Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет31/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)

Дəріс № 6 .


Тақырыбы: ШЖМ оқу-əдістемелік жəне материалды-техникалық базамен қамтылу жағдайы.
Мақсаты: ШЖМ оқу-əдістемелік жəне материалды-техникалық базамен қамтылу жағдай туралы білімдерін қалыптастыру
Тірек ұғымдар: оқу-əдістемелік, материалды-техникалық қамтылу,

Дəрістің мазмұны:


    1. ШЖМ оқу-əдістемелік қамтылуы .

    2. ШЖМ материалды-техникалық қамтылуы.

Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас əдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, əдістері, принциптері сияқты).


Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тəрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші жəне ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тірек көздері, бұл əр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады. Оқыту құралдарын табиғаты əр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал əрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мəліметтер береді.Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай- материалдық (иллюстрациялық) жəне идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай- математикалық (тура жəне тура емес үйлесімділік) жəне кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық жəне логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия
моделі) болады.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, əдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.
Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың əрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-əрекетін қамтамасыз етеді жəне ересек адамның оқытуды негізінен сөз көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға əсер ететін құралдар, дидактикалық материалдар мен ойындар ерекшеленеді, олар білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың практикалық əрекетін ескере отырып құрылады. Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тəжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен жəне оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс- тəжірибелері аудандық, облыстық, республикалық жəне сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тəжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мəскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс- тəжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті жəне таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана
алады.
А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сəйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық əрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.


Бағдарлама оқулық Дидактикалық материалдар Оқыту əдістемесі Дидактикалық ойындар


Суреттер Карточкалар Кестелер Перфокарталар Сызбалар Санау материалдары


Графопроектор Үнтаспа Кинопроектор Лингофондық құрылыс Бейнефильмдер Компьютер Микрокалькулятор

Оқу-əдістемелік құралдарға оқу-əдістемелік топтама (ОƏТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:



  1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);

  2. Оқулықтар (1-4 сыныптар);

  3. Қазақ тілін оқыту əдістемесі (2-4 сыныптар)

  4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);

  5. Математиканы оқыту əдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);

  6. №1 жəне №2 - математика дəптерлері (1сынып);

  7. Математикадан дидактикалық ойындар жəне қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)

  8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сəйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.
1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сəйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, əр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пəндерін оқытып-үйрету мəселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.
Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған əдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.
Сынып-кабинетті əдістемелік жабдықтауға да баса назар аудар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет