Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:
баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мəселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.
күнделікті өмірге жəне тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;
құрастыру жəне бұйым жасау жұмыстарында математикалық дəлдіктің жəне симметрияның пайдаланылуы.
Математика мен саздың арасындағы байланыс:
сазды əуен мен ырғақта матеметикалық дəлсіздіктің жəне сан мен үлестің пайдаланылуы;
нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;
саздық аспаптардың жасалуында жəне құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;
халықтық əн, күй, би, айтыс жəне терминдерді математика мазмұнына сіңіру;
Математика мен дене тəрбиесінің арасындағы байланыстар:
баланың кеңістікті болжауы жəне сəйкес түсінікті пайдалануы;
уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;
баланың қимыл қозғалысындағы реттік тəртіп пен дəлдік;
қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;
Дəріс № 8.
Тақырыбы: Күнтізбелік, апталық, тақырыптық жəне сабақ жоспарлары.
Мақсаты: Күнтізбелік, апталық, тақырыптық жəне сабақ жоспарларын жасау жолдарымен танысу.
Тірек ұғымдар: күнтізбелік жоспар, тақырыптық жоспар, сабақ жоспары.
Дəрістің мазмұны:
Күнтізбелік, апталық, тақырыптық жəне сабақ жоспарлары.
Сабақты жоспарлау əдісі .
Əр сабақта оқу барысын жоспарлау оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар жəне оқулықтарда көрсетілген пəн бойынша бағдарламалық материалдардың мазмұнымен анықталады.
Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, онымен толық сəйкестікте белгілі бір тақырып бойынша математиканың əр сабағының жоспары дайындалады.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін:
Сабақтың тақырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады:
білімділік міндеттері: жаңа білімді меңгеру, білік жəне дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту жəне тиянақтау.
дамытушылық міндеттері: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.
тəрбиелік міндеттері: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тəрбиелеу; математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру, пəнге сүйіспеншілікке тəрбиелеу; Отанына – Қазақстан Республикасына, туған жерге, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеу жəне сүюге тəрбиелеу; халқымыздың салтын, дəстүрін жəне мəдениетін құрметтеу; дəптермен жұмыс, практикалық жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тəрбиелеу; əдемілікті (əдемі көрнекілік, мұғалімнің сырт көрінісі) көре жəне сезіне білу; жолдастық өзара көмек, жəрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі (топтық, пармен жұмыс, жарыс); еңбек етуге, еңбексүйгіштікке, тəртіптілікке, еңбекті дəл ұйымдастыруға баулу; дербестікке, ұқыптылыққа, ден қоюшылыққа, шыдамдылыққа тəрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету жəне т.б.
практикалық мақсаттары: алынған теориялық білімді практикада, математика тақырыптары бойынша білімді келесі сыныптарда жəне басқа пəндерді оқуда қолдана алу; оқулықты, оқу құралдарын, кестелерді, өлшеу жəне сызба құралдары мен аспаптарын қолдана алуға үйрету; оқу жəне қосымша əдебиеттерден өз бетінше білім алу біліктеріне дағдыландыру.
Сабақтың құрылымын анықтау: əр кезеңге бөлінетін уақыт пен сабақтың барлық кезеңдері:
Алдыңғы жəне кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, əр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу. Мұндайда мұғалім:
оқу-əдістемелік топтаманы (ОƏТ);
сабақтың жоспарын шығармашылық тұрғыдан дайындауды жүзеге асыру үшін қосымша əдебиетті пайдалануы тиіс.
Сабақта оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен жұмыс формасын ойластыру. Ұйымдастырудың негізгі формаларына сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке-дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмысы жатады.
Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.
Қандай жұмыс формаларын біріктіруге болады, сабақтың тығыздығын (мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік жұмысты жəне барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады) көтеру үшін бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойластырылуы қажет.
Əсіресе өзіндік жұмысты өткізу жəне оны тексеру (өзара тексеру, өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру жəне т.б.) жұмысына ерекше назар аударылады.
Сабақтың əрбір кезеңдеріндегі жұмыстың əдістемесін анықтау. Алдымен оқушының білім, білік, дағдыны өз бетімен алуына, өзін көрсете білуіне, сондай-ақ оқыту мазмұнына сай субъективті қатынастарды жүзеге асыруға себепші болатын қазіргі заман оқыту əдістерін қолдануды; кіші жастағы оқушылардың зейіні 5-7 минут қана тұрақтанатындығын ескеріп, олардың жалығып кетпеуі үшін іс-əрекет түрлерін ауыстырып отыруды жоспарлау; жаңа материалды қарастыру əдістемесін ойластыру: оны түсіндіру, оқулықпен, дəптермен, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдармен жұмыс, сондай-ақ жаңа материалды алғашқы бекіту мақсатында практикалық жұмыс жүргізу; қандай жаттығулар ауызша, ал қандай жаттығулар жазбаша орындалуы қажеттігін шешу қажет.
Сабақтың көрнекілігін дайындау:
алдын-ала дайындау, қажет материалдар өз уақытында көрсетіліп, артық зат баланың назарын аудармас үшін уақытында алынуын қадағалап, оларды тиімді орналастыруды ойластыру;
тақтаға жазуды ойластыру: қандай жазулар алдын-ала жазылып, жабылады; қандай жазулар сабақ барысында жазыладыжəне оларға арнайы орын қалдыру, тақтадағы артық жазуды өшіру;
дидактикалық материалдарды қолдану əдістемесін дайындау жəне олардың сапасына назар аудару: əдемілігі, ұқыптылығы, көркемдігі, қолжетерлігі, əсерлілігі.
Жұмысты қорытындылау:
сабақтың əр кезеңінің соңында қандай қорытынды (мұғалім өзі қорытындылайды) жасауға болатынын ойластыру;
сабақтың соңында қорытынды жасау жəне жалпылау, мұғалімнің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылардың қорытынды жасауы: жаңа не білдік? Есептеудің қандай тəсілімен таныстық? Не үйрендік? Не қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтап қалдыңдар?
Сабақтың нəтижесін хабарлау:
қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын-ала ескеріледі;
мадақтау түрлерін: мақтау, ұялту, жүлде беру жəне т.б. анықтау.
Үй тапсырмасын ойластыру:
сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілетін материалдың күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты)?
тапсырма қандай мақсатпен беріледі?
балаларға қандай нұсқаулар (оны орындауға арналған) беру қажет: нені қайталау керек, кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.
Мұғалімнің тəжірибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары жасалады:
а) сабақ жоспары – мұғалімнің сұрақтары жəне тапсырмаларымен, оқушылардың шамамен беретін жауаптарымен жазылған толық жоспар.
б) ашық жоспар – оқушылардың жауаптарынсыз, əлдеқайда қысқа жоспар.
в) қысқаша жоспар, мұнда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптары жоспарланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |