Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет2/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)

Оқу жоспарынан көшірме:





Курс

Семестр

Кредит саны

Дəріст ер

Практи калық
сабақ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақыла у
түрі

3

5, 6

2

15

15

30

30

90

емти
хан


  1. ПƏН ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТТЕР

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасып, дамуына орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман – бүгінгі студент педагогика теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы технологиялардың түрлерін біліп, оларды барлық мектептердің оқу-тəрбие үрдісінде шығармашылықпен қолдануға тырысуы тиіс.


Қазіргі заманғы озық технологияларды шағын комплектілі мектеп тəжірибесінде де тиімді қолдана алу , ең алдымен оларды терең, жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. Сондықтан да аталмыш курс кредиттік жүйе бойынша білім беретін мамандықтың оқу жоспарына ендірілген.
Шағын жинақты мектептерде оқу-тəрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дəрежесіне көтеру сияқты мəселелерді бірқатар ғалымдарымыз бен əдіскерлеріміздің еңбектерінде қарастырылған: бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен əдіс-тəсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі»,
«Математика», «Айналамен таныстыру» пəндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Əуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пəндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дəлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мəселелері (З.Əділғазинов) қарастырылады.
ШКМ оқыту əдістемесі пəнін оқытуда студенттердің білім, іскерлік, дағдысын қалыптастырып, оқытудағы тұлғалық бағдарлы жəне жекелеп оқыту тұрғыларының мəні жайында түсінік беру, қазіргі педагогикалық жаңа технологиялармен таныстыру жəне жаңа типті білім беру жүйесін құрудың басты тұрғыларының мəнін ашуды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет