара  бір 
билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. 
Оны  хан,  патша,  император,  король,  сұлтан,  шах  және  т.б.  деп  атауы 
мүмкін. 
Монархия 
өз 
кезегінде 
абсолюттік 
(шексіз) 
және 

конституциялық болып екіге бөлінеді. 
92.
 
Муниципалитет  –  1)  кейбір  елдерде  өзін-өзі  басқаратын  аумақтық 
қоғамдастық,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органы.  Оның  өз  меншігі,  заң 
шығаратын,  салық  салатын  және  т.б.  құқықтары  бар;  2)  кей  елдерде 
кездесетін  төменгі  әкімшілік-аумақтық  бөлік;  3)  муниципалитеттің 
орналасқан үйі.  
93.
 
Нәсіл  –  шығу  тегіне  және  әр  түрлі  тұқым  қуалайтын  ерекшеліктеріне 
(дене  құрылысы,  терісіне,  көзінің  түсіне  және  т.с.с.)  байланысты 
бірлескен адамдар тобы. 
94.
 
Нигилизм  –  жалпы  қабылданған  заңдық  ережелер,  қоғамдық  саяси 
өмірдің  тәртіптерін  және  т.с.с.  жоққа  шығару.  Саясатта  оны 
жақтаушылар  қалыптасқан  саяси  қазыналарға,  партиялар  мен  саяси 
қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды  
95.
 
Объект  –  субъектінің  танымдық  және  басқа  іс-әрекеті  бағытталған 
зат.Саясаттанудың обьектісіне саясат әлемі жатады. 
96.
 
Оккупация-бір елдің мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы. 
97.
 
Олигархия-саяси  және  экономикалық  билік  азғантай  топтың  қолында 
түрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі. 
98.
 
Оппозиция  -  1)бір  саясатқа  ,саяси  іс-әрекетке  ,қайраткерге  қарсылық 
ету  ,кедергі  жасау.2)партияның  не  оның  бір  бөлігінің  билік  етуші 
элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы
99.
 
Охлократия  –  қоғамдық  өмір  жағдайына  қанағаттанбай  мемлекеттік 
мекемелерді  басып  алып  ,  ойран  салған  ,демократияны  теріс  түсінген 
тобыр билігі  
100.
 
Өркениеттілік-1)қоғамның  ,  адамзаттың  материалдық  және 
рухани  даму  деңгейі;  2)мәдениеттің  синонимі;  3)  Л.Морган, 
Ф.Энгельстердің  көрсетуінше,  қоғам  дамуында  варварлықтан  кейінгі 
сатысы.  
101.
 
Парадигма-  жасалатын  өзгерістердің  нәтижесінде  туатын 
болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі ,бейнесі. 
102.
 
Парламент-жоғары  сайланбалы  өкілдік  және  заң  шығаратын 
орган. 
103.
 
Парламенттік  республика-  конституция  бойынша  жоғарғы 
билік  иесі  парламент  болып  саналатын  мемлекеттік  құрылыстың  түрін 
айтады.Мұнда  үкіметті  парламент  қалыптастырады,сондықтан  оған 
тәулді 
болады.Парламент 
бюджетті 
бекітеді,салықты 
белгілейді,соттарды 
құрады,халықаралық 
келісім-шарттарды 
қабылдайды,соғыс  аша  алады,әскерлерді  қамтамасыз  етеді  және 
т.с.с.айналысады.Көптеген  елдің  парламенті  екі(жоғарғы  және 
төменгі)палатадан тұрады. 
104.
 
Пацифизм-соғыстың 
қандай 
түріне 
болмасын(мақсатына,сипатына  қарамастан)қарсы  тұрып  ,бейбітшілікті 
жақтайтын ағым,қозғалыс. 
105.
 
Плебисцит-ерекше  маңызды  мәселе  туралы  барлық  халықтың 
пікірін сұрау,анықтау. 

106.
 
Плутократия-1)мемлекеттік 
билік 
байларға(плутократтарға 
)бағынышты  болған  саяси  құрылыс;2)байлардың  билігі  ,ақшаның 
үстемдігі. 
107.
 
Полис  –ежелгі  грек  елінде  қоғам  мен  мемлекеттің  саяси-
экономикалық ұйымы, қала-мемлекет. 
108.
 
Популизм –саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси 
қызмет 
атқару 
тәсілі.Олар 
мынадай 
ерекшеліктермен 
сипатталады:көпшіліктің  тап  қазіргі  қарапайым  талаптарын  желеу 
етіп,құптау;өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының 
сыншылдық 
сезімге 
берілген 
жағдайын 
пайдалану;көпшілікке 
жалпақтап,жағымпаздану,тобыр 
тіліндегі 
сөздерді,тіркестерді 
қолдану,асыра  уәде  беру,халықтың  сауаты  аз  бөлігіне  шағыну  және 
т.с.с. 
109.
 
Прагматизм –алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған 
бағыт.Көбіне  адамгершілік  қағидаларымен  санаспай,нақтылы  нәтижеге 
жетуге тырысады. 
110.
 
Президент  –1)республикалық  басқару  орын  алған  елдердегі 
белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы;2)сайлап қойылатын 
басшы,қоғамдық,ғылыми мекемелердің ,корпорация,компания және т.б. 
төрағасы. 
111.
 
Президенттік  республика  –конституция  бойынша  жоғарғы 
билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. 
112.
 
Прогресс –алға қарай үдеп,дамуды білдіретін бағыт. 
113.
 
Протекрат  –мемлекеттің  әлсіз  мемлекетті  формальды  түрде 
қамқорлыққа  алуы.Көбіне  мұндай  жағдай  әлсізді  толық  жаулап,жерін 
қосып алудың амалы болып шығады.Мысалы,ХХ-ғасырдың бас кезінде 
Жапония  Кореяны  алдымен  протекторат  етті,кейін  оны  өзіне  қосып 
алды.  
114.
 
Радикализм 
- 
партияның,қозғалыстың 
,фракцияның,жеке 
басшының  және  т.с.с.  қоғамда  қалыптасқан  жағдайды  өзгерту 
мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті,қимылы. 
115.
 
Реакция  –  1)белгілі  бір  әрекетке  жауап  ретіндегі  іс-
қимыл;2)қоғамдық  прогреске  қарсы  бағытталған,күні  өткен  тәртіпті 
орнатқысы  келетін  саясат.Ол,әдетте,  жаппай  зорлық-зомбылық  ,  күш 
жұмсаудың,экономикалық  ,  саяси  езгінің  күшеюіне,еркін  ой-пікірді 
қудалауда көрініс береді. 
116.
 
Революция  –  қоғамның  барлық  әлеуметтік-экономикалық  саяси 
құрылымындағы  түбегейлі  сапалы  төңкеріліс.Оның  біртіндеп,ақырын 
дамитын  эволюциядан  және  ішінара  өзгерістір  жасайтын  реформадан 
айырмасы зор.ол көпшілік күштерді қозғалысқа келтіріп,революциялық 
ситуацияны  тудыратын  объективтік  өзгерістер  нәтижесінде  пайда 
болады.Оның  қозғаушы  күшіне  үстемдік  етіп  отырған  қоғамдық 
құрылысты  құлатып,одан  жоғары  прогресті  құрылысты  орнатқысы 
келген  таптар,әлеуметтік  топтар  жатады.Революция  қоғамның  дамуын 
орасан зор жеделдетеді. 

117.
 
Репрессия –мемлекеттәк құрылымдардың жазалау шарасы,қуғын 
–сүргінге ұшырату. 
118.
 
Республика  –  мемлекеттік  биліктің  барлық  жоғары  органдары 
белгілі  бір  уақытқа  сайланатын  немесе  өкілдік  мекемелер  (парламент) 
арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. 
119.
 
Референдум – маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы 
мәселені  түпкілікті  шешу  мақсатында  сайлаушылардың  көңілін 
білдіруі. 
120.
 
Реформа  –  Қоғамдық  құрылысты  және  оның  институттарын 
жетілдіру  үшін  билік  жүйесіне,саяси  қызметтердің  түрлі  жақтарына 
өзгерістер  енгізу.Ол  қоғамның  саяси  жүйесін  түгел  немесе  оның  бір  я 
бірнеше саласын қамтуы мүмкін. 
121.
 
-С- 
122.
 
Сайлау жүйесі- белгілі бір билік түрін,мемлекеттік өкілеттік,заң 
шығаратын,атқару,сот 
орындарын 
қалыптастыруға 
қатысуды 
қамтамасыз  ететін  ережелер  мен  әдістердің  жиынтығы.Сайлау  жүйесі 
мажоритарлық,пропорционалдық,азшылықтың  өкілдігі  болып  үшке 
бөлінеді. 
123.
 
Сайлау  құқығы  –  мемлекеттің  өкілеттік  органдарына 
азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. 
124.
 
Сайлаушы –сайлауда ,референдумда және т.с.с. бір үміткер ұшін 
немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам. 
125.
 
Саммит  –  сыртқы  саяси  келісімдер  жүргізіп,шешімдерге  келу 
үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі. 
126.
 
Саясат-алғашында  мемлекеттік  және  қоғамдық  істер  немесе 
мемлекеттік  басқару  шеберлігі  деген  мағынаны  білдіреді.Кейін  келе 
оның  мағынасы  кеңейді  және  мынаны  білдіреді:1)өз  мүдделерін  іске 
асыруға,қорғауға  бағытталған  және  саяси  билікті  басып  алуға,қолында 
ұстауға,оны 
пайдалануға 
тырысушылықпен 
байланысты 
мемлекеттер,топтар,ұлттар,үлкен  әлеуметтік  топтардың  арасындағы 
қатынастар  саласындағы  азаматтар  мен  жеке  адамдар  билігінің 
мекеме,бірлестіктердің  қызметі;2)мемлекеттің  істеріне  қатынасу,оның 
қызметінің  түрін,мақсат,мазмұнын  анықтау;3)адамзат  қоғамының  даму 
тарихында  бұл  ұғым  көбінесе  шебер  жасырылған  басшылар  мен  оның 
сыбайластарының  ниеттерін,мақсаттарын  және  амал-әрекеттерінің 
түрлерін білдіреді;4)әдеттегі тілде – адамдардың өзара қатынастарында 
белгілі  бір  мақсатқа  жетуге  бағытталған  іс  әрекеттің  сипаты 
;5)мемлекеттік  және  қоғамдық  өмірдің  күнделікті  мәселелер  немесе 
оқиғалар жиынтығы. 
127.
 
Саясат-ғылым-біріншіден,  саясат  қоғамдық-саяси  өмірдің 
маңызды  бір  саласы  жөнінде  білім  көзі  болып  ,  ол  туралы  жан-жақты 
ғылыми мағлұмат береді,екіншіден,нағыз адамгершілік саясат қоғамдық 
даму  заңдылықтарына  сай  пайда  болады,оларды  ашып  ,іске  асырғанда 
басшылыққа  алады,  ғылымға  негізделеді,  саяси  жұмыс  жемісті  болу 
үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет 

128.
 
Саясат  субъектілері  –Іс-әрекет  жасаушы  жеке  адам  немесе 
әлеуметтік  топ.Саясаттың  субъектісі  дегенде  өз  мүдделеріне 
байланысты  саяси  өмірге белсене  араласып, басқалардың  санасына, іс-
әрекетіне,жағдайына ықпал ететін,саяси қатынастарға белгілі өзгерістер 
енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. 
129.
 
Саясаттану-  саясат  туралы,  саясаттың  адам  және  қоғам 
арасындағы  қарым-қатынасы  туралы  ғылым.Саясаттанудың  зеттеу 
объектісіне  қоғам  өмірінің  барлық  салалары  жатады.Ол  саясат  туралы 
жалпы, құрама, жинақталған білім береді. 
130.
 
Саяси  әлеуметтену-  қоғамдық  процестер  нәтижесінде  жеке 
адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік- саяси қалыптасуы. 
131.
 
Саяси  бостандықтар-мемлекет  конституциясы  кепілдік  беріп, 
заң  бойынша  қамтамасыз  етілетін  азаматтардың,  демократиялық  түрде 
еркін саяси процестерге қатысу құқықтары.Оларға сайлау және сайлану 
құқығы,  сөз,  ақпарат  алу  бостандығы,еркін  ,  тең,  жүйелі  өткізілетін 
сайлау  құқығы,  саяси  ұйымдар  құру,  азаматтардың  өз  мақсат-те 
мқдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады. 
132.
 
Саяси 
жүйе-билікті 
жүргізуші 
әлеуметтік 
топтар, 
таптар,ұйымдар  мен  мемлекеттер  арасындағы  өзара  қатынастарды 
реттейтін,  қоғамда  тұрақтылық  пен  тәртіпті  қамтамасыз  ететін 
ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы 
133.
 
Саяси 
институттар-құрылысы 
жағынан 
ұйымдасқан,бір 
орталыққа  бағынатын,  ерекше  өкілдіктерге  ие,атқарушы  аппараты  бар 
саяси  мекеме  .Мысалы,  оған  мемлекет  ,саяси  партиялар  ,кәсіподақтар 
,кооперативтік  жастар,  әйелдер  және  т.с.с.ұйымдармен  бірлестіктер 
жатады 
134.
 
Саяси қазыналар-саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, 
көз  қарастар,ұғымдар.Мысалы,оларға  «еркіндік»,  «теңдік»,  «әділдік», 
«әлеуметтік  қорғанушылық»,  «төзімділік»және  т.с.с.құндылықтар 
жатады. 
135.
 
Саяси  мәдениет-өкіметпен  азаматтардың  өзара  қатынастарына 
байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар , қазыналар, адамның 
өзін -өзі ұстауы жөніндегі жарлық , қаулылар жүйесі. 
136.
 
Саяси  партия-мемлекеттік  билікті  қолға  алуға  немесе  билік 
жүргізуге  қатынасуға  бағытталған,  ортақ  мүдде  негізінде  құралған 
адамдардың ерікті одағы. 
137.
 
Саяси  процесс-1)қоғамның  саяси  жүйесінің  ,құбылыстарының 
уақыт  пен  кеңістікте  даму  барысы,өзгеруі;2)түпкілікті  нақты  нәтижеге 
жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. 
138.
 
Саяси  психология-саясатқа  да  ,психологияға  да  қатысы 
бар,екеуінің арасынан шыққан ғылым.Батыс елдерінде кең дамыған. 
139.
 
Саяси  сана-адамдардың  саяси  өмірді  өмірді  түсініп,сезінуі.оған 
ең  алдымен  қоғамдағы  саяси  идеяларды,көзқарастарды,мақсат  –
мүдделерді ұғынуы,саяси билікке қатынасуы жатады. 
140.
 
Саяси  серке-партияның,саяси  ұйымның  немесе  қозғалыстың 

басшысы.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін 
толық  сезініп  ,қорғай  білетін,бойына  саяси  қайраткерлерге  лайықты 
қасиеттерді 
жия 
білген 
адам 
жатады.ол 
білімділігімен 
,көрегендік,шешендік,саяси мәдениеттілік және т.б. қасиеттерімен көзге 
түседі.Саяси серкелерді авторитарлық және демократиялық,формальды 
және формальсыз және т.б. етіп жіктейді. 
141.
 
