Оқу бағдарламалары, оқулықтар, оларға қойылатын талаптар.
Оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуы.
ШКМ білім беруді ақпараттандыру.
Сабақ түрлері мен құрылымы.
Оқушыларға үй тапсырмасын орындаудағы нұсқаулар мен талаптар.
Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастыру əдістері.
Сабақтағы қарым-қатынас стилі мен оқытушының сөйлеу мəнері.
Оқушылардың оқу-танымдық əрекетін дамыту.
Сабақ жоспарлары жəне сабақты талдау.
Мұғалім, сынып жетекшісі.
Педагогикалық шеберлік.
Өзіндік жұмыстарда оқулықтарды қолдану əдістері.
Батыс Қазақстандағы шағын комплектілі мектептер.
Мектеп пен отбасының оқу-тəрбие процесіндегі жұмысы.
Дəстүрлі емес сабақтар.
Мектептегі педагогикалық кеңес.
Мектеп жұмысын жоспарлау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – ЖАЗБАША ЕМТИХАН Емтиханды бағалау критерийлері :
А (95-100)- Жазылған сұрақ жауабы бойынша тақырып жайында терең жəне толық білімін көрсету; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың мəнін толық түсінуі. Оқылған материал негізінде дұрыс жəне толық жауап құрастыра білу; басты ережелерді белгілей білу, мысал жəне дəлелдер келтіріп жазу; дəлелді сараптама жасап, дəлелді тұжырымдай білу. Бұрынғы білімдері негізінде пəнаралық жəне ішкі пəндік байланыстарды жасай білу.
А-(90-94)-Сұрақтың қойылуында мəселенің нақты анықталуы. Бағдарламаның талаптарына сəйкес жауаптың толық жəне жауап мазмұнының тізбекті берілуі. Тұжырымдар ғылыми дəлелденген жəне мазмұнды, нақты дəлелді материалға сүйенген.
В+ (85-89)- Тақырып бойынша негізгі бағдарламалық материалды білу. Толық жəне дұрыс жауап; оқылған материал бойынша түсінік беруде, ғылыми терминдерді немесе тұжырымдама жасауда дəлсіздіктер, кішігірім қателіктер, материалдың қисынды жəне тізбекті түрде берілуі. Бірақ 1 қате немесе екіден аспайтын кемшілік жіберіледі, студент оларды өзі немесе оқытушының көмегімен түзете алады; негізінде оқу материалын меңгерді; жауабын нақты мысалдарымен дəлелдеді.
В (80-84) -Оқылған материалда негізгі ережелерді белгілей білу; дəлелдемелер мен мысалдар негізінде тұжырымдама жасап, ішкіпəндік байланыс жасай білу. Білімін практикада қолдана білу, ғылыми терминдерді пайдалану. Анықтамалық əдебиетпен, оқулықпен, түпдерекпен толықжұмыс істей алмау (дұрыс қолдану бірақ баяу жұмыс істеу). Баяндауында кішігірім қателер жіберу.
В- (75-79) - Кейбір манызды деректердің жіберілуі, бірақ тұжырымдары дұрыс; деректердің салыстырылмауы жəне бөлімнің мəселеге қатыспауы; негізгі мəселе анықталып, бірақ терең түсінілмеуі; барлық сұрақтардың сəтті болмауы; барлық қайшылықтардың ажыратылмауы.
С+ (70-74)-Жауапта тақырыптан елеулі ауытқулардың жіберілуі. Сұрақта көзделген мəселенің сараптамасы үзінді, толық болмауы.
С (65-69) - Студент тек қана бір бөліктерде оқылған ережелердің жалпы мəселелермен байланысын көрсетті; негізгі ұғымдарды біліп берілген сұраққа жауап беруде пайдалана білуі.
С- (60-64) -Себептік байланыстардың бірен-саран бұзушылықтары; кішігірім қисынды дəлсіздіктер, барлық негізгі деректерде қателердің болуы; детальдар келтіріліп, бірақ сарапталмауы; деректер əрқашан пікірлерден бөлінбейді, бірақ студент олардың арасындағы айырмашылығын түсінеді.
D+(55-59)-Негізгі деректердің көпшілігінің болмауы, тұжырымдамалардың жасалмауы; қарастырылып жатқан мəселенің деректерінің сəйкес болмауы, олардың қарастырылмауы; негізгі мəселені (қателікті де) анықтай алмауы. Көп қателердің болуы. Студенттің
жауабында сарапталып жатқан мəселенің фундаменталды жəне негізгі мəселелер байланысын түсінбеуі.
D (50-54)-Қойылған сұрақтар бойынша бағдарламалық материалдың негізгі бөлімін түсінбеуі. Студенттің жауабында болған қателерін қосымша сұрақтар қойылуы арқылы да түзете алмауы.
F(0-49) - Материалдың негізгі мазмұны ашылмай, игерілмеуі; тұжырымдамалар мен қорытындының болмауы. Жауап беру барысында оқылып жатқан бағдарламаның тақырыбынан ауытқу. Жауап беруден бас тарту.