Саяси 
стратегия 
мен 
тактика-
партияның,мемлекеттің,қоғамдық-саяси  ұйым,қозғалыстардың  саяси 
өмір,процесте,күресте  басшылыққа  алатын  іс-әрекеті.Стратегия  деп 
партия 
қызметінің 
ірі 
тарихи 
кезеңдегі 
жалпы 
бағытын 
айтады.Тактикаға  стратегиялық  мақсатты  жүзеге  асыру  жолында 
нақтылы  жағдайдағы  партияның  іс-әрекеті,оның  таяудағы  мүддесін 
орындаудың  әдіс  –тәсілдері  кіреді.Саяси  жағдайларға  байланысты 
тактика жиі өзгеріп отырады. 
142.
 
Саяси 
тәртіп-саяси 
билікті 
жүйеге 
асырудың,қоғамды 
басқарудың  әдіс-тәсілдер  жиынтығы.Оған  демокраиялық  құқық  пен 
еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. 
143.
 
Саяси  тұрақтылық-әр  түрлі  ішкі  және  сыртқы  өзгерістер 
жағдайында  саяси  жүйенің  өз  құрылымын  сақтап,тиімді  өмір  сүруге 
мүмкіндік беретін тұрақтылығы. 
144.
 
Саяси  утопия-ғылыми  зерттеуге  емес  ,қиялға  негізделген,іске 
аспайтын идеялар мен теориялар. 
145.
 
Саяси  ұйым-алдына  қойған  ортақ  саяси  мақсатқа  жету  үшін 
өзіндік  құрылымы  бар,қызметтері  айқындалған  және  жүйеленген 
адамдардың бірлестігі. 
146.
 
Сегрегация-халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілік. 
147.
 
Сепаратизм-бөлектену,оңашалануға  тырысушылық.Көп  ұлтты 
мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп 
шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы. 
148.
 
Соғыс-мемлекеттер,халықтар,ұлттар,топтар,ұйымдар,діндер 
және т.б. арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес. 
149.
 
Сот  билігі-құқықтар  мен  заңдар  ережелеріне  сүйеніп 
әділеттілікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның билігі. 
150.
 
Социал–демократия-қоғам  дамуында  әлеуметтік  салаларға 
басымдық  беретін  идеялық  саяси  ағым.Мұндай  партиялар  ХІХ 
ғасырдың аяғы мен ХХғасырдың басында жұмысшы табының партиясы 
ретінде  пайда  болды.Олардың  мақсаты-барлық  еңбекшілерге  жақсы 
өмірді,еркіндікті,әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету.Қоғам дамуында 
және  социалистік  құрылысты  орнату  жолында  революциялық  әдіске 
сүйенбей,эволюциялық  жолды  дұрыс  деп  санайды.Саяси  плюрализм 
мен аралас экономиканы қолдайды. 
151.
 
Социал–демократиялық 
партиялар-қазіргі 
капиталистік 
қоғамда  еңбекші  халықтың  мүддесіне  сай  ұдайы  реформалап,өзгертіп 
отыруға 
тырысқан 
партиялар.Олардың 
басты 
құндылықтары:бостандық,әділеттілік,ынтымақтастық,теңдік. 

152.
 
Социум  —  адамдардың  өмір  сүру  жағдайы  және  мәдениеттің 
бірлігіне  байланысты  құрылған  әлеуметтік  қауымдастық.Оныңең 
жоғарғы  түріне  әлеуметтік  жүйе  ретінде  тұтас  қарастырылған  қоғам 
жатады. 
Одан 
басқа 
оған 
отбасы,туыстық,рулық,әлеуметтік-
топтық,ұлттық,аумақтық қауымдастықтар кіреді. 
153.
 
Статус  —  белгілі  бір  кезде  болған  немесе  қазір  өмір  сүріп 
отырған жағдайды сақтау. 
154.
 
Страта  —  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдайына  байланысты 
адамдардың  әр  түрлі  топтарға  бөлінуі.  Оларды  жіктегенде  мынадай 
белгілерді  басшылыққа  алады:меншікке  ие  болудың  сипаты,  табыстың 
мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б. 
155.
 
Субмәдениет  —  Қоғамда  үстемдік  ететін  мәдени  бағыттан 
айтарлықтай  ерекшеленетін  саяси  бағдар.  Ол  қоғамдық  топтардың 
экономикалық,  әлеуметтік  жағдайларына,  этникалық,  діни,  нәсілдік, 
білімдік,  жыныстық,  жас  ерекшеліктеріне  және  т.с.с.  белгілеріне 
байланысты болады. 
156.
 
Субъективтік  —  табиғат  пен  қоғамның  объективтік  даму 
заңдылықтарын  теріске  шығаруға  тырысатын  көзқарас.  Оны 
жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъекттердің 
ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды. 
157.
 
Сыртқы  саясат-мемлекеттің  дүниежүзілік  дәрежеде  жүргізген 
саясаты.  
158.
 
Теократия  —  діни  билік  те,  азаматтар  билігі  де  бір  адамның 
қолында болатын мемлекеттік басқарудың түрі. 
159.
 
Терроризм  —  саяси  себептермен  жеке  адамдарды,көпшілікті 
қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет. 
160.
 
Технократия 
— 
1)инженерлерге,менеджерлерге,техника 
ғылымдарына  иек  артатын  саяси  тәртіп;  2)басқарушы  элитаға  кіретін 
техникалық  мамандардың  жоғарғы  жігі  және  соларды  дәріптейтін 
тұғырнама.Технократиялық  теорияларды  жақтаушылар  техникаға, 
технологияның рөліне шексіз басымдық береді. 
161.
 
Тиран  -1)  Ежелгі  Грецияда,  Ежелгі  Италияда  өкіметті  күшпен 
басып  алған  адам;  2)  жендет,  рақымсыз,  қатал,  мейірімсіз  билеуші; 
3)қысымшы, езуші адам. 
162.
 
Толеранттық  –  басқалардың  пікіріне,  сеніміне,  тәртібіне 
шыдамдылық  көрсету,  саясатта  алуан  пікірлікті,  оппозицияның  кең 
мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне 
түсіністікпен қарауды білдіреді. 
163.
 
Тоталитаризм  -  әрбір  азаматтың,қоғам  өмірінің  барлық  саласы 
мемлекет  тарапынан  толық  бақылауға  алынған  мемлекеттік-саяси 
құрылыстың  түрі.  Онда  бір  партия  ,бір  идеология  үстемдік  етеді. 
Мұндай 
тәртіпте 
өндіріс,экономика,бұқаралық 
ақпарат 
құралдары,білім,мәдениет,адамдардың  жеке  өмірі  және  т.б.тегіс 
бақыланады. 
Азаматтардың,конституциялық 
ұйымдардың 
жұмыстарына 
тыйым 
салынады, 
жазалау,қуғын-сүргін 

күшейеді,террорлық-полициялық бақылау орнайды. 
164.
 
Тоталитарлық 
партиялар 

саяси 
жүйенің 
басқа 
элементтерін(құрамдас 
бөліктерін)өзіне 
бағындыруға 
тырысқан 
партиялар.Олар 
идеологияланған,қатаң 
тәртіпке 
негізделген 
бірпартиялық жүйе құруға тырысады. 
165.
 
Тұжырымдама 
— 
1)белгілі 
бір 
мәселеге,құбылысқа 
көзқарастардың жүйесі;2)ғылыми еңбек,шығарманың және т.с.с. негізгі 
қағидалары.Саясат 
әлемінде 
ол 
саяси 
партиялардың 
бағдарламаларында,жарғыларында,ресми  құжаттарында  және  т.б. 
көрініс береді. 
166.
 
Тұлға  -  қоғамдық  өмірдің  нақтылы  тарихи  жағдайы 
қалыптастырған,саналы  іс-әрекет  ете  алатын,өзінің  жүріс-тұрысына 
жауап  беретін,еңбек  етіп,қарым-қатынас  жасаушы,айналадағыны 
танып-білуші жеке адам.  
167.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет